[GALLERY]
Суға шомылу маусымының қызған шағында тайызданған Жайық жағасына жиналған халықтың қарасы көп. Қазіргі ыстық күнде ресми жағажайларға өту қиын.
Мен де сол жерде болдым, фотомұрағат үшін материал жинап жүрген едім. Ыстық ауадан қаным қызып жатқандай сезіндім, бірақ аяғымды суға малуға батылым бармады. Жағалаудағы лас, қолайсыз жерге отыра алмайсың, ал ол жерде құм болуға тиіс секілді. Айнала темекі тұқылы, тамақ қалдықтары, қарбыз қабықтары мен басқа да қоқыстар күн сәулесімен құбылады. Осыдан кейін суға қалай түсесің? Жоқ, олай болмас.
Ал екі аптадай уақыт өткеннен кейін поштама тұрақты оқырманнан хат келіп түсті. Ол жағажай аумақтарындағы күн сайын көзге түсетін тәртіпсіздіктерге шағымданды. Қала тұрғыны жағажайда демалып жатқандардың дәл жандарында қазылған шұңқырлардың (септик) орналасқанына наразылық білдірді. Ол жерге кәуапхана қожайындары лас суларды төгеді. Түстен кейін бейнекамерамен қаруланып алып, жағажайға аттандым. Картон қораптарымен ұқыпсыз жабылған иісі мүңкіген резервуарды («хош иісті» ондаған метр жерден сезуге болады) іздеп табу қиынға түспеді. Ол жерге нелер құйылатынын жазғы кафе қожайындарынан білуді ұйғардым. Алайда тек қызмет көрсетуші персоналды ғана кезіктірдім. Жастар кейінірек келетін басшылыққа сілтеп, айтудан бас тартты. Әрине, оны күтудің пайдасы жоқ еді.
Жауаптарды іздеуді демалыс күндерінен кейін жалғастырдым. Дүйсенбі күні ДСК алдындағы және Жилгородоктағы екі ресми жағажайды құзырына алған «Сәрсекен» ЖК иесі Жанар НҰРБАЕВАМЕН байланысқа шықтым. Ол кездесуге бірден келісті, оған ештеңе түсіндіру керек еместігін бірден түсіндім, ол онсыз да хабардар еді. Бірақ дегенмен де қазылған шұңқырлар туралы сұрадым: егер жағалау бойында мүңкіген иіс шығып тұрса, қалай демалуға болады?
- Енді қалай? – деп жауап берді сұхбаттасушым. – Тіршілік ету қалдықтары бұл жерге құйылмайды, тек ыдыс жуушылар мен келушілер қолданатын су ғана құйылады. Оларға да табыс табу керек қой. Бұрын бұл жерде биоәжетханалар тұратын, тыныс алу мүмкін емес еді. Сондықтан біз оларды жағажайдың басқа бөлігіне көшірдік.
- Неліктен инфрақұрылым ақсап, аумақ қоқысқа толған? Сіздер тендерді ұтып алып, тәртіп сақтауға міндеттелген едіңіздер ғой.
- Бізде инфрақұрылым емес, тұрғындар мәдениеті ақсап тұр. Тазалаушылар күндіз жағажайды тазалап шығады, сонымен қатар демалушыларға санитарлық ликбез ұйымдастырады. Бірақ бәрі зая. Түнгі серуеннен кейін жағажай стихиялық қоқыс орнын еске түсіреді. Бастапқы кезде біз әр жерге металл себеттер орнатқан едік. Бірақ оларды ұрлай бастады. Қолдарына түскен нәрселердің барлығын алып кетеді. Аптасына бір рет қалқыма белгілер ғайып болады. Ағаш жатақтар мен ақпараттық маңдайшаларды сындырып тастайды. Жақында құтқарушылар қалқыма белгінің ар жағына шығып кеткен мас ер адамды қайыққа шығарып алуға тырысқан, бұл төбелеспен аяқталды. Білесіз бе, сырт көзбен бұл «асүйдің» ерекшелігін түсіну қиын, ал іс жүзінде хат жазатындар – шеттен келгендер, олардың өз мүдделері бар. Сізге ақиқатын айтып отырмын - әлденеше рет бар жан-дүниемді салған істі «ығыстырып шығару» әрекеттері орын алды. Менің үстімнен ТКШ-ге, бас прокуратураға және басқа сатыларға жазды. Инкогнито бұл жерде алтын арқау бар екендігіне сенімді...
Жұмысқа бара жатқан жолда (Жанар жеткізіп салуды ұсынған) ол бұл бизнеспен төрт жылдан бері айналысып келе жатқанын және жағажай бизнесін қалдыру ойында жоқ екендігін білдім. Келесі жылы жағажай қызметінің тұжырымдамасын жаңаша құрамын деп сендірді. Жоба әзірленуде, оның құпиясын әзірге айтпады...
Марат ТАКУЛИН
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор