Атырау, 28 қараша 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Мостовой өзегіне қожайын керек»

2 989 просмотра

«Қырсық шалған Мостовой» жарияланымына («АЖ», №18, 5.05.2016 ж.) «Атырауводпроект» жобалау-іздестіру институтының директоры, ҚР еңбегі сіңген гидротехник Нұғман ҚАРАБАЛИН үн қосты. Өз хатында ол өзектің бастапқы функциялары мен оны құтқаруы мүмкін шаралар туралы әңгімелейді.

«ТЕҢІЗГЕ МЕ? ЕШҚАШАН!»

Атырау қаласының оң жақ жағалау бөлігін абаттандыру үшін Мостовой өзегін қалпына келтіру жөніндегі ауқымды жобаны 2001-2002 жылдары «Атырауводпроект ЖІИ» ЖШС жобалау институты әзірледі.

«Мостовой өзегін салу экологиялық-табиғат қорғау шарасына жатады және 15 шақырым ұзындықтағы өзектің табиғи сағасын абаттандырады. Ол тиісті еңіс бойынша Жайық тармағына дейін су ағындылығын түзейді. Су тасқыны кезінде және сулылығы өте аз болатын кезеңде өзектегі су деңгейінің өзгеруіне байланысты 100-150 м шеңберіндегі жағалау белдеуіне тасыған су құйылып, тұщыланған жерасты сулары жылыстайды. Жайық өзенінде сулылық аз болған деңгейде Мостовой өзегі қашыртқы рөліне (роль дрены) ие болып, өзекке іргелес аумақтағы жерасты суларының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деп жазады Н. Қарабалин.

Сол жарияланымдағы өзекті оның табиғи аңғарына - Каспий теңізіне қарай бұру керек деген басқа мамандардың айтқан пікірлерлерімен Қарабалин үзілді-кесілді келіспейді: «Каспий теңізі үшін желқума құбылысы тән. Теңіз жақтан әлсін-әлі соғатын желқумаларға байланысты деңгейдің жылдық ішкі ауытқуы теңіз жағалауының және іргелес аумақтың суға кетуіне әкеледі. Сондықтан, тіпті, егер қажетті қимадағы және еңістегі өзек салынса да, бір жылдың ішінде оған жақындап бару немесе жүзіп бару мүмкін болмас еді. Су деңгейі көтерілгенде өзек салынған топырақтар мен үйінділер сырғып, оны кері бітеп тастайды.

Жайық өзенінің еңісі шамалы ғана. Су тасқыны кезінде ағыс жылдамдығы 1-1,5 м/секундқа дейін жетеді, ал сулылығы аз кезеңде ол 0,10-0,20 м/секундтан аспайды. Қаладан теңізге дейінгі су жиегінің айырмашылығы 0,10-0,20 м құрайды. Теңіз желі кезінде су деңгейі қалаға дейін және одан жоғарыға көтеріледі.

Жазғы және қысқы маусымда өзектегі су тереңдігі 2,0 м-ден кем болмауы тиіс. Жазда тереңдік аз болғанда су жылынып, көк түске боялады. Ал, қыста өзекте қалған балықтар жаппай қырылуы мүмкін. Осыған байланысты сулылық аз болған кезеңде негізгі бөлігінде өзекті толуы 0,6 м және одан аз метрді құрайды. Қалыпты су деңгейін ұстап тұру үшін су іркуіш құрылғысы қарастырылған. Осы мақсатта бас тоған мен қашыртқы (дрена) құрылғысы салынды. Бас тоған - су қабылдайтын шөміш пен реттегіш шлюзден тұрады. Су қабылдайтын шөміш су тасқыны жүріп өткен кезде судың шлюзге түсуін қамтамасыз етеді және жүзбелі сорғы станциясы қондырылатын орын болып табылады. Су тасқыны жүрген кезде шлюздің бекітпесі ашық болады – судың өзекке түсуі қамтамасыз етіледі. Су тасқыны қайтқан кезде өзек құрғап қалмас үшін шлюз бекітпелермен жабылады. Бір уақытта қашыртқы құрылғысы да жабылады.

Жүзбелі сорғы станциясының өнімділігі – секундына 600 л. Өзектегі су деңгейі 2,0 м-ге жеткен кезде шлюз бекітпелері жабылып, сорғы станциясы жұмыс жасай бастайды. Реттегіш шлюз бен екі гидробекітпесі бар қашыртқы құрылғысы электр қозғалтқышымен жарақталған. Өзек аңғарының осы бағыты мен осы өзектегі жүйе су жүрісін қамтамасыз ету мен оны қажетті деңгейде ұстап тұру үшін анағұрлым оңтайлы нұсқа болып табылады. Алайда мойындау керек, соңғы жылдар ішінде осы жабдықтардың барлығы бөлшектеп таратылып, жұмыс жасамайтын күйде тұр, ал, өзектің өзі мүлдем қараусыз қалған».

ӨЗЕККЕ ТАҒЫ БІР МҮМКІНДІК БЕРІҢІЗДЕР

Қазіргі жағдайда көпшілігі судың жүрісін бөгеп немесе оны топырақпен көміп тастау керек деген пікірге бейім. Нұғман Қарабалин мұнымен келіспейді. Мостовойға тағы бір мүмкіндік беру керектігіне сенімді: «Әуел баста өзектің екі жағалауымен суармалы су құбырлары орнатылған және тиісті күтім жасалған жағдайда қолайлы микроклиматы бар жасыл аймақ жасалатын болады деп жорамалданды. Өзектің төменгі жағында, игерілмеген жерлері бар қаладан тысқары жерде өзекті жайылымдарды суару үшін және егін шаруашылығы үшін пайдалануға болатын еді. Бастапқы екі жылда өзек қожайынынан айырылып, шаруашылықта жоқ нысанға айналғанша, өзіне жүктелген міндетті керемет атқарды. Егер әрі қарай да осылай жалғаса берсе, кешікпей өзек өзінің бастапқы күйіне оралады: аңғарға тұрмыстық қалдықтар, құрылыс қоқыстары жиналып, лайланып, қоқыстанады, өзектің өзі ағынды және атмосфералық жауын-шашындар тұндырғышына, масалардың «жатағына» айналады. Ал өзектің екі жағалауында тұрғын үйлер тығыз орналасқан.

Мостовой өзегі қаланы абаттандыру нысандарының санатына жатады. Сондықтан да оны қаланың коммуналдық қызмет құрылымына енгізіп, осы мекеме қызметкерлерінің штаттық құрамы қызмет көрсетуі тиіс. Егер өзектің қожайыны болса, ол өзіне жүктелген функцияны атқара алады».

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

16 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.