Атырау, 28 қараша 10:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Гимназияға пара беріп түсу? Ондай жоқ»

3 285 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА мен таяуда ғана ІІД басшысы болып тағайындалған Аян ДҮЙСЕМБАЕВ есеп берді.

- 2015 және 2016 жылдары облыстық білім беру басқармасына мектеп мұқтаждығы үшін ақша жинау туралы шағымдар түскен жоқ, мұндай фактілер анықталмады, - деп хабарлады Н.Сайлауова.

Не айтуға болады? «Мектеп мұқтаждығы» мен «сынып қорына ерікті жарналар» деген түсініктер арасында өте нәзік шекара бар. Олардың бар екендігін, жарналар мөлшері – 3-тен 10 мың теңгеге дейін екенін бәрі де жақсы біледі.

Ал облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Сайлауоваға тосын сұрақ қойды:

- Менің ақпаратым бойынша, оқушы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияға ілігу үшін оның ата-анасы пара береді.

Сайлауова:

- Биыл бізге білім беру саласындағы жемқорлыққа қатысты тек бір ғана шағым түсті, бірақ факт расталмады.

Ноғаев дегенмен де облыстық әкімдік аппаратының басшысы Ернар БАСПАЕВҚА тексеру жүргізіп, облыстағы дарынды балаларға арналған оқу орындарының, оның ақпаратынша, 90-шы жылдардың аяғында және 2000 жылдардың басында алған мәртебелеріне сәйкестігін анықтауға тапсырма берді.

- Ал бүгін ше? Оқу мен тәртіп бойынша көрсеткіштер қандай деңгейде? Олардың түлектерінің білімі жоғарғы оқу орындарының талаптарына сай келе ме? Тексеру керек.

ПСИХИАТРҒА МҰҚТАЖДАР 8-ДЕН КӨП

Аян Дүйсембаев баяндама оқып шықты, алайда Ноғаевтың одан кейін қойған сұрақтарына ІІД әкімшілік полиция бастығы Руслан ӘДІЛОВ комментарий берді. Әкім жүйке-неврологиялық диспансерде есепте тұрған азаматтарға жүргізуші куәлігін беру жағдайын сұрастырды:

- Сіз мұны қалай түсіндіресіз?

- Емтихан алдында куәлік алуға үміткерлерден анықтама жинаймыз. Сол жүйке-неврологиялық және наркологиялық диспансерден. Бұл азаматтар жүргізуші куәлігін алуға құжаттар берген кезде олар бізге есепте тұрмағандығы туралы анықтама ұсынды, - деп жауап берді Р.Әділов.

Кеңесте осындай сегіз жағдайдың тіркелгендігі айтылды. Прокурорлық тексеру жұмысы анықтаманың жалған екенін анықтады.

- Тағы бесеуі бізден куәлік алды, ал бір жылдан кейін олар жүйке-неврологиялық диспансерге есепке қойылды. ІІД-нің заң бөлімі арқылы біз сотқа жүгініп, осы жүргізуші куәліктерінің жарамдылық әрекетін тоқтаттық, яғни, оларды кері алдық, - деп толықтырды Әділов.

Ноғаев облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түсінік талап етті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ фактілердің расталғанын, жалған анықтама берген дәрігерлердің лауазымды орындарынан босатылғандығын хабарлады. Диспансер басшыларына сөгіс берілген.

Мені жүргізуші ретінде, олардың бәрі анықталды ма екен деген сұрақ қызықтырды. Кейбірінің көлік жүргізу әрекеттеріне қарағанда, 8 адамнан көбі психиатрлардың көмегіне мұқтаж.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

21 қыркүйек 2016, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.