Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Мұхтар Тайжан митингтер туралы: Ашық тұрған есікті қағудың не мәні бар?", "Шекаралас елдердің компанияларына жерді жалға беру құқығын алып тастау керек – Перуашев", "Дәурен Қуат: Билік өзіне шын жанашыр баспасөзді, журналистерді мойындағысы келмейтіндей

1 984 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Журналист Байдалиноваға үкім шықты" - Алматы соты оппозициялық журналист Гузяль Байдалинова мен кәсіпкер Тайыр Қалдыбаевқа қатысты «Қазкоммерцбанк» арызы толық өтелген деп танудан бас тартты және оларды бас бостандығынан айыруға үкім етті.

"Австрияда әсіреоңшыл кандидат президент бола алмай қалды" - Австрия Жасылдар партиясының бұрынғы төрағасы Александр Ван дер Белленді президент етіп сайлады. Еуропа Одағына (ЕО) мүше мемлекетте алғаш рет билік басына әсіреоңшыл саясаткер келуге шақ қалды.

TENGRINEWS.KZ. "Мұхтар Тайжан митингтер туралы: Ашық тұрған есікті қағудың не мәні бар?" - Өткен сенбіде Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті, оның міндеті Жер кодексінің жерді сату мен жалға беру тақырыбындағы кейбір нормаларына қатысты халықтың даулы мәселелерінің барлығын шешу. 21 мамырда таңғы уақытта комиссия отырысы өтіп жатқанда еліміздің басқа өңірлерінде, әсіресе Алматыда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру әрекеттері болды. Жиналғандар ұсталып жатты, ал қатысушылары болмаған қалаларда журналистер ұсталып жатты. Полиция қызметкерлерінің заңға қайшы әрекет жасауы мәселесін отырыс барысында Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан көтерді. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ол Жер кодексінің нормаларына мораторий жарияланса да және арнайы комиссия құрылса да, неліктен кейбір азаматтардың 21 мамырда митинг ұйымдастырғысы келгені жайлы сұраққа жауап береді.

QAMSHY.KZ. "Асанәлі Әшімов: билік жер мәселесінде халықпен санасуы керек" - Қазіргі таңда қазақты толғандырған басты мәселе – жер дауы. Осы шалағай реформаға қатысты Елбасы тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, мәселені май шаммен қарап жатса да халықтың көңілі орнығуы қиын болып тұр. Ел сенген зиялы қауым өкілдерінің де батылдығынан жалтақтығы басым болып, дүдамал күй кешіп отыр. Осы орайда Алашқа аты мәлім – Асанәлі ақсақалдың да айтары бар. Қазақ өнеріндегі айтулы тұлға «Қамшы» порталының осы жер мәселесіне қатысты және басқа да сұрақтарына жауап берді.

"Аршавиннің мәлім де беймәлім сырлары" - Ресей футбол құрамасының бұрынғы капитаны Андрей Аршавин 29 мамырда 35 жасқа толады. Қазір «Қайрат» командасының құрамындай ойын көрсететін Аршавиннің жеке өмірі көпшілікті қашан да қызықтырған.

DALANEWS.KZ. "Сапарбаев: “Биліктің кемшілігі – халықпен сирек кездеседі"" - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұртпен жүздесіп, халықтың Жер кодексіне қатысты сұрақтарына жауап берді.

BAQ.KZ. "Менен қателік кетті – А.Мұхамедиұлы" - Өткен аптада қоғамдық кеңес алдында есеп берген кезде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы зиялы қауым өкілдерінің білім және ғылым министрінен үш тілді оқытуға қатысты өзгерістерді енгізбеуді жалынып тұрып сұрағаны жайында айтқан болатын. Бүгін журналистерге сұхбат берген министр сөзінен жаңылысып қалғанын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ULT.KZ. "Жүрсін Ерман: Жердiң артында бүкiл қазақ ұлтының тағдыры тұр" - Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі, белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман жер мәселесіне келгенде аса сақ болу қажеттігін айтады. Оның айтуынша, қазір комиссия бүгінде қоғамда дау тудырған барлық түйткілдер бойынша халықтың көңілінен шығатын шешімдер қабылдап, жер мәселесін жауып тастау керек.

TURKYSTAN.KZ. "Жаппай жер сатудан қарапайым шаруалар зардап шегуде" - Аукцион өтпей жатып, жерге талас басталып кетті, — деп хабарлайды 31 арна. Көп қожайын қайдан, қалай, неге жылдам табылып жатыр? Қарапайым шараулардың шарасыз күйін кім ескереді?

QAZAQUNI.KZ. "Шекаралас елдердің компанияларына жерді жалға беру құқығын алып тастау керек – Перуашев" - Қазақстанмен тікелей шекараласатын елдердің компанияларына жерді жалға беру құқығын алып тастау керек. Бүгін Астанадағы Ұлттық кітапханада өткен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев осындай пікір айтты.

"Дәурен Қуат: Билік өзіне шын жанашыр баспасөзді, шын жанашыр журналистерді мойындағысы келмейтін сияқты" - 20-мамырдан 21-мамырға ауған түні Abai.kz ақпараттық порталы ашылмай қалды. Бізбен қатар, Ult.kz сайты, Azattyq.com сайты да жабық тұр. Шамасы, бәріміздің қауіпсіздігіміз бен құқығымызды қатты ойлап, қамқор болып отыратын органдағы достарымыздың қарекеті болса керек бұл.





24 мамыр 2016, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.