Атырау, 19 мамыр 08:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Әзімбай ҒАЛИ: «Репрессия әлі басталған жоқ»", "Ерлан Қарин: тәуелсіздік пен ел тұтастығы ұғымдарынан ешнәрсе жоғары емес", "Мырзатай Жолдасбеков: қазақ жер сияқты, бір қозғалса, қатты қозғалады", "Алматы полициясы арандатуға кірісті ме?"

2 470 просмотра

AZATTYQ.ORG. "AzattyqLIVE: Желі қолданушыларын неге қамады?" - Қазақстанда әлеуметтік желідегі жазбалары үшін «заңсыз шеруге» қатысты айып тағылған ондаған адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды. Кейбір азаматтарды құқық органдарына шақыртып, ескерту жасаған. АzattyqLIVE бұл туралы «Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженовамен талқылады.

"Кремльшіл риторикалы телеарна" - Халық наразылығынан сескенген Қазақстан билігі 21 мамырға белгіленген жер реформасына қарсылық шараларын болдырмау үшін 16 мамырдан бері белсенділерді ұстап жатыр.

ZHASALASH.KZ. "Мырзатай Жолдасбеков: қазақ жер сияқты, бір қозғалса, қатты қозғалады" - ...Бiз сiздерге төмендегi жағдайларды мәлiмдеймiз және ойланып әрекет етулерiңiздi сұраймыз. Жер кодексiне енгiзiлген түзетулер мен қосымшалардан дау шықты. Ол бар­ған сайын үдеп барады. Оның билiк пен халық арасындағы теке­тiреске ұласу қаупi төндi.

"Нұрхан Жұмабеков: «Еуразия-1» телеарнасы менi қорлап, намысыма тидi" - “Рұқсат етiлмеген жиынға келген әрбiр адам үшiн ұйымдастырушылар, сiздi шақырғандар емес, анығында жоғарғыдағылар, бесiншi колонна 50 доллардан 150 долларға дейiн алуда. Бұл – әшейiн бизнес. Сiз, сiздiң достарыңыз оны бiлмейдi, ең бастысы олар сiзге қалай шығу керектiгiн бiледi. Сол үшiн төлейдi. Өте алыс жақтан төлеп жатыр – басқа, бiздiң тағдырымызға бей жай қарамайтын елдер... Өкiнiшке қарай, мен асыра сiлтеп отырғаным жоқ. Бұл бәрiне түсiнiктi болды".

QAMSHY.KZ. "Алматы полициясы арандатуға кірісті ме?" - Бүгін әлеуметтік желілер мен кей ақпарат құралдары Алматыдағы Республика және «Астана» алаңдары жанындағы үйлердің ауласынан бензин және басқа да жанғыш сұйықтықтар құйылған ыдыстар мен арматура бөліктері, темір таяқтар табылғаны туралы жазуда. Таңертең полиция алаң маңын қоршап, онда қауіпті заттарды іздеуге кіріскен. Түс кезінде қалалық ІІД баспасөз қызметі ақпарат құралдарына хабарлама жолдап, Алмалы және Медеу ауданындағы пәтерлерден Макаров, ТТ үлгісіндегі тапаншалар мен оқ-дәрілердің, төрт бірдей РГД-5 гранатасының, жалпы сомасы 5 миллион теңге болатын ақша тәркіленгені, күдікті ретінде бес адамның ұсталғаны туралы мәлімет таратты.

BAQ.KZ. "Мырзатай Жолдасбеков: қазақ жер сияқты, бір қозғалса, қатты қозғалады" - Мемлекет және қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбеков жерді аукцион арқылы сатса, қазақтың шұрайлы жерлері қалталы азаматтардың қанжығасында кетеді деп алаңдайды. Оның ойынша, алдымен ауылдағы қарапайым қазақтың қамын ойлау қажет. Ал жер дауына келгенде, халықтың төзімділігін сынауға болмайды. «Қазақ түгел атқа қонса, ешкімді тыңдамайды. Ол не аттан өлтіріп түседі, болмаса, өзі өліп түседі», - дейді М.Жолдасбеков.

ABAI.KZ. "Қандастарымыз сәбилі болу үшін перзентханаға 300 мың теңге төлеп жүр" - Қазақстан қоғамында шешім күткен, аса маңызды, өте өзекті мәселелер жетіп артылады. Мәселен тіл, жер, жемқорлық, отандық өндіріс, ауыл, экология, ақпараттық экспанция, ұлттық тәрбие, діни экстремизм деп тізбектеліп кете береді.

""Көк базарда" көп қытай жүр. Қхр өкіметі алаңдаулы" - «Көк базардың» ішіндегі асханалардан түстенетініміз бар. Қашан барсақ та, алдымыздан топтасып, 20-30 ханзу ұлтының адамдары шыға келеді. "Олар базарда не істеп жүр?", "Оларды тексеріп жатқан құзіретті органдар бар ма?" деген секілді сұрақтар көкейімізге оралады.

ULT.KZ. "Ерлан Қарин: тәуелсіздік пен ел тұтастығы ұғымдарынан ешнәрсе жоғары емес" - Танымал саясаткер, Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин жер дауына байланысты Атыраудан басталған митингтердің оң және теріс жақтарын сараптаумен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қазақ қоғамы қандай трансформациядан өтіп жатқаны туралы ой өрбітті.

"Асқар Жұмаділдаев: орта мектепке барлық ғылым, барлық оқу пәндері ана тілінде жүруі керек" - Қоғамдық ғылым бар, жаратылыстану ғы­лымы бар. Біз Советтік дәуірді «қы­лы­шы­нан қан тамған кезең» деп жамандауға көш­тік. Шындығында, өткенге бұлай күйе жағу­ға болмайды. Совет Одағы кезінде көп­теген жаманшылық та, көптеген жақ­сы­лық та болды. Аштық, репрессия, халық санының екі есе кемуі Советтік дәуірдің жаманшылығы екені рас. Қазақ елінің осы күнгі шекарасын Советтік дәуір кезінде Ле­нин белгілеп берген. Ол кезде осы күнгі біздің классик деп жүрген жазушы­ла­ры­мыз­дың 99 пайызы танылды, қазақтың оқу-білім жүйесі қалыптасты.

DALANEWS.KZ. "Әзімбай ҒАЛИ: «Репрессия әлі басталған жоқ»" - Белгілі саясаттанушы, тарихшы Әзімбай Ғали соңғы күндері қоғамды алаңдатып отырған жағдайға байланысты өз ойымен бөлісті. Жер мәселесіне байланысты 21 мамыр күні бейбіт шеруге шығуды көздеген республиканың әр түкпіріндегі қоғамдық белсенділерді жергілікті билік тұтқындап, 15 күннен 2 ай мерзіміне дейін соттап жатыр. Саясаттанушы болса «Репрессия әлі басталған жоқ» дейді.








20 мамыр 2016, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.