AZATTYQ.ORG. "AzattyqLIVE: Жер комиссиясының алғашқы сыңайы" - AzattyqLIVE хабарында Қазақстанда құрылған Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысының нәтижелері талқыланды. Хабар сарапшысы осы комиссияның мүшесі, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім болды.
"«Жер комиссиясының» алғашқы отырысы" - Үкімет жанынан құрылған «жер комиссиясының» алғашқы отырысы жеті сағатқа жалғасып, алпыстай адам сөйледі. Жиын барысында кейбір парламент депутаттары мен азаматтық белсенділер дауласып қалды.
ULT.KZ. "Елеусіз қалған бір ерлік немесе даланы дүр сілкіндірген дүрбелең" - ХХ ғасырдың бірінші жартысында жалпы қазақ даласында, оның ішінде Арқа жерінде болып өткен аса ірі қоғамдық-саяси оқиға – 1916 жылғы халық көтерілісі. Осы дүрбелеңді қозғалысты зерттеушілердің біразы оған «ұлттық көтеріліс», «ұлт-азаттық қозғалыс» деген баға берсе, тарихшы М.Қозыбаев «ұлт-азаттық революция» деп атаған екен. Дегенмен, қалай десе де, бұл ұлан даланың төсіндегі Кенесары көтерілісінен кейінгі ұлы дүбір, ұранды ереуіл болғаны шындық. Бұған дейін осы оқиғаға отарлаушы патша өкіметінің көшпелі қазақ еліне жасаған кезекті бір қиянаты деп қана қарап келдік. Солайы солай ғой. Бірақ, оның ар жақтағы себебі мен салдарына көз жүгіртсек, қазақ жеріндегі халық көтерілісінің басталуына алғышарт болған Бірінші дүниежүзілік соғыс екенін байқар едік. Осы жөнінде оқырманға түсінікті болу үшін қысқаша ғана баяндап өтелік.
"Билік халықтың қалауын түсінбейді" - Құлқының қамын ұлтының арынан биік қойған дүбәра билік халықтың қалау-тілегін түсінуден қалды. Олардың бар мақсаты — жұмсақ креслоға жамбасын желімдеп, жер-жаһанды жалпағынан басып жүре беру. Тек жүру һәм тоқ жүру…
DALANEWS.KZ. "“Алаш жолы" қозғалысы үкіметтік комиссия құрамынан шықты" - Бұл ақпаратты «Алаш жолы» қозғалысы жетекшілерінің бірі Мақсат Ілиясұлы растады. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қоғам белсендісі бұл шешімді былай деп түсіндірген екен.
ABAI.KZ. "Ресейлік арна, қазақты отқа итерме!" - «Cасқан үйрек артымен жүзеді» деуші еді қазақ. Жер мәселесіне қатысты алаңға шыққан қалың бұқараны «АҚШ-тың долларына бола Отанын сатқандар» деп айыптаған «Евразия» арнасы сол сасқан үйректің кебін киіп,тағы да шулы сюжет көрсетті. Бұл енді, айтып сөзбен жеткізе алмайтын – арандату. Басқаны қайдам, біз солай ойлаймыз.
"Бокстағы былық: Назым Ищанованың жолын кім кесті?" - 19-мамыр күні Елорда төрінде бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтетінінен хабардар боларсыз. Аталған додада Рио-де-Жанейро қаласында болатын жазғы олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.
QAZAQUNI.KZ. "Бекболат «Жер сатылсын!» деген жоқ, оны жалға беруді қолдайтынын айтты…" - Қолға қалам алғызған тағы да жер дауы. Жер дауы болғанда да сол жерді желеу етіп, ел сенген, ұлттың сөзін сөйлейтін аз ғана азаматты мұқатуға тырысушы кей азаматтарды ісі.
QAMSHY.KZ. "Жазға жаңа премьермен жетеміз бе?" - Санаулы күннен соң жадыраған жаз жетеді. Жаңару мезгілі саналатын көктемде қазақтың көңілі жайланбды. Қаржылық қиындықтан туған түрлі проблемалар билікті де, басқаны да тығырыққа тіреді. Елдің ертеңге деген үмітінен күдігі басым. Бірақ, жабыққан жұрттың көңілі жазда жадырайды деген үміт жоқ емес.
"Мақсат Ілиясұлы: жер комиссиясы оң нәтижеге жету үшін парламент жанынан құрылуы керек" - Астанада өткен Жер комиссиясының отырысында заңгер, «Алаш жолы» қозғалысы жетекшілерінің бірі Мақсат Ілиясұлы осындай ұсыныс жасады.
HALYKNEWS.KZ. "Керексіз ғылым, дерексіз ғалым" - Еліміздің Білім және ғылым министрлігіне қарасты бірқатар ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің бес айға жуық еңбекақысыз қалғаны «Жас қазақ» газетінің өткен (№18) нөмірінде жазылған болатын. Мектеп реформасына екі жеңді түре кіріскен министр Ерлан Сағадиев білімнің атасы – ғылым саласын есінен шығарып алғанға ұқсайды.