Қаланың суға кетуі мен жасыл-желектердің өлуі проблемасын шешу жолдары Атырау, Ақтөбе және ресейлік гидрогеология, геология және дренаждау саласының ғалымдары мен мамандарының, сондай-ақ, өздері жұмыс жасаған кезде осы проблемамен бетпе-бет келген өңірдің бұрынғы басшылары облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген отырыста талқылады.
ДӘУКЕЕВТІҢ ДРЕНАЖЫ ЖҰМЫС ЖАСАП ТҰР МА? «АтырауСуАрнасы» директорының орынбасары Виктор СУЩЕНКО 2000-2002 жылдары Атырауда салынған дренаждық жүйе бойынша қысқаша анықтаманы берді. «АСА» кәсіпорнының өзі 2006 жылы «Дренаж» КМК базасында құрылғаны және кезінде салынған бүкіл дренаж желілерін осы кәсіпорынның пайдаланып отырғандығы белгілі. Атыраудағы дренаж жүйесінің жалпы ұзындығы
– Бүгінде дренаж желілері жұмыс жасап тұр, Ерғалиев пен Абай көшелерінің бойында аздаған бүлінген жерлер бар. Соңғы күндері жауған жаңбырдың салдарынан Ет комбинаты, Сарықамыс, Лесхоз ықшамаудандары, Геолог, Елшібек поселкелері, Мұнайшы бағбандық серіктестігі, Бірінші учаске, ескі базар, Бейбарыс даңғылы, №№5, 11, 33, 13 мектептер, Алтынсарин атындағы мектеп, Сарықамыстағы балабақша мен Гагарин көшесі, 9 мекенжайындағы №9 балабақша суға кетті. Суға кеткен бүкіл учаскелер жеке секторда орналасқан, - деп хабарлады Виктор Сущенко.
Ресейлік "Дар/ВОДГЕО" ҒЗИ бас директорының орынбасары Сергей КУРАНОВ пен "Дренаж" КМК-ның бұрынғы басшысы Ибрагим ӘМІРОВ«Дренаж» КМК бұрынғы басшысы Ибрагим ӘМІРОВ бүгінгі күні дренаж жүйесінің жұмыс жасап тұрғандығына күмән білдірді. Ол облыс әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕНБАЕВПЕН бірге қаланы аралап шығып, Привокзальныйдағы 3-ықшам ауданда дренаждың жұмыс жасамайтындығын, тіпті нөсерлі кәріз жүйесінің торлары да жоқ екендігін атап өтті. Оның айтуынша, кезінде бұл қаржыландырудың жоқтығынан тоқтатуға тура келген тәжірибелік жоба болған. Алайда проблема шешілмеген күйі қалып отыр, тіпті қазір шиеленісіп кетті. Ағаштар өліп жатыр, өйткені кейбір учаскелерде бір литр топырақасты суларында 100 граммға дейін тұз болады. Ал Сергей КУРАНОВ әңгімелеген Құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНмЕ) толықтырулар орынды болды, өйткені олар көптеген жобалардағы су бұру проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Қаланың бұрынғы басшысы Нұрпейіс МАҚАШЕВТЫҢ айтуынша, нөсерлету кәріздік жүйесін жасақтауға баса назар аудару керек. Ең бастысы, мәселені шешуде толыққанды қаржыландыру керек. Өйткені «Дренаж» КМК тәжірибесі бойынша қаржының жоқтығы бүкіл күшті зая кетіретіндігі түсінікті.
Ресейлік «Дар/ВОДГЕО» ҒЗИ АҚ бас директорының орынбасары, қатысушылардың ортақ мойындауынша, дренаж жүйесін жасау саласының көшбасшысы Сергей Куранов 15 жыл бұрын Атыраудағы дренаж жүйесі мен нөсерлету кәріздік жүйесін енгізу жұмыстарына тікелей қатысқанын әңгімеледі. Ол қаланың кәріздік жүйелерінің қаншалықты толық пайдаланылатынын сұрап, 50 пайызға пайдаланылады деген жауап алған соң, былай деп түсіндірді:
– Өткен жылы біз қолданыстағы ҚНмЕ-ге ұсыныстар жасадық, ол бойынша Қазақстан да жұмыс жасайды. Егер қала тұрғындарының саны 350 мың адамнан аспаса, нөсерлі ағындарды қалалық кәріз жүйесіне жіберуге болады. Бұрын бұған тыйым салынған еді.
