Атырау, 6 мамыр 13:31
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Жерге қатысты даудың саяси реңкі", "Н. Назарбаев: жер шетелдіктердің үлесі бар компанияларға да сатылмайды", "Әкежан Қажыгелдин: «Мен шаршадым, ертең кетемiн» десе, мұрагердi кланнан, отбасынан таңдамауын сұрар едiм", "10 жыл ішінде қазақстаннан заңсыз

2 432 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жерге қатысты даудың саяси реңкі" - Сарапшылар «Атыраудағы жиын Қазақстандағы жерді жеке меншікке беру мәселесінде бір нәрсені өзгерте ала ма?» деген сауалға жауап іздеді.

"AzattyqLIVE: Атыраудағы шеру себептері" - AzattyqLIVE сәуірдің 24-і күні Атырау қаласының орталық алаңында болған митинг жайын талқылады. Хабар сарапшысы қоғамдық белсенді, журналист Жанболат Мамай болды.

QAMSHY.KZ. "Н. Назарбаев: жер шетелдіктердің үлесі бар компанияларға да сатылмайды" - Бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІҮ сессиясы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

ABAI.KZ. ""Қашқындар" мен "босқындар". Олар кімдер?" - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында халық арасында қызу талқыға түсіп жатқан жер мәселесіне қатысты өз ойын білдіріп, ауыл шарушылығы жерлері шетелдік азаматтар мен компанияларға сатылмайтынын айтты.

"Жер сату – анаңды сату" - Адам баласының тарихына зер салып қарасақ, ірілі-ұсақты соғыс-сойқандарының дені — жер дауы, жесір дауынан басталған. Жерсіз мемлекет—мемлекет емес. Ал, жер және жерасты байлықтары кез-келген мемлекеттің негізі болуымен қатар, жердің атын иемденген халықтың меншігі.

ULT.KZ. "10 жыл ішінде қазақстаннан заңсыз түрде екі ұлттық қорға тең қаржы шығарылған" - Global Financial Integrity зерттеу тобы “Дамушы елдерден заңсыз шығарылған капитал" туралы есеп жариялады. Бұл жылы тізімге 149 ел кірген.

ZHASALASH.KZ. "Әкежан Қажыгелдин: «Мен шаршадым, ертең кетемiн» десе, мұрагердi кланнан, отбасынан таңдамауын сұрар едiм" - 20 наурызда едел-жедел ұйымдастырылған мәжiлiс сайлауы алдында бұрынғы үкiмет басшысы Әкежан Қажыгелдиннiң елi­мiздi модернизациялау жөнiндегi бағдарламасы “DAT" басылымына жарияланған едi. Осыған орай редакцияға оқырмандардан хат-хабар көптеп түскендiктен, таяуда Германияда тұратын журналист В.Волков бағдарлама авторымен кездесiп, әңгi­мелесiптi. Сол сұхбатта Әкежан Қажыгелдин былай дейдi: “Менiң ұсынысымның негiзгi түйiнi, екi мiндеттi шешу арқылы: экономиканы тұрақтандыру және оны модерни­зация­лау арқасында дағдарыстан шығуға болады. Өйткенi қалыпты жағдайға қарағанда, дағдарысты, ауыр кезеңде шешiм шығару әлдеқайда қиын. Бұған Қазақстанның заманауи тарихы куә.

"Атыраулықтар атқа қонды" - Сәуiрдiң 24-i күнi Атырау қаласының орталығындағы Исатай-Махамбет алаңына төрт мыңнан астам адам жиналды. Билiктiң рұқсат етпегенiне қарамаған халық үкiмет­тен жер кодексiне енген өзгерiс­тердi алып тастауды, қазақ жерiне кiмдер иелiк етiп отырғаны туралы ақпаратты жария етудi талап еттi. Атырау жұртшылығы облыс әкiмi Нұрлан Ноғаевқа 21 мамырға дейiн жауап берудi мiндеттедi.

SERKE.ORG. "Жер кодексі халыққа дұрыс түсіндірілмей жатыр" - Осы жылдың шілде айынан бастап заңдық күшіне енгелі жатқан жаңа Жер кодексіне қатысты халық арасында наразылықтың күшейіп кетуінің негізгі себебі – мәселенің байыбына бармау, түсінбеушілік. Бұған Советтер одағының шинелінен шыққан, ұжымдық меншік тұрғысынан ойлаудан арыла қоймаған, әр нәрсеге жөнсіз күдікпен қараушылық та қосымша әсер етті. Соның кесірінен мүдделі саяси күштер «билік жерді шетелге, Қытайға жаппай сатқалы жатыр» деп атойлап, мәселені негізсіз саясиландырып, дүрбелең туғызып жатыр.

DALANEWS.KZ. "Жер сатылмасын: қазақтан өзге ұлт өкілдері неге үнсіз?" - Жер дауы көп нәрсеге көзімізді жеткізді. Қазақтың жері қазаққа ғана керек екен. Демек, Тәуелсіздікті қорғайтын да түптеп келгенде қазақтың өзі болады.










26 сәуір 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.