Атырау, 19 мамыр 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Содырлар бүлігі Өзбекстан іргесіне жетті", "Мұрат Әуезов: «Қазақстандағы қытайдың саны біз ойлағаннан әлдеқайда көп»", "«Ұрандап жүріп ұрынып қалмайық!»", "28-панфиловшылар монументі қашан бұзылады?"

2 258 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Содырлар бүлігі Өзбекстан іргесіне жетті" - Өзбекстан тұрғындарының оңтүстіктегі Ауғанстан жақтан зымыран гүрлісін естімегендеріне бірер жылдың жүзі болған еді.

"Билік өкілі: «Бос жатқан 100 миллион гектар жер бар»" - Ұлттық экономика министрлігінің өкілі біраз жұртты наразы еткен мәселені – жерді сату және шетелдіктерге жалға беру жайын түсіндірді. Ол елдегі жерге қатысты өтіп жатқан митингілерді де сөз етті.

ZHASALASH.KZ. "Жалға беріп, жерінен айырылған елдер" - Қазақтың жері — бізге ата-бабамыздан қалған мұра. Оны бөтен елге ешқашан түбегейлі сатуға немесе жалға беруге болмайды. Тарихқа үңілейікші… Ресей кезінде Алясканы АҚШ-қа жалға берген болатын, ол жерден Ресей түпкілікті айырылды. Осы оқиғаны дүние жүзі біледі. Сондай-ақ Күрдістан мемлекеті кезінде жерін кепілдікке қойып қарызға ақша алған болатын. Кейін қарызын қайтара алмауы себепті 3 ел – Ұлыбритания, Франция және Түркия оның жерін бөліп алып, Күрдістан елі мемлекет ретінде тарихтан жойылды. Сонымен қатар, Палестина мемлекеті кезінде жер сатуды парламентке шығарып, жер сату жайлы заң қабылдаған болатын. Сол заңның негізінде олардың жерінің бір үлкен бөлігін еврейлер сатып алып, кейін әр алуан жолмен кеңейтіп, сол жерге қазіргі Израиль мемлекетін құрды. Демек, қандай да мемлекет жерін сатса немесе ұзақ жылға бөтен елге жалға берсе, онда ол жерден міндетті түрде айырылады.

"Әдiлбектiң «аңқымасы» немесе Талдыкөл жағасындағы ЭКСПО" - Өткенде президент кәдiмгiдей ашуланды. Астананы дамытуға арналған жиында көңiл-қошы болмаған қазақ басшысы қала әкiмiн орнынан тұрғызып қойып сөктi. Таяқтың бiр ұшы шаһарды баяғыда басқарып кеткен И.Тасмағамбетовтiң де басына тидi. Қысқасы, президент жыл соңына дейiн “танауды қытықтаған" Талдыкөлдiң қоңырсық иiсiн жою қажеттiгiн Ә.Жақсыбековке жақсылап тұрып түсiндiрдi. Түсiнбесе, қайда баратынын да ескерттi. Мiне, осы жерде бiзге “Егер Әдекеңнiң әрекетi нәтиже бермеген жағдайда ЭКСПО-ның тұсаукесерiн Талдыкөлдiң жағасында өткiзсек, қалай болар екен?!" деген бiр әдемi ой келiп тұр.

DALANEWS.KZ. "Мұрат Әуезов: «Қазақстандағы қытайдың саны біз ойлағаннан әлдеқайда көп»" - Мәдениеттанушы, қытайтанушы Мұрат Әуезов Аспанасты елінің бүгінгі болмысы мен болашақтағы әрекетін дәл болжаған сияқты.

"Бауыржан Момышұлы: «Жеңіске рухтың күштілігімен ғана жетуге болады»" - Орысша оқып білім алған қазақтар аз емес. Толып жатыр. Бірақ солардың көбі қазақ болып қала алмады. Түрі қазақ. Ділі, тілі бөлек. Мұндайлардың тек имандылары ғана болмаса, көбісі «Мен қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмайды. Айтуға намыстанады.

ABAI.KZ. "28-панфиловшылар монументі қашан бұзылады?" - Белгілі журналист Марат Тоқашбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында "28 Панфиловшылар туралы аңыздың ақиқаты" деген жазба жариялады. Онда автор ойдан шығарылған қаһармандыққа табынудың ешқандай реті жоқ екенін айтады.

"1% қытай ұлттық байлықтың 60% өз уысында ұстап отыр" - Қытайдың әлемге таралуы (миграция) туралы материалдарды оқи келе ең әуелі мынаны анық білесіз: Қытайдан өзге елге тарайтын, қоныстанатын кез келген адам өзімен бірге үш нәрсені алып жүреді. Ол – қытай медицинасы, қытай асханасы, қытай тілі. Яғни, қытай азаматы қандай елге барса да осы үш нәрсенің қызметін тұтынады әрі оған төлеген қаражаты да сол елдегі қытай кәсібін дамытады және Қытай қазынасын молайта береді. Тілін, медицинасын, асханасын өзімен алып келетін қытайлықтар жердің қай түкпірінде жүрсе де ұлт ретінде жойылмайды. Өзге ұлтқа сіңіп кету дейтін нәрсе қытайға жат нәрсе.

ULT.KZ. "Абылай Мырзахметов: мәселені ушықтырмай, тиімді шешуіміз керек" - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов БАҚ өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқыға салды.

"Өнер адамдарын жауыз етіп көрсету кімге керек?" - 26 сәуір күні «31-арна» жаңалықтарынан бір топ өнер адамдарының (Сәкен Майғазиев, Бақыт Тушаев, Ринат Зайытов және мен) жиналып, Қазақстанның азаматы ретінде бүгінгі күні ушығып тұрған Жер тақырыбына қатысты өзіміздің азаматтық ойымызды, өз көзқарасымызды білдірген 2 минут 51 секундтық сюжет көрсетілді.

QAMSHY.KZ. "Отан қорғаушылар күні неге ескерусіз қалуда?" - Биыл Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында елімізде әскери парад өтпейтін болды. қорғаныс министрлігі қыркүйек айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ауқымды әскери парад өткізілетінні хабарлады.

"«Ұрандап жүріп ұрынып қалмайық!»" - Елді елеңдеткен ереуілге қатысты қос ақынның пікірі.

QAZAQUNI.KZ. "Жер заңының хронологиясы: Жер кодексіне шетелдіктерге жер беру мәселелерінің қатысы жоқ – Асылжан Мамытбеков" - АШМ Асылжан Мамытбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында “Жер заңының хронологиясын" жариялады.

TENGRINEWS.KZ. "Министрмен бес сағатқа созылған кездесуден не түйдім?" - Астаналық журналистер мен блогерлер, жастар ұйымдарының өкілдері Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесу өткіздік. Кездесу 5 сағатқа дейін созылды. Себебі, министрдің кеңесшісі, орта білім департаментінің басшылығы жиналған қауымның пікірін тыңдады. Түсте министрмен кездесу өтті. Қатысқандар өз ойлары мен пікірлерін әлеуметтік желіде жариялап жатыр. Кездесуде өз тарапымнан қазақстандық ұстаздардың проблемаларын да көтердім.







5 мамыр 2016, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.