Атырау, 19 мамыр 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Ашаршылық болмағанда 60 миллионға жетер едік!", "Қоғам қарсы болғанда қолдаушыны қолдан жасайды", "«Қазақтарға көруге болмайды!». Кинотеатрлар неге қазақты кемсітіп отыр?", "“Үштұғырлы тіл" саясаты – қазаққа төнген қасірет"

1 888 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Атаңа нәлет бәлшебек нан береді бір ширек»" - 31 мамыр – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Совет үкіметі орнаған соң қысым мен ашаршылық кесірінен шетелге кеткен қазақтардың ұрпақтары да ол заманды ұмытпаған.

"«Педофилдер» картасын жариялауды құптайтындар мен қарсылар" - «Педофилдер» электрондық картасын жариялауға қатысты қазақстандық сарапшылар пікірі екі жарылды. Жуырда прокуратура кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасап, сотталған ондаған адамның деректерін интернетте жариялады.

KAZ.365INFO.KZ. "«Қазақтарға көруге болмайды!». Кинотеатрлар неге қазақты кемсітіп отыр?" - Бізде қызық өзі. Саясаттың салдары ма, идеологиялық қақтығыс па, әйтеуір қандайда бір тарихи фильм түсірілсе – оның арты міндетті түрде дау-дамайға ұласады. Мәселен, Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» картинасы киносыншылар мен көрермен тарапынан жоғары бағаланды. Бірақ көпшіліктің көңілінен шыққан тарихи туындыны кинотеатрлар ыңғайсыз уақытқа қойып тастаған.

"Ашаршылық болмағанда 60 миллионға жетер едік!" - Бірнеше жылдан бері зиялы қауым өкілдері «31 мамыр – Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болуы тиіс» деумен келеді. Әйтсе де, бүгінгі қарны тоқ, қайғысы жоқ Үкімет зиялылардың бұл ұсынысын ескермей, бабаларының аштан қырылғанын ашық айта алмай отыр.

QAMSHY.KZ. "Қазақстаннан инвесторлар қаша бастады ма?" - Өткен жылы ел Үкіметі бірқатар пайдалы қазбалардың кен орындарын аукцион арқылы сату туралы шешім қабылдағаны белгілі. Содан сатылымға қойылатын орындардың тізімі жасалып, аукционға шығарылды. Осы күнге дейін аукционға қойылған 100 учаскенің 49-ы иесін тапты деген ақпарат та тараған еді. Алайда, үкіметтің бұл бастамасы баянсыз бастама болып отыр.

ABAI.KZ. "Мұхтар Шерім. Қорықпаңыздар!" - Биіктігінен бас айналатын алып ағашқа бәсекеге қабілетті отыз елдің премьер министрлері өрмелеп барады. Шорти киіп, шалқасынан түскендері де, галстугтері бұтаққа ілініп, салбырап тұрғандары да бар. Отыз елдің қатарына ілігу үшін мен де өрмеледім. Қазақстанның премьер- министрімін ғой, бұтақтан-бұтаққа секіріп, оқта текте кекіріп, әшейін ерігіп барамын деп ойлағанмын.

QAZAQUNI.KZ. "Бозымбаев тек қазақ тілінде ғана сұхбат беруге уәде етті" - Өткен аптада Қазақстанның энергетика министрі (есім-сойы ел-жұртқа әкімдіктегі қызметі арқылы таныс) Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев журналистерге қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты деген ақпарат БАҚ-та қызу талқыланды. Әуелде, ҚР Энергетика министрлігіне хабарласып, мәселенің анық-қанығын білмек болғанымызда, Қанат Алдабергенұлының қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыз бір сұраққа бір аптадан соң жауап ала алатынымызды айтып еді.

ZHASALASH.KZ. "Қасiрет қайталанды" - “Мың өлiп, мың тiрiлген" қазақ халқы өз тарихында талай зұлматты басынан кешiрдi. Соның бiрi – 30-жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргiн. Халқымызды сандық жағынан да, сапалық жағынан да үлкен қасiретке душар еткен бұл нәубеттерге қатысты бiзде толыққанды көзқарас қалыптасты деп айта аламыз ба? Осындай тауқымет тартқан украин халқы ашаршылықты кеңестiк билiк тарапынан жасалған геноцид ретiнде бағалады және сол кезеңнiң ащы шындығын ашып айтудан, зерттеуден бiр танбай келедi. Ал бiз ше? Қазақты қынадай қырған тоталитарлық жүйенiң солақай саясатына, соның қолшоқпары болған шолақбелсендiлердiң жүгенсiз iс-әрекетiне қаншалықты әдiл баға бере алдық? Әкесi үшiн баласы, баласы үшiн әкесi жауапты болып, нақақтан-нақақ итжеккенге айдалған немесе КарЛАГ-та, АЛЖИР-де азап шеккен сан мыңдаған бейкүнә жандардың мехнатты тағдырының өтеуiн кiмнен сұраймыз?

"Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Бәрiн бiр адам шешкен қоғамда ешуақытта шынайы тарих жазылмайды" - Бiздiң халқымыздың сан жағынан қазiр азшылық болып отырғанының ең басты себебi де – осы ашаршылық. Барлық қуғын-сүргiн құрбандары шығынын қоса есеп­тегеннiң өзiнде ол осы ашаршылықтың жарым-жартысына да жетпейдi. Бiрақ, әрине, рухани шығын өте жоғары болды. Қуғын-сүргiнде елiмiздiң көрнектi мемлекет қайраткерлерi, iрi тұлғалар, Әлихан, Ахмет сияқты рухани көсемдер кеттi. Әрине, бұл екi шығынды бiр-бiрiне қарсы қою ойымызда жоқ. Керi­сiнше, бұл екi шығын да – қазақ халқының ортақ қасiретi.

"Қоғам қарсы болғанда қолдаушыны қолдан жасайды" - Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Саға­диевтiң сүйкiмiн әбден кетiрген үштiлдi бiлiм жүйесiнiң ырду-дырдуына ендi кәсiпкерлер қосылды. Олардың өзгелерден басты айырмашылығы, үштiлдiлiктi қолдайды екен. Соған қарағанда, қолдаушыны қолдан жасағандар “қалтасы қалың жiгiттер айтса, халық елп ете түседi" деп ойлайтын болуы керек. Қайдағы, өздерiнiң жұмысына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мәселеге “пәтуа" шығармақ бол­ған кәсiпкерлердi жұрт жерден алып, жерге салып жатыр.

DALANEWS.KZ. "“Үштұғырлы тіл" саясаты – қазаққа төнген қасірет" - Белгілі ақын, түгел сөздің түп төркінін іздеп, “Қас Сақ аңқымасы" атты күрделі тілтаным (рухтаным) кітабын жазған Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өзінің фэйсбуктегі парақшасында “Үш тұғырлы тіл" саясаты жөнінде көлемді ойын жариялапты. Мұнда ақын қазіргі мемлекеттік саясаттың қазақ тілін ғана емес, тұтас ұлтты жоюға бағытталғанын саяси-философиялық тұрғыдан талдап, таразылапты. “Қала мен Дала" газетінің сауатты оқырмандарымен осы мақаланы бөліскенді құп көрдік.






1 маусым 2016, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.