Атырау, 20 желтоқсан 23:58
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Горбачев Путинді президенттік додаға қатысудан бас тартуға шақырды

2 703 просмотра

КСРО-ның соңғы басшысы болған Михаил Горбачев Владимир Путинді Ресейде март айында болатын президент сайлауына үміткер ретінде қатысудан бас тартуға шақырды. Бұл жөнінде Горбачев желтоқсанның 24-і күні кешкісін «Эхо Москвы» радиостанциясында мәлімдеген. 

«Мен Владимир Владимировичке қазір кетуді кеңес етер едім. Үш мерзім бойы отырды: екі рет президент ретінде, бір рет премьер ретінде. Үш мерзім, жетеді ғой енді», - деді Горбачев. Ол өзінің 1991 жылы саясаттан өз еркімен кеткенін мысал етіп, президенттік лауазымнан өз еркімен бас тартқанын, өзін ешкімнің шеттетпегенін айтты.


Артынша Ресей билігі Горбачевтің бұл мәлімдемесіне жауап қайтарды. Ресей премьерінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Алып мемлекетті құрдымға кетіріп тынған бұрынғы басшының, Ресейді сол қиындықтан құтқарып қалған адамға отставкаға кетуге кеңес беруінің еш мәні жоқ екенін айтты.

Дереккөз: baq.kz

26 желтоқсан 2011, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.