Атырау, 19 мамыр 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Сiз неге үнсiз қалдыңыз, Иманғали мырза?!". "Түрмедегi төңкерiсшiлдiң «сыбайластары» туралы бiз не бiлемiз?". "Заман имам-молдалардан нені талап етеді?". "Қызылағаш оқиғасы мен Жаңаөзен құрбандары неге аза тұтылмады?".

4 430 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Сiз неге үнсiз қалдыңыз, Иманғали мырза?!" - Иманғали Тасмағамбетов күнi кешеге дейiн БАҚ бетiнен көрiнбей кеттi. Маусым айының басында өткен KADEX-2016 көрмесiне қатысқаны жайында, 7-8 күндерi Қытайдың қорғаныс ведомствосының басшысы Чан Ваньцюанмен және Ресей Қорғаныс министрi Сергей Шойгумен кездескенi жөнiнде ресми мәлiмет бар. Бiрақ бiрде-бiр телеарна бұл кездесулер жайында ақпарат таратып, Қорғаныс министрiнiң жылт еткен бейнесiн көрсет­педi. Тiптi мамыр айында “Тасмағамбетов үй­қа­мақта екен" деген әңгiме де туған. Дегенмен бiз мұның бiрiне де тоқталғымыз жоқ. Айтпағымыз – мүлде басқа мәселе.

"Түрмедегi төңкерiсшiлдiң «сыбайластары» туралы бiз не бiлемiз?" - Ойды ой қозғайды. Осыдан төрт жыл бұрын Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекетiнде болған оқиға ерiксiз еске түседi. Аузынан әлi ана сүтi кетпеген сарбаз Владислав Челах түсiнiксiз жағдайда өзiнiң 14 қарулас серiгiн бiр түнде жер жастандырды. Бiр солдат 14 серiгiн қырып салды дегенге сенетiндерден гөрi сенбейтiндер көп. Мынау да дәл сол сияқты. Бұзықтық жасады, тентектiкке барды дегенде, ары кетсе “разборкалардың" iшi-сыртында жүруi мүмкiн шымкенттiк кәсiпкер Тоқтар Төлешов мемлекеттiк төңкерiс жасап, билiктi басып алмақ болды деп айыпталып отыр. Мұндай мәлiмдеменi ресми органдардың өздерi таратты. Билiк халықты ресми ақпараттан бас­қа ештеңеге сенбеуге шақырып отырса да, бәрiбiр арғы жағың “әй, қайдам" дейдi.

QAMSHY.KZ. "Уаххабилер бір уақытта Қазақстанның бірнеше қаласында бүлік жасай алады" - Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні. Қаралы күн. 5 маусымда бір топ лаңкес еліміздің батысында лаң салды. Қанды қол қарақшылардың қолынан 7 адам қаза тапты. Елбасы өкімімен кеше 9 маусым – Аза тұту күні болып жарияланды. Оның алдында Ақтөбе қаласында ҰҚК лаңкестік қауіптің «қызыл деңгейін» енгізіп, арнайы құрылымдардың қызметін күшейтсе, жалпы ел аумағы бойынша 40 күн мерзімге лаңкестік қатердің «сары деңгейі» жарияланды. Біршама жұртқа бұл шешім басында түсініксіз көрінді. Әлі де түсіне алмайтындар бар. «Лаңкестік оқиға Ақтөбеде болды. қылмыскерлер де облыс аумағынан қашып кете алмады. Барлығы сонда. Онда неге бүкіл республикаға лаңкестік қауіп жариялайды?» деген сұрақ мазалап жүргендер көп. Ол сұраққа да төмендегі материалдан жауап таба аласыздар деген сенімдеміз.

ABAI.KZ. "Заман имам-молдалардан нені талап етеді?" - Белгілі саясаттанушының «...Өзін «алдымен – қазақпын, сосын – мұсылманмын» деген қазақ жастары ешқашан Сирияға аттанып біреудің мүддесі үшін қиянатқа, өлімге бармас еді»,-деген пікірін оқыдым. Иә,шынайы қазақтардың ата-бабалары сөз жоқ, әлмисақтан бері мұсылман болған. Жасыратыны жоқ, шынайы қазақтықтан гөрі басқа ұлттың менталитетін бойына көбірек сіңірген еліміздің солтүстік өңіріндегі жастарға, әсіресе жат ағым жетегінде жүрген жастарға мұны түсіндіру өте қиын. Олар үшін Алла алдындағы дүниауи міндеттерінен (ата-ана алдындағы қоғам алдындағы, ұрпағы алдындағы борышы мен міндеті т.б) бас тартып «жәннатты аңсау», «хор қызы», «жұмақ төрінен орын алу» басты мақсаты ғана болғалы қай заман? Бұлай болуына бүгінгі билік пен аға буын біздер өзіміз кінәліміз. Қалайша? Өйткені оларға өзінің қазақ екенін танып, ұлтымен мақтанатын тәрбиені тәуелсіздіктің ширек ғасырында бойына сіңіре алмадық, тіптен «үш тұғырлы тіл» саясаты арқылы ұлтымыздың бүгінгі буынын будандастыру жолының негізін қалап та қойдық.

AZATTYQ.ORG. "Ақтөбені айтқан Назарбаев "өлім жазасын" да сөз етті" - Ақтөбедегі 20 шақты адам мерт болған шабуыл жайлы 3 күннен соң мәлімдеме жасаған Қазақстан президенті "түсті революцияларды" да айтты.