ЕКІНШІ ТАЛПЫНЫС
– Бұл жерде ғылыми өкілдер, өндірісшілер, практиктер қатысып отыр. Біз осы проблеманы шешу үшін жиналғандардың бүкіл тәжірибесін пайдалануға тиіспіз. Өйткені ол тек Атырауға ғана тән емес. Бірақ мақсатты шешуге мүмкіндік беретін жолды таңдау үшін өзіндік ерекшелікті, жер бедерін, теңізге жақындығы мен басқа белгілерін ескеру керек. Тікелей осымен айналысатын мекемеге келер болсақ, біз басқарма емес, қала құрамындағы бөлім немесе КМК құрамыз, - деді облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ.
«Атырау гидрогеология» ЖШС бас директорының жаңа технологиялар жөніндегі кеңесшісі Едіге САБУРОВ (суретте) проблеманың көрінісін өзінше баяндады. Атыраудың басты проблемасы – нөсер және дренаж суларын елді мекендерден тысқары жерлерге бұру. Каспий теңізінің әсері туралы пікір, оның пікірінше, жаңсақ болып табылады. Өңір сулары 4-
– Тәжірибе арқылы мен аумаққа құрылыс салынған жағдайда тік дренажды пайдалану керектігін білдім. Судың төменгі, анағұрлым минералданған қабатын тартып шығару оның орнын ағаштардың тамыр жүйесінің деңгейінде тұщы сумен ауыстыруға мүмкіндік береді. Жасыл желектердің болуы уақыт өте келе табиғи дренаждың пайда болуына әкеледі. Ташлыков мырзада қаланың аз қатарлы бөлігіне арынды кәріздік жүйелер салу жөнінде өте жақсы идея бар. Өздігінен ағатын кәріз жүйесі еңіспен жүреді және құдық маңындағы тереңдігі 4 метрге жетеді. Ал арынды кәріз жүйесі қату деңгейінен сәл төменде 120-
Виктор Сущенко кәріз жүйесінің бұл нұсқасы анағұрлым үнемді екенін растады, өйткені ол салынған жүйелер мен ғимараттарды ұстауға бюджет шығындарын қажет етпейді.
Ақтөбелік гидротехнолог Азамат ДУШИКЕНОВ көлденең дренаж біздің жағдайымызда тиімсіз деген ойда. Ал, тік дренаж туралы мәселені зерттеу үшін жылдың гидротехникалық картасын жасау жаман болмас еді. Өз тарапынан ғалым мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде проблеманы шешуді қолға алуға әзір. Мәселен, жеке алынған учаскелерде.
Сергей Куранов Атырау үшін 15 жыл бұрынғы дренаж жүйесін құру тәжірибесімен бөлісті. Сол кезде мамандар, гидрогеологиялық зерттеу материалдарын қолдана отырып, математикалық модельді құрған. Бұл модель мәскеуліктер бірнеше жыл бойына түрлі қалаларда түрлі топырақтармен жұмыс кезінде пайдаланып жүрген АҚШ-тың геологиялық қызметінің бағдарламалық өнімі болып табылады. Атыраудағы дренаж тұжырымдамасы модель негізінде жасалған. Сол кезде сараптама нөсерлі кәріз жүйесін де, дренажды да қатар жасауға мүмкіндік бермеді. Бәлкім, егер нөсерлі кәріз жүйесінің тармақталған торабын құруға кіріскен болса, проблеманы жоюға қол жеткізген болар еді. Тік дренаждың көмегімен топырақтың құрылымын жақсартуға болады. Алайда «тұзсыздану» кезеңі ұзақ уақыт алады. Дегенмен, қалыптасқан жағдайда нөсерлі кәріз жүйесінің тармақталған торабын құру оңай болмаса да, оның пікірінше, ол Атырауды құтқара алады. Қазір нөсерлі кәріз жүйесін жобалау мен салуға қатысты шаралар бірінші кезекте тұруға тиіс.
– Біз бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдерін шартты түрде бөлуге тиіспіз, - деп қорытындылады облыс әкімі. – Минимум бағдарлама - бүкіл үйлердің жанында орталық жүйеге қосылған септик тұруы тиіс. Әрбір үй қожайыны оны пайдаланғаны үшін уақытында дұрыс төлеп тұруға тиіс. Бұл керемет нұсқа. Су жиналып қалатын аймақтардағы проблемаларды жою қажет. Білімді адамдар бар. Міне, Мәскеуден де мамандар келіп отыр. Мен қала әкімі мен орынбасарларыма тапсырма бердім. Қазір осы мәселеге Аустралиядан, басқа да мемлекеттер мен қалалардан мамандарды шақырып жатырмыз. Жинақталған бар тәжірибені бір арнаға тоғыстырып, Атырау облысы үшін қолайлы технология ойлап табуымыз керек.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор