Атырау, 29 қараша 01:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

НКОК тоғай өсіріп көрмек

2 473 просмотра

Өткен жылы зиянды заттардың шығарындылары біздің өңірімізде 142 мың тоннаны құрады, оның 80 пайызы ірі жер қойнауын пайдаланушылардың еншісінде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Орақ БИСЕМБИЕВ хабарлады. Белгілі бір мөлшерде жасыл желектер зиянды әсердің төмендеуіне септігін тигізеді. Сондықтан табиғат пайдаланушыларды көгалдандыру бағдарламасына тартады.

- НКОК компаниясына Атыраудан Қарабатанға дейін жалпы алаңы 150 гектар болатын орман алқабын отырғызу ұсынылды. Алайда жерді зерттеген компания оны орман-тоғай отырғызуға жарамсыз деген қорытындыға келді. Бұл қорытындыны біз іс жүзінде дәлелдеуді өтіндік: белгілі бір учаскеге ағаштар отырғызып, қадағалау керек. Егер олардың жерсінуі 25 пайыздан төмен болса, жұмысты тоқтату керек, егер 25 пайыздан көп болса, жалғастыру қажет. Нәтижесінде компания 1 гектар жерді көгалдандыруға 18 млн теңге бөлді. «Жер ана» ЖШС учаскені қоршап, ағаштарды отырғызып, оларды тамшылатып суару әдісімен суарады. Мен сенбіде сол жерде болдым - әзірге көшеттердің жерсінуі 100 пайыз, - деп әңгімеледі Бисембиев.

Қоқыс өңдейтін зауыт құрылысы туралы сұраққа ол былай деп жауап берді:

– Жыл сайын қазіргі жұмыс жасап тұрған полигонға 850 мың тонна қоқыс шығарылады. Соңғы зерттеулер көрсетіп отырғандай, осы көлемнің 17 пайызы ғана сұрыпталады. Ирандық оралмандар екі жылдан бері пластмасса мен картонды жинаумен және тығыздаумен айналысуда. Содан соң бұл Ресейге және Шымкент картон зауытына жіберіледі. Сондықтан қоқыс көлемі аздап төмендейді. Кешікпей Экологиялық кодекске өзгерістер енгізіледі. Соған сәйкес 2019 жылдан бастап қоқысты сұрыптаусыз орналастыруға тыйым салынады. Осыған қатысты біздің министрлікте жақын арада отырыс болып, онда қала мен аудан орталықтарының бүкіл әкіміне сұрыптау қондырғыларын орнатуға тапсырма берілді. Кезінде барлық облыс орталықтарына жаңа қоқыс полигондарының құрылысына инвестиция салу үшін негіздер әзірленді. Бірақ бұл өте қымбат тұратын жобалар. Бәлкім, оларды Халықаралық қайта құру және даму банкінің көмегімен енгізуге болатын шығар. Осы бағытта қадамдар жасалуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
1 маусым 2016, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.