1 маусымға қарай Нұрсаядағы көпсалалы аурухана құрылысының жаңа мердігері «Батыс Альянс Строй» ЖШС нысанды толықтай аяқтауды жоспарлап отыр.
Естеріңізге салсақ, 180 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының бастапқы жобалау-сметалық құжаттамасын 2004 жылы Алматы қаласындағы «ПТИпищепром» ЖШС институты әзірлеген еді. «Аджип ККО» компания қаржыландырған құрылыс 2008 жылы басталды. Жер қазу жұмыстары барысында 0,3-
«Батыс Альянс Строй» ЖШС директоры Әділ ЖҰБАНОВТЫҢ айтуынша, бүгінгі күні ішкі жұмыстар аяқталып қалған, дүние-мүліктері кіргізіліп, медициналық жабдықтардың басым бөлігі құрастырылып қойылған. Аумақты абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары аяқталуда. Енді медициналық қондырғылардың бір бөлігін әкеліп, персоналдарды оқыту қалып отыр (мәселен, рентген-аппаратпен жұмыс жасауды Мәскеу маманы оқытып, үйрететін болады). Мұның бәрін жаз басталарда аяқтау жоспарланып отыр. Нысанды мемлекеттік қабылдау тағы жарты айдай уақыт алады.
Мердігерлері ауысып кеткен «сақалды» құрылыс нысанын қолға ала қоятындар аз. Дегенмен де, «Батыс Альянс Строй» ЖШС осы іске кіріскен.
- Біріншіден, біздің компания бұрын медициналық мекеме құрылысын салды, мәселен, облыстық балалар ауруханасының жаңа корпусын салдық. Бізде басқа мердігерлер бастаған құрылысты аяқтау тәжірибесі де бар. Атап айтқанда, біз Ақсайдағы емханаға қол жеткіздік. Екіншіден, мен бүгінгі күні жұқпалы аурулар ауруханасы орналасқан ажарсыз ғимаратты көрдім де, қол ұшын беруді ұйғардым, - дейді Ә.Жұбанов. – Айта кету керек, сметада көрсетілмеген кейбір жұмыстар жүргізілді. Мәселен, жобада су ағатын тұрбалар болған жоқ. Ал олар Атырауда жиі жауатын жаңбыр кезінде өте қажет болады.
Жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Мұрат ҚҰЛБАСОВ жаңа ғимаратқа тапсырылған күннің ертесіне көшіп баруға әзір. Соңғы жылдар ішінде СЭС ескі аурухананы жабу туралы сотқа екі мәрте талап-арыз берген. Алайда оны жасауға ешқандай мүмкіндік жоқ. Науқастар қайда кетеді? Қазір аса қауіпті сырқаттары бар пациенттер жоқ, бірақ өткір респираторлық жұқпалы инфекциялар мен өткір жұқпалы ішек аурулары қысы-жазы толы болады. Вирусология алдыңғы кезекке шығады. Бүгінде вирустық аурулар антибиотиктерге көнбейтін болған және ерекше емдеуді қажет етеді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА