AZATTYQ.ORG. "Мәскеудің құрдымға кеткен «Новороссия» жобасы" - Қырымды басып алу кезінде алдыңғы шепте болған мәскеулік бизнесмен біліксіздік пен жікшілдіктің және сараңдық кесірінен «Новороссия» мемлекетін құру жоспары құрдымға кетті дейді.
"Ресей тауарларын Қазақстанда несиеге сатқысы келеді" - Астанада Ресей экспорт орталығының Мәскеуден тысқары алғашқы сауда үйі ашылды. Оның өкілдері Ресей тауарларын несиеге алуды ұсынады. Қазақстан бизнесінің кей өкілдері де тауарларын осы орталықтарда сатқысы келеді.
KAZ.365INFO.KZ. "«Одақбастар» не істеп отыр? Путиннің ойы — Қазақстанды Ресейге қосып алу ма?" - Астанаға осы аптада ресми сапармен келген Ресей президенті тағы да қазақ қоғамның қытығына тиетін мәлімдеме жасады. Оның Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру туралы ұсынысы қарапайым адамдарды білмейміз, бірақ мамандарды денесіне шоқ түскендей тызақтатып жіберді…
"Қауіпті кезең – ҰБТ келе жатыр. Балаңызға сақ болыңыз!" - «1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні». Өміріміздің мәні, жалғасы болған балаларымыздың мерекесі. Әрине, бұл бауыр етіміз – тек бір күнде ғана емес, жыл он екі ай барлық жамандық, қиындық атаулыдан қорғалуға тиісті. Бірақ әсіресе, осы маусым айында. Мен мұны шын пейілімен жазып отырмын — балаларымыздың алдында үлкен сынақ — ҰБТ тұр.
ZHASALASH.KZ. "«Ортақ өгiз» өлуге айналды" - Астанадағы Еуразиялық экономикалық кеңестiң отырысы салы суға кетiп, бiр-бiрiне томсарған бес президенттiң өзара ренiштерiн анық байқатты. Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерi одақтың алдына қойылған бiрде-бiр мақсатқа қол жетпегенiн мойындауға мәжбүр болды. Уәде етiлген ұлттық экономиканың бәсекелестiгi адыра қалып, тауар айналымы құлдырап кеттi, қаржы, еңбек күшiнiң еркiн айналымының орнына Ресей мигранттарды қуып жатыр, одақтастар өзара бiресе ет үшiн, бiресе сүт үшiн “жүз шайысып" қалуда.
"Көлденең көк атты «Конституцияны өзгерт» дейдi" - Таяуда Астанада Қазақстан президентi жанындағы шетел инвесторларының кеңесi өттi. Бұл жиын президенттiң қатысуымен жылда өткенiмен ел экономикасының дамуына қандай үлес қосып жатқанын ешкiм бiлмейдi. Әйтеуiр кеңес мүшелерi жиылып Қазақстанның инвестициялық ахуал-ауанын жақсарту жөнiндегi ұсыныс-пiкiр, ақыл-кеңестерiн айтып жатады. Осы басқосуда бiр оғаш ұсыныс айтылып қалды. Оғаш дейтiнiмiз, әйгiлi Baker & McKenzie фирмасы бас директорының орынбасары, халықаралық атқару комитетiнiң мүшесi Эрик Шеер Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiс енгiзу мүмкiншiлiктерiн қарастыруды сұрады.
QAMSHY.KZ. "Халық наразылығының түпкі себебі – жемқорлық пен әлеуметтік шиеленістер" - Бүгін Алматы қаласында баспасөз мәслихатын өткізген саясаткер, Үкімет жанындағы Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан соңғы уақытта жиі көрініс тауып отырған наразылық шараларының негізгі себебі тек жер мәселесі ғана емес, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жемқорлық пен әлеуметтік қиындықтар дейді.
"Жарылқасын Дәулет: тоқал алу үшін бәйбішенің рұқсаты керек емес" - Тоқал. Бұл сөз қазіргі қоғамда әйелдердің құлағына түрпідей тиетіні рас. Әрине, кім өзінің сүйіп қосылған жарын өзгемен бөліскісі келер дейсіз? Күйеуінің тапқан табысын екіге бөліп, тағы бір отбасыны бағып-қағуға әйелдер қарсылық танытары сөзсіз.
ABAI.KZ. "Қалиевтің қазақ тіліне қарсы шыққаны қай сасқаны?" - Бүгін Президент пәрменімен құрылған Жер реформасы туралы комиссияның төртінші отырысы Көкшетауда өтіп жатыр.
"Мен сенбеймін!" - 25 жыл бойы жылмиып отырған бүгінгі билікке! Бірде-бір мәселені халықтың қалауына қарай шешпеген, халықпен сөз жүзінде ақыл қосып, іс жүзінде: «Тіліңді аяйын ба, сөйлей бер!» деп сырт айналатын бұл билікке ешқашан сенген емеспін, сенбеймін де!