"Абхазия басшысын оппозиция референдумге көндірді" - Грузияның сепаратистік Абхазия аймағының де-факто президенті Рауль Хаджимба, оппозиция қысымынан соң, шілденің 10-ы күні мерзімінен бұрын президент сайлауы жөнінде референдум өткізуге жарлық шығарды.

"Авторын жалмаған Сталин ескерткіші" - Чехияда 1950 жылдардың басында советтік диктатор Иосиф Сталинге қойылған әлемдегі ең алып ескерткіш авторы Отакар Швец туралы фильм түсіріп жатыр. Швец ескерткіштің ресми ашылуына аз қалғанда өзіне қол жұмсаған.

EGEMEN.KZ. "«Ұлы Британияны» «шағын Англияға» айналдырмайық" - «Еуроодаққа көңіл толмаушылық оның құрамынан шығуға себеп емес. «Ұлы Британияны» «шағын Англияға» айналдырып қажеті жоқ». Ұлыбритания тәуелсіздігі партиясының жетекшісі Найджел Фараджбен өткізілген дебат кезінде ел премьер-министрі Дэвид Кэмерон осылай деді. Дэвид Кэмерон өз отандастарын «шағын Англия» үшін дауыс бермеуге шақырды.

TURKYSTAN.KZ. "Лаңкестер кепілге алған автобустың жүргізушісі қалай тірі қалғанын айтты" - Лаңкестер кепілге алған автобустың жүргізушісі психологтың көмегіне зәру, — деп жазады aktobenews.kz басылымы. Жүргізуші 32 жасар Мұрат Исекешов 5 маусымдағы қанды оқиғаның қақ ортасында қалыған.

"Желілік маркетинг тауарларының 90% контрабандалық жолмен келетін көрінеді" - Бір жылдары елімізде желілік маркетингтің құрбанына айналғандардың қатары күрт артқаны баршаға мәлім. Уақыт өте келе бұл тақырып назардан тыс қалғандықтан, желілік маркетинг деп желіккендер азайған болар деп топшылаған көпшілік. Бірақ бұл пікір жаңсақ болған секілді. Бұлай деуіміздің сыры – Мәжіліс депутатының мәлемдесінде. «Елімізде желілік маркетинг жұмысын тоқтату қажет» деген мәжілісмен Жамбыл Ахметбековтің мәлімдемесінен кейін аталмыш мәселенің түйіні әлі де тарқатылмағаны түсінікті болды.

KAZ.365INFO.KZ. "Қызылағаш оқиғасы мен Жаңаөзен құрбандары неге аза тұтылмады?" - Айдың-күннің аманында адамдардан айырылу — кез келген мемлекет үшін үлкен сын. Сын болғаннан кейін бе, мемлекеттің олқылығын көрсетпес үшін де көп жағдайда бізде — Қазақстанда кейбір қанды оқиғаға дұрыс баға берілмей жатады. Сондықтан біз бүгінгі Аза тұту күнінде «аза тұтылмай қалған» отандастарымызды да есімізге алып, оның себеп-салдарын іздеп көргіміз келеді.

"«Бесоба синдромы», немесе жемқорлар Қазақстанды қашан құлатады?" - Өткен аптада Алматының «Алғабас» шағын ауданындағы көпқабатты апатты тұрғынүйдің сүрілетіндігі туралы ақпарат тарады. Бұл жайында Алматыда өткен арнайы брифингте Алматы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов мәлімдеген.

"90-шы жылғылар. Немесе қазіргі жастар қандай өзі?" - Тәуелсіздік құрдастары, қазіргі жастар қандай? Нақты мінездеме беру қиын. Әлеуметтік жағдайына, тілге, дінге байланысты қырық құрауға бөлінген. Келбеті айқын емес.

KORRESPONDENT.KZ. "Кеңес заманындағыдай қазақ фильмін емге таппайсың" - КСРО тарқағалы түсірілген жібі түзу қазақ киносы бар ма? Жасыратыны жоқ, кешегі Кеңес Одағы тарқағанға дейін қазақ киносының тасы өрге домалап тұрды. Ресейге бағына тұра қазақылықтың иісі аңқып тұратын туындылар түсірген елдің бүгінгі киноиндустриясы кімге жалтақтап жүр? Жалтақтамаса неге орысша шүлдірлейді, неге ұлттық болмыстан жұрдай?

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Кім кімді кімнен қорғап отыр?" - Басқыншылық синдромына талдау жасап көрсек, оның нағыз асқынған үлгісі Ресей, Америка, Еуропалық мемлекеттерден бастау алады. Бірақ, бір ғажабы, өзгелер емес, дәл солардың өзі өмір бойы ұлтшылдықпен, фашизммен «күресіп келеді». Мәселен, Ресейден бөлінуге тырысқанның бәрі «фашист», өз Отанында отырып, өзгенің тілінде сөйлемей, өз тілінде сөйлеуге тырысқанның бәрі «ұлтшыл», бірақ өзгелерге өз жерінде отырып, орысша сөйлетуге мәжбүрлеген орыстар ғана «ұлтшыл емес», өзгенің өзінен тәуелсіз өмір сүруіне мүмкіндік бермейтін Ресей ғана фашист емес. Сонда қалай?

9 маусым 2016, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.