Атырау, 29 қараша 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әрқашан күн сөнбесін... Болмайды!

9 450 просмотра

Редакцияға өзін Александр деп таныстырған Атырау қаласының тұрғыны қоңырау шалып, тәртіп сақшыларымен байланысты орын алған жайсыз жағдай туралы айтып берді.

Оның айтуынша, полицейлік патрульмен арадағы түсініспеушілік әдеттегідей Жайық жағалауында отбасымен серуендеп жүрген кезде туындаған. Олардың «тыныштық сәті» кішкене қыздарының түрлі-түсті бормен асфальтқа мультфильм кейіпкерлерін сала бастаған кезде бұзылған.

Полицейлер барынша дөрекі түрде Александрға «әкімшілік кодексті бұзғаны үшін» айыппұл саламыз деп сес көрсеткен, ол аздай баланың демалысын бұзған.

Бұның болмашы жайт екендігіне қарамастан біз бұл істі бей-жай қалдырмай түсінік алу үшін заңгерге жүгіндік.

ТҮРЛІ ЖАҒАЛАУЛАР

Айта кетейік, Атырауда граффит үлгісімен сурет салу дегеннің аты да жоқ, дегенмен кейде көзге шалынып қалатын шағын көркемөнер туындылары жеткілікті. Оны тіпті, жағалаудан да кездестіруге болады, әдетте олар Маша+Саша деп басталады, сондай-ақ, бозарған бетон бетіне салынған балалардың суреті. Олардың өзі де Арнаулыавтобаза қызметкерлерінің күшімен және алғашқы қатты жауындардың арқасында жоғалып та үлгерген. Білінер-білінбес. Жалпы бұл жерлерден коммуналдық қызметкерлерге жұмыс жетіп артылады – ұшы-қиыры жоқ: өткен жылдан қалған шіріп жатқан жапырақтар, жағалау бойындағы тұрмыстық қалдықтар, 50 метр сайын урна тұрса да әр адым аттағанда темекі тұқылдары. Бір өзгешелігі – облыстық әкімдік алдындағы жағалау мен оған таяу орналасқан «Ренко» қонақ үйінің маңы барынша таза. Одан әрі қарай жүрсең көрініс тағы да өзгереді. Жүргіншілер жолындағы ұңғыланған шұңқырлар, қисайған қоршаулар, шалшықтар... Неге олай? Сірә, бұл жерде риторикалық сұрақ туындайды.

ҚҰЗЫРЫ ЖОҚ ОРГАНДАР

Балалар шығармашылығы тақырыбы мен жоғарыдағы жағдайға оралайық: бұл Еуропада орын алған болса, ызаланған ата-аналар полицей үстінен сотқа арызданған болар еді. Жалпы әлем елдеріндегі балалар құқығы берік. Онда саябақтар адамдар үшін - олардың дем алуы мен көңіл көтеруіне арналған. Кез келген аймақта балалар өзінің ішкі бай әлемін - сурет салу, билеп не ән салып, қалауынша еркін білдіре алады. Ал, бізде қатаң патрульдер. Айтпақшы, біз өз сауалымызға астаналық заңгер Жандос ҚҰРМАНБАЕВТАН жауап алдық. Сонымен, Александрдың қызының «әрекеті» ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бірде-бір бабына жатпайтыны белгілі болды. Сонда заңды білуге тиісті полицейлердің міндеттеріне деген орынсыз құлшыныстары қайдан келген?

ОҢТҮСТІК АСТАНАДА БҰЛ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ

Жағымды мысалдар іздеп алысқа барудың қажеті жоқ. Өзіміздің Алматыны алайық. Мұнда халық шығармашылығын кез келген жерден кездестіруге болады, үлкен бір бағыт, түрлі стиль. Қалалық билік оны қолдап отыр. Бұған жақында ғана болған жас суретшілердің кездесуі дәлел. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалар мегаполистің ондаған сиықсыз қақпалары мен қоршауларын нақты белгіленген тақырыпқа арналған болса да өнер шығармашылығына айналдырды. Олардың туындыларының өзегі ЭКСПО-2017 халықаралық көрме және Алматының 1000 жылдығы болды. Ал, дәл мұндай қаламызды сіз бен біздің балаларымыз үшін жасақтауға жергілікті шенеуніктердің көкірегін оятатын рух Атырауда жоқ. Біздің Алматыдан қай жеріміз кем?

Марат ТАКУЛИН,

Суретті түсірген автор

22 сәуір 2016, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.