AZATTYQ.ORG. "Қамалғандар саны 20-дан асты" - Қазақстанда жер мәселесіне байланысты белсенділер мен қарапайым азаматтарды қамау кейінгі екі-үш күнде күрт жиіледі. Астана мен аймақтарда полиция ұстаған, артынан сотталып, 10 немесе 15 тәулікке абақтыға жабылған азаматтар саны мамырдың 18-і күні 10-нан асқан еді, бүгін түрмеге түскендер 20-дан асты.
"БҰҰ қазақстандық әйелге араша түсті" - Қостанайлық тұрғынның «сексуалдық әрекетке мәжбүрлеу» туралы шағымын қараған БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комиссиясы келіншектің «құқығы бұзылғанын» анықтап, Қазақстан билігін моральдық және материалдық өтемақыны төлеуге шақырды.
ZHASALASH.KZ. "Ұстанымыңыз ұлттық мүддеге сай ма?" - Сенбi сайын бас қосып, дөңгелек үстел басына жиналатын Жер реформасы жөнiндегi комиссия мүшелерi – негiзiнен елге белгiлi адамдар. Бiрақ белгiлi адамдар халықтың емес, билiктiң сойылын соғатын бүгiнгiдей заманда комиссияның қай тарапқа қисаятынын болжау аса қиын емес. Өйткенi тiзiмге енген жетпiс бес адамның iшiнде қазақ жерiнiң саудаға түсуiне қасқайып қарсы тұрады-ау деп үмiт артуға болатындары санаулы. Өткен жұма күнi, яғни алғашқы басқосудан бiр күн бұрын “Жас Алаш" тiлшiлерi осындай он шақты азаматқа телефон шалып төмендегi үш сауалдың жауабын алуға тырысқан. Кейбiреулерi телефонын көтермесе, ендi бiреулерi әңгiменi кейiнге сырғытты. Макс Боқаев пен Мақсат Нұрыпбайдың комисиия құрамынан шығуына байланысты оларға қойылған алғашқы сұрақ өзгердi. Қалғаны – төменде.
"«Астанада тұрғысы келмейтiн» Айсұлтанның уәдесi Талдыкөлде экотуризмдi қалай дамытуға болады?" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересi Айсұлтан Назарбаев Астанадағы танауды жарған сасық иiстi кетiрмесе, Әдiлбек Жақсыбековке арнап, қаланың қалдық суы жиналатын Талдыкөлдiң жағасына киiз үй тiгiп беруге уәде еттi. Өткен айдың соңында Н.Назарбаевтың қала әкiмiне қысқа уақытта Астанадағы қоңырсық иiстi жоюды бұйырғаны белгiлi. Айсұлтан Назарбаев Фейсбуктегi парақшасында футболдан бастаған жазбасын Астананың исiмен көңiрсiттi.
QAMSHY.KZ. "Нұрсұлтан Назарбаев: жер реформасы жөніндегі комиссия заңнаманы жетілдіру бойынша келісілген ұстанымды жасап шығуы тиіс" - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған кеңес өткізді.
"Мәсімовтің орнына Жақсыбеков жайғаса ма?" - «Үкімет басшысы ауысады екен» деген әңгіме бір бүгін шығып отырған жоқ. Соңғы премьердің бұл лауазымға бірнеше жыл ішінде бірнеше рет тағайындалуын еске алсаңыз-ақ бұл әңгіменің төркіні тереңде екенін түсінесіз. Ал, осы күнгі отставка туралы әңгіменің әдеттегі ас үйде айтылатын ауыс-түйістен айырмашылығы көп. Жер мәселесіне орай туындаған наразылық ел ішінде өршіп тұр. Заңға енген өзгерістерге Елбасының өзі араласып, мораторий жариялады. Жер реформасымен айналысатын комиссия жұмыс бастады. Жерден басқа да үкіметтің атына жақсы атақ әкелмейтін күрделі мәселелер бар. Осы жәйттер түрткі болды ма, басқа себептері бар ма, әйтеуір әлеуметтік желі мен азаматтық белсенділер арасында «Мәсімов орнынан кетеді екен» деген әңгіме бүгінде желдей есуде.
ABAI.KZ. "Қазақстанның қазба-байлығы сатыла ма? Министрліктің жауабы" - «Жер дауы» жанданып, қоғам астаң-кестең күйге түскенде Астана жақтан тағы бір хабар жетті. Жерді аукцион арқылы ашық саудаға шығырып сатамыз деген әуелгі мақсаттарына жете алмаған Үкімет енді Қазақстанның кен орындарын аукцоионға шығарып жатыр екен.
"Байсалды ел байқаусыз қате жібермес..." - Елбасы Жер Кодексіне түзетулерге мораторий жариялап, елді түсіністікке шақырып отыр. Жер мәселесінде еліміздің экономикалық, ұлттық, әлеуметтік, қауіпсіздік, ақпараттық мүдделері тоғысып жатыр.
ULT.KZ. "Арабтар қаз адай шежіресінде" - Осы күнгі кейбір тарихшылар аузын ашса болды, Атам Қазақтың барлық сөзі мен тарихын өзге ұлттарға апарып телиді. Айтатындары орыс айтты, парсы айтты, арап айтты, қытай айтты болып кете береді. Тура бір қазақтың таңы соларсыз атпаған сияқты. Ақиқатында, мұның бәрі керісінше болған, яғни бүкіл әлем елдерінің тарихы өз бастауларын Қазық жұрттан (Қазығұрттан, Қазақтан) алады.
DALANEWS.KZ. "17 миллион халықты асырау қиын ба?" - Бізде бəрі бар дейді. Анығында түгіміз жоқ. Сенбесеңіз тұрмысымызға қараңыз. Рас, жеріміздің асты да, үсті де астатөк байлық. Менделеев кестесіндегі алуан түрлі қазба байлықтың түгелге жуығын Қазақстаннан табуға болады- мыс. Білетіндер солай дейді.
QAZAQUNI.KZ. "Әзімбай Ғали. Мың өліп, мың тірілген қайран халқым…" - Елдің толқуы патшалық Ресей үкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы бұратана халықтардың ер азаматтарын өз әскерінің тылдағы жұмысына жегу туралы Жарлығынан кейін басталған екен. Бұл – 1916 жылдың 25-маусымы еді.