Атырау, 28 қараша 19:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әйелдер колониясындағы жұмыс күндері

Сурет
5 478 просмотра


Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 түзеу мекемесінде (әйелдер колониясы) журналистерге тігін және тоқыма шеберханалары, сондай-ақ, наубайхананың жұмыстары таныстырылды.

НЕМЕРЕЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШҰЛЫҚТАР

Тоқыма цехында қазір жазасын өтеп жатқан 50 әйел жұмыс істейді. Оның 49-ы тегін, ал біреуі - Индира АЙМАХАНОВА келісімшарт бойынша, ол да жазасын өтеуші. Ол мұнда инструктор болып жұмыс істейді, өз еркімен жұмыс жасаймын деп келген әйелдерді тоқуға үйретеді, 24 мың теңге айлық жалақы алады. Оның жаза мерзімі 12 жыл, соның 6 жылын өтеп үлгерген. Енді бәрі дұрыс болса, екі жарым жылдан соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады.

Тоқыма цехы бұл «Халықаралық түрме реформасы» халықаралық қоғамдық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің жобасы. Ол осыдан үш жыл бұрын ашылған. Қазір сотталғандар GGG деген маркамен шала туған нәрестелерге арнап тоқыма костюмдерін тоқып жатыр. Олардың айтуларынша, «Халықаралық түрме реформасы бұл бұйымдарды Астанаға жібереді, онда жақында қазақстандық танымал боксшы Геннадий ГОЛОВКИНДІ кезекті жекпе-жегі алдында қолдау флешмобы өткізілмек екен.

Сондай-ақ, қолдан жасалған тоқыма бұйымдары өкпе аурулары ауруханасында және онкология диспансерінде ем алып жатқан балаларға жіберіледі.

- Бізге бұл мекемелер өздерінің тоқыма жіптерін беріп жібереді, ал біз сол жіптерден балаларға арнап түрлі киімдер тоқып береміз. Сонымен бірге тоқыма жіптермен біздерді «Халықаралық түрме реформасы» қамтамасыз етеді. Мәселен, егер бізге 60 орам жіп берсе, содан тура 60 бұйым тоқып шығарамыз. Айына 70-80 балаға киім тоқимыз. Мен бостандыққа шыққаннан кейін сүйікті ісіме айналған осы өнерді жалғастыратын боламын, - дейді Индира.

Әрине, мұндағы әйелдер де өз туғандары мен жақындарын естен шығармайды. Мәселен, жазасын өтеуші Қансекер ҚАЗБАЕВА жақында ұлына арнап киіп тоқып берген, немерелеріне де шұлық тоқып, үйіне беріп жібереді.

«ДҰРЫС ТҮСІНСЕҢІЗДЕР ЕКЕН»

Колонияда екі тігін цехы жұмыс істейді. Олардың бірінде маман киімдері, екіншісінде ұлттық нақыштағы киімдер тігіледі.

Мұнда маман киімдерін тігетін цехты «Эртри» ЖШС ашқан, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Атма-Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ, «Сазан құрақ» ЖШС, қалалық «жедел жәрдем» қызметі және тағы басқа бірнеше компанияларға арнап айына 700 маман киіміне дейін тігіледі. Жоспарда полиция формасын тігу бар, тек ІІМ-нің «мақұлдауын» күтіп отыр. Цехта 17 адам жұмыс істейді, айына 25-30 мың теңгеден жалақы алады.

Екінші тігін цехында 9 адам жұмыс істейді, мұнда киімдер тек қана тапсырыс бойынша тігіледі. Жазасын өтеуші әйелдер жұмыс істеп жатқан ЖК өкілі мекеменің атауын атамауды жөн көрді:

- Сіз тек дұрыс түсініңіз, біз тұтынушылар біздің бұйымдарды сотталғандардың тіккенін білген жағдайда мұны қалай қабылдайтынын білмейміз. Сол себепті кешіріңіз, мекеменің атын атамаймын. Сіздер түсіністікпен қарайды деп үміттенемін...

ҮЛКЕН ҚАЛАШ НАН

Ал, «Еңбек Атырау» РМК-на қарайтын наубайханада 4 адам жұмыс істейді, олардың да айлық жалақысы 25-30 мың теңгеден. Мөлдір ЕШПАНОВА мұнда наубайхана ашылғалы, яғни 2012 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, олар мұнда күніне 480 нан пісіреді екен. Негізінен әйелдер колониясы үшін, сондай-ақ, тергеу изоляторы мен қоныстандыру колониялары үшін.

Әйелдер колониясындағы наубайханаға кіріп барғанымызда, пештен жаңа түсірілген нандарды көріп, пішінінің қаладағы дүкендерде сатылатын нандарға қарағанда үлкендеу екенін байқадық. Олардың салмағы 750 грамм тартады.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Жангүл ОТАРАЛИЕВА колониядан басқа да кәсіпкерлер өз өндіріс орындарын ашса деген тілегін білдірді.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

4 шілде 2016, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.