Атырау, 19 мамыр 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Жер комиссиясы күдікке де, үмітке де себеп", "Білімнің "бизнесмен" министрінің байлығы қанша?", "«Жұмбақ жан»", "Жер және комиссия","«Көк түсті» Стивен Кингпен сұхбат", "Осман империясын күйреткен уахабизм"

2 606 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жер комиссиясы күдікке де, үмітке де себеп" - Жер реформасы комиссиясы туралы әрқилы пікір айтыла бастады. Оған енгізілген азаматтардың бірі «жер мәселесін қозғаған белсенділерді қудалау тоқтамаса, комиссияға қосылмайтынын» мәлімдеді.

"Көшкенталдықтар жайылым сұрайды" - Алматы облысы Ақсу ауданы Көшкентал ауылының тұрғындары 120 гектар жердің егістік мақсатында игерілуіне наразы. Олар «бос жатқан» жерді жайылымға айналдыруды талап етеді. Билік өкілдері жер жыртуды тоқтатуға мәжбүр болған.

ZHASALASH.KZ. "Панаманы паналағандар жасырған ақшаларын жария ете ме?" - 9 мамыр – Жеңiс күнi әлемдiк журналистiк зерттеулер тарихындағы ең iрi әшкерелеуге айналған “Панама құжаттары" деген атпен танымал офшорлық компаниялардағы миллиондаған есепшот иелерiне қатысты ақпарат интернет бетiне шығып кеттi. Өз елiн тонаған диктаторлардың, салықтан жалтарған бай бизнесмендер мен қылмыс әлемiнiң көсемдерi, тағы басқаларының заңсыз ақшалары Панамадағы құпия офшорлық компания­лардан пана тапқаны белгiлi болды. Мұхиттың ар жағындағы шағын елде орналасқан, офшорлық компанияларды тiркеп, олардың iсiн жүргiзуге көмектесетiн Mossack Fonseca заңгерлiк компаниясының тiзiмiнде 250-ден астам Қазақстан азаматы мен ондаған отандық заңды тұлғаның есiмдерi сопаң етiп шыға келдi.

ULT.KZ. "Жер реформасы комиссиясына үндеу!" - Жерімізді сатпайық, табиғатымызды қорғайық, арды сақтайық, намысты бермейік, туған еліміздің ар-намысын жоғары ұстап, абыройын арттырайық!

"Осман империясын күйреткен уахабизм" - Бүкіл мұсылмандардың қорғаншысы болған Осман империясы өзге елдің терезесімен тең өмір сүріп, өркениеті дамып келе жатқан шағында ағылшындар қалай да бұл империяны аяғын шалудың жолын қарастырды. Сол уақытта ағылшындар Абдул Азиз ибн Мұхаммед әл Саудпен бірлесіп өздерінің әлсіздіктерін біле отырып империяға тікелей емес оны іштей құлдыратудың жоспарын тізді.

ABAI.KZ. "Білімнің "бизнесмен" министрінің байлығы қанша?" - Нұралы Бектұрғанов, Шәмші Беркімбаева, Жансейіт Түймебаев, Бақытжан Жұмағұлов, Бірғаным Әйтімова, Жақсыбек Құлекеев, Қырымбек Көшербаев, Владимир Школьник, Ғалым Әбілсейітов, Аслан Сәрінжіпов... бұл Қазақстан Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Білім мен ғылым министрлігін басқарып, әр қайсысы бір-бір реформа жүргізіп шыққан министр мырзалар мен ханымдардың тізімі. Жоғарыда аталғандардың кейбірінің есімдері ел құлағынан суып кетсе, кейбірі үшін БҒМ карьералық өрлеудің кезекті баспалдағы ғана болғаны жасырын емес. Реформатор Аслан Бекенұлының бастамаларын есептемегенде, әлгі министр жолдастардың не бітіріп, не тындырғаны естеріңізде ме? Әй, қайдам...

"Жер және комиссия" - Кеше 75 адамнан жасақталған жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер, азаматтық белсенділер кірген. Кешелі бері комиссия құрамы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік комиссия жұмысына үміт артып отыр. Және комиссия құрамына билік тарапының және оның мүддесін қорғайтын адамдардың саны көптігіне қарап, жер мәселесі оң шешім табатынына күмәнданып отырғандар да бар. Ертең комиссияның алғашқы отырысы өтеді.

DALANEWS.KZ. "«Жұмбақ жан»" - ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2007 жылы Үкіметті басқарғанға дейінгі өмірі ірі қызметтер атқарғанына қарамастан беймәлім болып келді. Бірнеше министрлікті басқарып, Премьер-министрдің орынбасары болғанына қарамастан, оны қарапайым жұртшылық жыға танымайтын. Ол ірі қызметке отырғанда жұртшылық, әсіресе қарапайым халық пен зиялы орта және журналистер бұл жаңалыққа тосырқай қарады. Оның өмірбаянын іздегендер, тегін сұрағандар, сондай-ақ қай этностың өкілі екеніне қызыққандар көп болды.

"«Көк түсті» Стивен Кингпен сұхбат" - Стивен Кинг – жан-жақты талантты тұлға: ол рок стиліндегі авторлық топта гитарада ойнайды. Мен осы кездесуімізді пайдаланып, одан бұл аспапта қалай шебер ойнау керектігін үйренуге тырыстым. Ол сондай-ақ,өзінің актерлік қабілетін көрсеткен Ричард Никсонның ролін ойнады. Ал, бірақ ол жазуға келгенде өте бірбеткей еді және ол қазіргі Америка өмірін құпиялы және тамаша формаға сала алған айлалы хроника жасаушы.

QAZAQUNI.KZ. "Билік Әбдішевтің өтінішін қабылдай ма?" - Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев 12 мамыр күні бейсенбі күні қылмыстық істерге қатысты Қазыбек аудандық сотына мерзімінен бұрын босату туралы қолдаухат берді.

SN.KZ. "Елдегі әлеуметтік наразылықтың күшеюіне әлсіз идеологтар кінәлі — блогер" - «Хабар» телеарнасының бұрынғы қызметкері, бүгінде танымал блогер Дина Елгезектің (Дина Төлек) пікірінше, Қазақстан идеологиясының құлағын ұстап отырған Гүлшара Әбдіқалықова бұл саланы ұзақ уақыт басқарса да абыройын асқақтата алмаған. Нағыз іскер азаматтар елімізде көп болғанымен, дарынсыздар оларды бұл маңайға жолатпайды дейді ол.

TURKYSTAN.KZ. "Дүниежүзілік банк Қазақстанға 1 миллиард доллар қарыз бермек" - Қазақстанның сыртқы қарызы шамамен ІЖӨ-нің 20 пайызын құрайды. Бұл туралы кеше Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланған болатын.









13 мамыр 2016, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.