Кеше тергеу абақтысында төрт айдан бері жатқан азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВТЫҢ зертханалық талдау нәтижелері алынды.
Оның денсаулығына алаңдаған туыстарының талап етуімен, 7 қыркүйекте Боқаев қолкісен салынған күйде және куәгерлердің растауынша, форма мен штаттық киім киген 20-дан астам адамның ілесуімен Атырау облыстық ауруханасының зертханасына келген. Ол қажетті талдамаларды тапсырып, бірқатар медициналық тексерулерден өтіп, қайтадан тергеу изоляторына жеткізілді.
Боқаев С вирусты созылмалы гепатит диагнозымен 2011 жылдан бері есепте тұр. Туыстарының мәліметінше, оның ерте жастан бауыры ауырған (сәби кезінде Боткинге шалдыққан). Содан кейін осы қырсық шалған вирусты жұқтырып алған.
- Бәлкім, қан құю кезінде, бәлкім, стамотологиядан жұқтырып алған болар, кім біліпті? 2014 жылы ол ауруынан айығып, вирусы кетіп, теріс көрсеткіштерге қол жеткізді. Сөйтіп, тыныштық орнады. Алайда соңғы айларда баршаға белгілі тергеу абақтысындағы тамағы нашар, тар жердегі «шипажай» жағдайында үнемі күйзелісте болғандықтан, вирус қайта бас көтерді, - дейді Макстың апасы Ақмарал БОҚАЕВА.
Шынымен де, кеше туыстары дәрігерлердің ресми қорытындысын алған. Зерттеу талдамалары көрсетіп отырғандай, Макста – рецидив (аурудың қайталануы), вирус анағұрлым агрессивті, зақымдаушы түрде қайта оралған. Емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары А.Абдолованың және гепатоорталықтың меңгерушісі, гепатолог-инфекционист А.Аленованың қорытындысына сәйкес, Боқаевқа С вирусты гепатиттің 3 А, В генотипті жоғары вирустық жүктемедегі созылмалы түрі деп диагноз қойған. Диагноз рецидивпен асқынған.
Медиктер вирусқа қарсы қайтадан ем тағайындады. Оны тергеу абақтысы жағдайында емдеу мүмкін емес, деп растайды осы саланы жақсы білетін менің сұхбаттасушым. Мен одан мамандардың қорытындысына анонимді түрде түсінік беруді өтінген едім. Өйткені, олар қолданып отырған тұжырымдама көпшілікке түсініксіз.
- Құжатқа сәйкес, дәрігерлер пациентке ауыр диагноз қойып отыр. Қалыпты жағдайда үшінші А генотипті С гепатиті – бұл жақсы болжамдағы гепатит түрі. Қорытындыға сәйкес, оның терапиядан өтіп, орнықты жақсы нәтижеге қол жеткізгеніне көп уақыт өтпеген. Бірақ! Көріп отырғанымыздай, ол бірқатар жанама әсерлері бар күшті препараттар қабылдаған, бұлар көшірмеде бейнеленген.
Пациентке бүгінгі күнге дейін қолдаушы ем алу керек еді, өйткені препараттардың өте күшті уытты әсері ұзақ уақыт қалып қояды. Бұл бір жағынан иммунитетті көтеру үшін иммуномодуляторлар әрі вирустарды өлтіретін препараттар. Бірақ олардың әрекеті басқа ағзаларды қатты, ең алдымен – қан түзетін ағзаларды зақымдайды, қан құрамын өзгертеді, ағзаға оттек жеткізу үшін жауап беретін жасушаның қызыл түйіршігін өлтіреді. Олар азая береді, қызыл түйіршіктердің тапшылығы салдарынан ағзаға орасан зор салмақ түседі. Мұндай адамдар физикалық тұрғыда өте әлсіз болады, шаршап қалады, оларға үнемі қолдау терапиясы қажет.
Қызыл қан түйіршіктерін толықтыру аса маңызды, егер олай болмаған жағдайда вирус қайтадан пайда болады да, ауру қайта қозады. Бұл жағдайда ең қауіпті жайт орын алған. ПЦР - бұл ең сенімді тест, яғни ағза жоғары вирусты дәрежеде екендігін көрсетеді. Вирус күшейді, барынша орнықты бола бастады, енді бұл дәрі-дәрмектер оған еш көмектеспейді, енді оған тағы да қымбат тұратын бұрынғысынан да күштірек, одан да уытты дәрілер керек. Және оған сәйкес күтім де яғни, жайлы тұрмыстық ахуал мен психологиялық жағдай, жылу, сөзсіз диеталық, алайда жақсы тамақтану керек, бұдан басқа ешбір жағдайларда ондай емдерді қабылдау мүмкін емес.
- Ал егер пациент бұл талаптарды сақтамаса не болады?
- Қазір ағзаға қатты вирустық шабуыл жүріп жатыр, ол қазірдің өзінде әлсіз және тағайындалған дәрі-дәрмектер ештеңеге қарамастан барлығын жеп тастауы мүмкін. Оған қалқанша без үшін бақылау бостан-босқа қойылмаған болар, бұның өзі өте уытты терапия, мұндай емдеу барысында темір жойылып, эндокриндік жүйе бұзылады. Егер ол қайтадан терапияны бастайтын болса, ол қатерлі ісікпен салыстырмалы, сондықтан да оған қатаң дәрігерлік бақылау өте қажет болады. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша зертханалық тексеру егер жағдайы жақсы болғанда жылына екі рет жүргізіледі. Ал, терапияның басталуымен бақылау талдамаларын кем дегенде аптасына 2 рет тапсыруға тура келеді.
- Егер емдеу сондай уытты болатын болса, оны әзірше бастамай қоя тұрса болмай ма?
- Егер емдеуді кейінге қалдыратын болсақ, оның ақыры жақсы емес – цирроз немесе бауырдың қатерлі ісігіне апарып соқтырады. Емдеусіз-ақ жақсы жағдайда адамдардың 7 жылға дейін өмір сүре алған жағдайлар да болған. Бірақ бұл жағдайда оған барлығы қарсы, сондықтан да оған төрелік айту қиындау, адам бәлкім бір жылда не болмаса жарты жылда өмірден өтіп кетуі де мүмкін. Барлығын иммунитет шешеді, күрес әрбір жасуша үшін жүретін болады. Алдымызда қыс. Егер ағза әлсірейтін болса, онда әдеттегі ринит кезіндегі түшкірудің салдарынан гепатит вирусы күш алатын болады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА