Атырау, 19 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Мюнхен және Алматыдағы теракт арасындағы 5 ұқсастық", "МұхтарТайжан: «Қазақтың тілі – демократияның тілі»", "Надя Савченконың сан қырлы тұлғасы", "Мағауиннің Қожахметтен несі артық?", "Қазақстанның сыртқы қарызы күн сайын 5,8 миллион долларға өсуде"

1 863 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Ердоған айтты деп, қазақ-түрік лицейлерін жабу қажет пе?" - Түркия посткеңестік мемлекеттерден Гүленнің жақтастарына қарсы шара қолдану туралы өтініш білдіре бастады. Әзірге, Қазақстанға мұндай өтініш түсті ме, түспеді ме, ол жағы белгісіз. Алайда бауырлас елден осындай өтініш келіп түссе, біздегі қазақ-түрік лицейлерінің, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің жабылуы мүмкін бе?

"МұхтарТайжан: «Қазақтың тілі – демократияның тілі»" - Саясаткер Мұхтар Тайжан қалың қазақтың көкейінде жүрген дүниені көтерген екен. Ешкім бұл туралы ашып айта алмаған, алайда.

BNEWS.KZ. "Мюнхен және Алматыдағы теракт арасындағы 5 ұқсастық" - Әлем құдды лаң салудан эстафета өткізіп жатқандай. Кеше Ницца, Алматы, ендігісі міне, теракт «кезегі» Германияның Мюнхен қаласына кеп жеткендей. Қылмыстық хроника шулады: белгісіз біреу кеше кешкісін сауда орталығының маңында оңды-солды еш жазықсыз бейбіт тұрғындарға оқ жаудыра бастайды. Әп-сәтте Мюнхен іші сілтідей тынды, шаһарда өлі тыныштық орнады. Офистер жабылып, қоғамдық көлік тоқтап, қалада полицейлердің қалың нөпірі ғана байқалды. Сырасымен әйгілі неміс қаласын ақпарат құралдары бұл жолы теракт туралы әрқилы ақпаратпен әлемге әйгілеп жатты. Әзірге белгілісі, қанқұйлы қылмыс салдарынан 8 адам қаза тауып, көптеген адам түрлі дәрежеде жараланды.

AZATTYQ.ORG. "Надя Савченконың сан қырлы тұлғасы" - Ұшқыш «лайнер Украинаның әуе кеңістігіне енді» деп хабарлағанда бортында украиналық әскери қызметші Надежда Савченко отырған ұшақтың әуеге көтерілгеніне бір сағаттай болған еді. Савченко кеудесін кере дем алып, оның түрмеден босағанын тойлап жатқан жолаушыларға қосылды.

"Бала еңбегі тыйылар емес" - Қазақстанда бала еңбегіне тыйым салынғанымен, жаз маусымында 100 мың теңгеге дейін табыс тауып жүрген жасөспірімдер бар. Мамандар ерте бастан ақшаға құнығу бала психикасына кері әсер етеді дейді. Балалар болса табысына телефон, мектепке керек-жарақтарын алады.

ZHASALASH.KZ. "«Жемқор» дегенi жаныма батты, соттан әдiлдiк таппадым" - Бұл арызды жазып отырған себебiм, мен әдiлдiк үшiн күресемiн деп, жазықсыз жаланың құрбаны болдым. Сiз­дерге түсiнiктi болу үшiн бәрiн басынан бастап айтқаным жөн шығар деп ойлаймын.

ABAI.KZ. "Мағауиннің Қожахметтен несі артық?" - Қазақ баласы жер мен дін мәселелесінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара алмай жатқанда базбіреулер Мағауин мен Шаханов арасындағы "су жаңа" дау-дамайдың шоғын үрлеуге кіріскен сыңайлы. Соңғы кездері Abai.kz ақпараттық порталының электронды почтасына осы тақырыпта көптеген мақалалар келіп жатыр. Олардың бәрін жариялай берсек, қоғамның негізгі өзекті мәселелері екінші кезекке ысырылып қала ма деп ойлаймыз. Десек те, сол мақалалардың артында азаматтардың өзіндік пікірі бар екенін ескеріп, "Мағауиннің қожахметтен несі артық?" деген бір ғана мақаланы назарларыңызға ұсынуды жөн санап отырмыз. Қарсы тараптың айтар уәжі болса, оны да жариялаймыз. Сөйтеміз де, бұл тақырыпты жабамыз. Шаханов пен Мағауин жағындағылар бірігіп, жер мен діннің мәселесін көтерсе, халық риза болар еді. Себебі, қазір тұлғаның абыройынан гөрі жерді қорғап қалу маңыздырақ болып тұр.

""Жерді өзіміз игере алмаймыз" деу - ұлтты кемсіту" - Жер өмірдің негізі болса да - ауыл шаруашылығының еңбек құралы, еңбек заты. Оны қолданудың тиімділігі өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді.

QAMSHY.KZ. "Қазақстанның сыртқы қарызы күн сайын 5,8 миллион долларға өсуде" - 2016 жылдың наурыз айында Қазақстанның шетелдік кредиторларға берешегі 154 миллиард долларды құраған. Алайда, бұл соманың һсуіне фирмааралық қарыздар себеп болған.

QAZAQUNI.KZ. "Қазақстандағы ең жас эктремист 17 жаста" - ҰҚК-ның дерегі бойынша, Қазақстандағы экстремизмге қатысы бар азаматтар шетелдік идеологтардың интернет арқылы тарататын терроризм мен экстремизм идеяларымен арбалса, енді бір бөлігі бұрын жасаған қылмысы үшін түрмеде отырғанда сол жерден терроризм мен экстремизм идеяларымен уланып шығады екен.

TENGRINEWS.KZ. "Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс: Адвокат тергеушілердің үстінен шағымданды" - Елордалық 23 жастағы жоғары оқу орнының студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша күдіктілердің бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында тергеушілердің Әжімбайдың туыстарына тергеу әрекеттерінің аудиолары мен видеоматериалдарын бермей отырғанын айтты.






25 шілде 2016, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.