Атырау, 20 желтоқсан 06:58
 ашықВ Атырау -4
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

"«Деструктивті контент» интернетті шектеуге сылтау ма?", "Жердi жеке меншiктен мемлекет меншiгiне қайтару қажет!", "«Бірінші арнаны» айтқанда қырғиқабақ соғысты да еске алды", "Қырғыз билігі: Ресей ішкі саясатымызға араласып отыр"

2 015 просмотра

QAMSHY.KZ. "Мұхтар Құл-Мұхаммед: біздің кең-байтақ жеріміздің ешбір бөлігін ешуақытта шетелдіктер иеленбейді" - Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің және зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысы талқыланды.

"Қырғыз билігі: Ресей ішкі саясатымызға араласып отыр" - Бүгінде көрші Қырғызстанда оппозиция серкелерін тұтқындау жалғасуда. Мұны ел басшылығы 17 мамыр күні бірқатар саяси топтар елде мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлады деп түсіндіруде.

AZATTYQ.ORG. "«Деструктивті контент» интернетті шектеуге сылтау ма?" - Қазақстанда жыл сайын «деструктивті контентке ие» деген желеумен ондаған сайт жабылады. Құқық қорғаушылар бұл терминнің жиі қолданыла бастағанына қауіптене қарайды.

"«Бірінші арнаны» айтқанда қырғиқабақ соғысты да еске алды" - Қарағандылық азамат «митингіге шыққандарға ақша төленгенін» бірнеше рет хабарлаған телеарнаны сотқа берді. Сарапшылар қазақстандық көрермендердің БАҚ-қа сын көзімен қарайтынын айтады.

ULT.KZ. "Ауылды қалай сақтап қаламыз?" - Қазақтың жаны ауылды сақтаудың бірден-бір жолы: «Жаңа ауыл өндірісі» атты құрылымды ашу болып табылады.

"Геннадий Шиповских ішкі істер министрін қазақша сөйлете алмады" - 5 жылға сотталған Төлеген Игібековке Ішкі істер министрінің өзі араша түсті. Қалмұхамбет Қасымов кесілген жазамен келіспей, Жоғары сотқа хат жазыпты. Мәжіліске есеп беруге келген министрден қарамағындағы сақшыны қалайда қорғап қалуды депутаттар да талап етті.

ZHASALASH.KZ. "Жердi жеке меншiктен мемлекет меншiгiне қайтару қажет!" - Жер мәселесi жеке меншiк объектiсi ретiнде президент Н.Назарбаев тарапынан алғаш күн тәртiбiне қойыла бастаған сонау 90 жылдардың басына бармай-ақ, 2003 жылдың 20 маусымы күнi “елбасы" халық наразылығына қарамастан Жер кодексiне қол қойған сәттен берi қарай бiздiң елiмiзде орын алған жағдайды қысқаша ғана шолып өтсек, не көремiз?

"Зейнолла Кәкiмжанов: “Ауыл шаруашылығын тек өз күшiмiзге сүйенiп өткере аламыз"" - Бүгiнгi таңда төтесiнен қойылатын қабырғалы мәселе – жер мен топырақ жағдайын және жер пайдалануды бақылайтын, мониторинг жүргiзетiн ұлттық жүйе құру.

ABAI.KZ. "Министр Абаев "Еуразия" арнасының айналасында қалыптасқан ахуалға алаңдаулы" - Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Еуразия» арнасының айналасында қалыптасқан ахуалға алаңдайтындығын білдірді,-деп хабарлайды «Exclusive.kz» порталы.

"Кәріқыздар мен сүрбойдақтар үкіметке керек емес пе?" - Қазақ елінің демографиялық мәселесі әлі күнге дейін өзекті тақырып болып тұр. Мемлекеттік деңгейде шешім күтетін демографияға қатысты кәріқыздар мәселесін заң шығарушы қос палата азаматтарының ортақ қазанға салып қайнатпақ түгілі, маңайлатуға да қауқарлары жетер емес. 7-8 жылдай бұрын депутаттар екі әйел алу туралы мәселені қозғап, жұрт біраз даурығып басылған еді. Енді бәрі үнсіз. Кейбір дерек көздері еліміздегі кәріқыздар саны 1.5 миллионға жетеді, дейді.

SN.KZ. "Зиялы қауым өкілдері жердің шетелдіктерге жалға берілуін қолдады" - Еліміздің бірқатар зиялы қауым өкілі ауылшаруашылық жерлеріне инвестиция тарту үшін жер шетелдіктерге жалға берілу керек деп есептейді. Бұл туралы кеше Алматыда «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел басында айтылды.

DALANEWS.KZ. "Әншілер орыстілді радиолармен күресуі керек" - Қазіргі таңде елге ең танымал тұлғалар – әншілер. Күні кеше ғана жер мәселесі туындағанда халық олардың бұл дауға қатысты үн қатуын күтті. Мұны сезген Сәкен Майғазиев, Бекжан Тұрыс сынды ұлтжанды азаматтар бірқатар әріптестерімен 31 телеарна арқылы өз ойларын білдіріп, азаматтық позициясын аңғартты. Мемлекетіміздің нығайып, қазақ тілі тұғырына қонған сайын қазақ тілінде ән салатын өнерпаздардың абыройы артып, табысы еселене түсетіні белгілі. Бірақ көп жағдайда отандық шоу-бизнес өкілдері өз мүдделерін қорғай алмай жататыны да жасырын емес.

TURKYSTAN.KZ. "Қырғыздар биліктен жерді шетелдіктерге жалға беруге мороторий жариялауды сұрады" - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» жарлығы қырғызстандықтардың да қолдауына ие болуда.

QAZAQUNI.KZ. "Қарыз қамытынан қашан құтыламыз?" - Тап болған қаржылық қиыншылықтан шығудың оңай жолын жақсы меңгерген Үкіметіміз бюджеттің тапшылығын жою үшін Халықаралық қайта құру және даму банкінен тағы да 1 миллиард доллар несие алуды жоспарлап отыр. Сөйтіп, онсыз да әлемнің бірқатар мемлекетіне қарыз Қазақстанның берешегі тағы 1 миллиард долларға артпақшы. Мәжілістің кезекті отырысында көтерілген бұл мәселе бастапқыда санаулы депутаттардың ашу-ызасын туғызғанымен, әдеттегідей басым дауыспен бекітіліп кетті. Тағы да депутаттар дәрменсіздік танытты.



17 мамыр 2016, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.