Толассыз жауған нөсерден зардап шеккен Атырау жеке секторының тұрғындары үздіксіз жаңбырды, шенеуніктер мен коммуналдық қызметтердің әрекетсіздігін қарғап-сілеуде.
Олар мүлдем әрекетсіз отырған жоқ, шынымен де адамдар мен техника жетіспейді. Вакуумдар тәуліктеп әлеуметтік нысандар аумағынан су тартып шығаруда, ал қала шетіндегі көлшіктер шіріп жатыр. Өз күштерімен шығармақ болғандарға қаржы жұмсауға тура келеді. Мәселен, мотопомпалардың бағасы 100-ден 170 мың теңгеге дейін. Егер ол дизель отынымен немесе бензинмен жұмыс жасайтын болса, қожайыны күн сайын жанар-жағармайға 2-3,5 мың теңгеден жұмсайды.
Электрлік сорғылар да Атырауда кең қолданылады. Арзандарын (бірақ әлсіз) 50 мыңға алуға болады. Одан күштірек агрегаттар 2,5 миллионға дейін баруы мүмкін. Қаладан көмек күтпестен адамдар көбінесе су тартуға арналған арнайы техникасы бар жекелерге жүгінеді. 10 текше метр цистернасы бар КамАЗ-ды жалға алу күніне 12-13 мыңға шығады. Көпшілігі тек резіңке етіксіз аулаға шығуға мүмкіндік алу үшін қомақты ақша жұмсауға әзір.
Айта кету керек, «топан суға қарсы» аяқ киім де тегін таратылмайды, керісінше едәуір ақша тұрады. Ерлердің арнайы аяқ киімі 5-10 мың теңгеге шығады. Әйелдердің резіңке етігі анағұрлым қызықты. Іскер дизайнерлер нәзік жандылар үшін ондаған қызықты жаңа түрлерін жасап шығарған.
Әмбебап, спорттық, көз тартатын ашық түсті, таспен безендірілген және қымбат текстильді түрлері бар. Бұл әзіл емес, танымал және танымал емес интернет дүкендердің парақшаларына көз тастаса жеткілікті. Көлшіктерді талғамсыз етіктен гөрі жергілікті кутюрьенің етігімен кешіп жүрген анағұрлым жақсы. Латекстен және каучуктан жасалған түрлері кем дегенде 25 мың теңге тұрады. Дегенмен, жергілікті базарларда анағұрлым қарапайымдары әрі қолжетімді түрлері сатылады.
Марат ТАКУЛИН
Суретті түсірген автор