Атырау, 19 мамыр 07:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Кiм сатқын?", "Путиншіл байкер СССР тарихын «өзгертуге» қарсы", "Ә. Қажыгелдин: «Мұндай Үкіметпен ғұмыр бойы дағдарыста өмір сүресіз»", "Қарсылықты күшейте беру – билiктiң өзiне қауiптi", "Қасиетті жерімізге өзгелер қазық қаға алмайды"

1 908 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Путиншіл байкер СССР тарихын «өзгертуге» қарсы" - Путиншіл «Түнгі қасқырлар» (Ночные волки) байкерлер клубы жетекшісі мамырдың 1-і күні Екінші дүниежүзілік соғыстың басында Совет Одағының нацистік Германиямен одақтас болғанын естігенде төбесінен жай түскендей болды.

"Мельдоний Қазақстан спортшыларынан да табылды" - Жыл басынан бері Қазақстанның 18 спортшысының ағзасынан допинг табылған. Олардың арасында мельдоний препаратын қолданғандар да бар.

ZHASALASH.KZ. "Кiм сатқын?" - “Еуразия" телеарнасындағы сараптамалық бағдарлама қазақстандық үгiт-насихаттың бет-бейнесiн анық көрсеттi. Телеарнадағы “Аналитика" деп аталатын бағдарламаның жүргiзушiсi жер саудасы мен жердiң жалға берiлуiне қарсы митингiге шыққан халықты ашықтан-ашық сатқындар, шетелдiң жалдамалы жандайшаптары ретiнде атады. Жүргiзушi бетi бүлк етпестен, билiктiң жерге қатысты тағдырлы саясатына наразылық бiлдiргендердi сыртқы күштердiң лақтырған “сүйегiне" алданды деп айыптады.

"Қарсылықты күшейте беру – билiктiң өзiне қауiптi" - Соңғы он шақты күннiң iшiнде Жер сатуға және шетелдiктерге жалға беруге қарсылық танытқан халық елiмiздiң бiрнеше қаласында митинг өткiздi. Алғашында Атырау жұрты бейбiт шеруге шыққан. Кейiн мұндай қарсылық акциясы Ақтөбе мен Семейде жалғасты. Күнi кеше Қызылорда халқы дүрлiктi. Алматы жастары да Райымбек батырдың ескерткiшi алдында өз қарсылықтарын бiлдiрдi. Ендiгi кезек кiмдiкi? Тағы қай жерде халық алаңға шығып, билiкке талап қоюы мүмкiн? Мұны қазiр ешкiм де тап басып айта алмайды. Өйткенi қазақ жерiнiң бүтiндiгi үшiн бас бiрiктiру халықтық сипат алып кеттi. Ендi мұны тоқтатса, билiк керi шегiну арқылы ғана тоқтата алады. Себебi Жер – халықтың соңғы таянышы, жанынан артық көрер ақырғы тiрегi, ұрпағына қалдырар жалғыз аманаты екен. Соңғы оқиғалар мiне, осыны көрсеттi.

"Ұлтқа қызмет ету деген не?" - «Бізде жұмыс істеу дегенді «айлық алу керек» деп түсінетіндер көп. Үндемей жүріп-ақ ұлтыңа қызмет етуге болады... Осы мен «елге еңбек сіңірген, халыққа қызмет еткен» дегенді кейде түсінбей жатам. Жап-жас біреулерді «еңбек сіңірген» деп ерекшелеп айтып жатқанда: «Өзі жап-жас бала қай кезде еңбек сіңіріп таста­ған?!» – деп таңғалатыным да рас». Бұл – Зейнеп апаның әзіл-шынын араластырып айтып отыратыны...

ABAI.KZ. "Ресейлік арналар кімнің саясатын ұстанады: назарбаевтің бе, әлде путиннің бе?" - Осыдан бірнеше күн бұрын «Еуразия» арнасының «Аналитика» бағдарламасында журналист "Қазақстандағы халықтық толқуларға шыққан тұрғындарға белгісіз «бесінші калона» 50-150 доллардан үлестіріп жатыр" деген ақпарат таратты.

Төңкерістен» кейінгі Украина" - 2014 жылғы Украинадағы биліктің ауысуы елдің экономикалық өркендеуіне кері әсерін тигізді. Атап айтқанда, 2014 жылдың қорытындысы бойынша елдің ІЖӨ 2013 жылғы 183 310 млн. доллармен салыстырғанда 131 805 млн. АҚШ долларына дейін қысқарды.

DALANEWS.KZ. "Мұнай «дәуірінің» ақыры. Санкциялар Ресейдің мұнай саласының түбіне жетті!" - Ресейге қарсы салынған санкциялар дегеніне жетті. Мұнай бағаларының құлдырауы мұнай-газ кешеніндегі барлық ресейлік компаниялардың өздерінің негізгі жобаларына толық инвестиция құя алмауына және жүзеге асыруды кейінге қалдыруына әкеліп соғуда. Ресейлік мұнай саласының даму бағдары жоқ, ал ел билігі экономиканы дамытудың шикізаттық емес жолын ұсына алмай отыр.

"Ә. Қажыгелдин: «Мұндай Үкіметпен ғұмыр бойы дағдарыста өмір сүресіз»" - Қазақстанның экс-премьер министрі, қазір алыста тұратын Әкежан Қажыгелдин осындай пікір білдіріпті. Неге? Қажыгелдин неге олай ойлайды?

ULT.KZ. "Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады" - Мұраты зор, мұқтажы мол мемлекеттік тіл мәселесі турасында көп айтылды. Айтыла береді де. Жалпы, мемелекетті басқару философиясында кез келген сала әр кезеңде өз проблемасымен әр түрлі сипатта өмір сүріп отырады. Демек, бір жайтқа қатысты синхронды түпкілікті шешім табу мүмкін емес. Уақытына қарай Дайрабайдың өз сиыры бар. Дәуіріне сай сор-дауы. Тек ізгілік мұраттар мен зұлымдық түсінік-категориялары идеалистік тұрғыда ортақ сипатта бола алады.

"Қазақстанда киіктер тағы да қырылуы мүмкін" - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың 18 сәуірінен бастап Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау Ассоциациясымен (ғылыми жұмыстарды қамтамасыз ету) және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциялары киіктеріне кезекті әуе санағын жүргізуде. Бұл туралы министрліктің баспасөз қымзеті хабарлады.

EGEMEN.KZ. "Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұра" - Ұлы Дала. Ғасыр­лар бойы ұрпақ өсір­ген кең-байтақ қазақ жері. Халқымыз оның қадір-қасиетін жақ­сы түсініп, жоғары бағалаған. Ол тек қана біз емген жер емшегі емес, ол біздің Отанымыз, көне заманнан бері ұрпақ өсірген ата-бабаның мекені. Мен қазақпын деп ешкімнен қымсынбай кең жайлап жүретін қасиетті кеңістік.

"Қасиетті жерімізге өзгелер қазық қаға алмайды" - Қазіргі таңда биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгелі отырған «Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң төңірегінде қоғамымызда қызу талқылаулар болып жатыр. Осы орайда біз Парламент Сенатының депутаты Қуаныш АЙТАХАНОВҚА бірқатар сұрақтар қойған едік.









4 мамыр 2016, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.