AZATTYQ.ORG. "Тұтқын мұсылманның әйелінің бір күні" - Дәстүрлі емес ислам қауымының қазір түрмеде отырған бұрынғы уағызшысының әйелі некелерінің бұзылатынын сезеді. Оның туыстарымен болған жанжалдан кейін келіншегі кішкентай екі баласын ертіп, күйеуінің үйінен кетуге мәжбүр болған.
"Жер дауын мораторий шеше ме?" - AzattyqLIVE жер заңының даулы баптарына жарияланған мораторий туралы парламенттің экс-депутаты Серікбай Әлібаевпен талқылайды.
DALANEWS.KZ. "Мәсімов тәубесіне түсе ме?" - Бізде Үкімет жоқ, кландар, ірі шонжарлар және қаржылық капиталдарды өзара ымырамен (кейде таласпен) бөлісетін топтар ғана бар. Егер Үкімет болса, шынымен де халыққа қызмет көрсететін менеджерлер шоғыры болса (Үкімет мүшелері дегеніміз осы заман тілімен айтқанда менеджерлер болуы керек) онда бүгінгі талас-тартыстың бірі де болмас еді.
ZHASALASH.KZ. "Отан деген – табаныңның астындағы жер" - Отан деген немене? Ел экономикасының доноры атанған Алматы ма, көркiне көз тоймайтын Бурабай ма? Бәлкiм, “тақыр жерден тау болып тұрған" Астана шығар? Жоқ, шекараның бергi бетiнiң бәрi – Отан. Отан – бiртұтас. Кәдiмгi адам ағзасы секiлдi. Ол бөлiп-жаруды көтермейдi. Мәселен, Сiз бiр саусағыңызды өзгеге кесiп бара аласыз ба? Кесiп бере алмайсыз. Ендеше Отан да сондай. Айырмашылығы, жаны жоқ. Отанды қорғау – адамның борышы, халықтың мiндетi. Отанды тану үшiн Астана мен Алматыда тұру шарт емес. Сiздiң табаныңыздың астындағы алақандай жер де – Отан.
"Түзел Тапалов: Жемқорлық жайлаған заманда жердi сатуға да, бөгделерге жалға беруге де болмайды" - “Жас Алаш" газетiне жердi сатуға қарсылық танытып, өздерiнiң азаматтық ұстанымдарын ашық бiлдiрiп, келiп-кетiп жатқан оқырмандар легi толастар емес. Солардың бiрi – өз өмiрiн ауыл шаруашылығына арнаған, жердi сату және оны игеру барысындағы қитұрқы амал-айла, iс-әрекеттердi жетiк бiлетiн тәжiрибелi маман Түзел Тапалов редакцияға келiп, өз ойымен бөлiстi. Газет тiлшiсiмен болған екеуара әңгiменi оқырман назарына ұсынамыз.
QAMSHY.KZ. "Eл жерді қорғады, Елбасы елді қолдады" - Соңғы айдағы халықты алаңдатқан басты мәселе – жер дауы болғанына ешкім шүбә келтірмес. Кей шенеуніктің шалағай шаруасы жер тағдырын бәйгеге тігіп, оның арты жалпы халықтық толқуларға ұласып кете жаздады.
ULT.KZ. "Тасмағамбетов — бірінші, Мұхамедиұлы — ең соңғы…" - Кешегі күні «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы билікте жүрген элитаның рейтингісін жария етті. Бір атап өтері рейтинг сауалнаманың нәтижесінде шығарылған. Оған 24 сарапшы қатысыпты. Дәлірегі сарапшылар дегеніміз саясаткерлер, журналистер мен бизнесмендер және қоғамдық ұйымның өкілдері екен.
ABAI.KZ. "Жаңа министрлік ақпараттық кеңістік қауіпсіздігін қорғай ала ма?" - Кеше Астанада өткен жиын кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Ақпарат және коммуникация министрлігін құру туралы айта келіп: «Ақпараттық саясатқа келер болсақ, бұл функция қазір басқа министрліктің құзырында тұр. Үкіметте бұл саланы үйлестіріп отырған ешкім жоқ, ақпараттық жұмысқа бөлінген мемлекеттік ақша қайда кетіп, қайдан келіп жатқанын ешкім бақылап отырған жоқ. Сондықтан, Бес реформаның орындалу барысын тиімді тарату үшін, қазіргі ақпараттық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін жаңа уәкілетті мемлекеттік орган - Ақпарат және коммуникация министрлігін құруды тапсырамын».
"...Қытайдан тәуелсіздік сұрап жүрмейік..." - Қытайлықтардың өктемдігі соңғы жылдары тым шектен шығып барады. Шындықты көтерген жұмысшылардың белсенділерін, олардың құқықтарын қолдаушы кәсіподақ өкілдерін қуғындаумен айналыcады. Біз қанша жерден демократиялық қоғам құрып жатырмыз десек те, қытайлықтардың «әшекейінің» ту сыртынан аумақтағы қоғамдық, саяси ахуалды ушықтырушы «таптық үстемдігінің» төніп келе жатырғанын көре білуіміз керек. Қытайлықтардың қазақ халқының табиғатымен ешбір сиыспайтын қылықтары: менменшіл өркөкіректігі, қазақ жұмысшыларына екінші сортты қаралар ретінде қарауы, осының барлығы аймақта гегомондыққа ұмтылған ұлы державалық авантюризм саясатынан туындап жатыр деп ойлаймыз.