Атырау, 29 қараша 01:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Атыраудағы соңғы танго

2 598 просмотра


Өткен жылдың күзінде қала құрылысы кеңесінің отырысында Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ облыс орталығына өлкеміздің символдарының бірі бекіреге арналған ескерткіш орнату міндетін қойған еді. Таяуда ғана бұл ескерткіш у-шусыз ашылды.

Илья Жақанов пен Бейбіт Меңдіғалиевтың туындысын ескерткіш деп атау дұрыс емес болар еді. Ескерткіш қатарымызда жоқ жандарға қойылады ғой. Екінші жағынан алып қарасақ, бұл шындыққа жақындар еді. Өйткені бекіре тұқымдастар адамдардың тынымсыз еңбектерінің "арқасында" жоғалып кетті деуге болады. Теңіз бен өзен осынау ғажайып балыққа толы болған кезде қандай контрастқа ие еді.

Бәлкім, жалпы кінәмізді сезінуіміз жобаға қатысушылардың барлығына әсер еткен шығар. Өйткені, біріншіден, тас мүсін өте шағын ауқымда таңдалған, екіншіден, оны қалалық әкімдік ғимаратының мұқият қырқылған бұталарының ар жағына жасырып қойған. Соңғы билерін билегендей екі бекірені тек әкімдік қызметкерлері ғана тамашалай алады. Тұғырға орнатудың орнына мүсінді топырақ төбешігіне шала шарпы қадай салғандай (бұл да көңіл жабырқатады).

Басқа қалаларда қандай?! Мәселен, балық-арыстан Мерлионның 9 метрлік статуясы – Сингапурде аттас өзеннің сағасында орнатылған. Бұл композицияда арыстан күш пен батылдықтың белгісі, ал балық денесі Сингапурдың теңізбен тығыз байланысын айқындайды. Статуя жергілікті тұрғындар мен туристер арасында өте танымал. «Сен де айтасың ау, Атырау қайда, Сингапур қайда? дер маған. Алайда сол күзгі отырыста қала әкімі сингапурлық Мерлионды мысалға келтірген болатын. Ал бізде қолдан келгені жасалды.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

10 мамыр 2016, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.