Атырау, 6 мамыр 13:39
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Интеллигенция Назарбаевты сақтануға шақырады", "Қазақ кәсіпкері жердің шетелдіктерге сатылуын қолдап отыр", "Ресейге «Бақыт министрлігі» керек пе?", "Мухаммад Рашид Taрар: Қазақстан феодализмнен сақтануы керек"

2 003 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Сыңарезулiкке сылтау табылады" - Елiмiздiң “бас мұғалiмi" бi­лiм саласында жүзеге асырғалы жатқан жаңалықтарын не­гiз­деуге жаңа дә­йек­тер тапты. Оның айтуынша, мұның бәрi ауыл мен қала мектептерi­нiң арасындағы деңгей алшақтығын жоюды көксейтiн көрi­недi.

"Тәуелсiз баспасөзге қысымды күшейттi" - Ақпараттық кеңiстiкке шыққан 3,5 жылдың iшiнде “Трибуна" газетi билiктiң қудалауын аз көрген жоқ. Жарық көргенiне бiр жыл толар-толмаста Алматы қаласы әкiмшiлiгi ойдан құрастырылған себептермен газеттiң жұмысын 3 айға тоқтатты. Алайда редакция ұжымы қысымға қарамастан, тiркеуден өткен бас­қа газеттiң көмегiмен, “Трибуна" жобасын одан ары жалғастырды.

AZATTYQ.ORG. "Интеллигенция Назарбаевты сақтануға шақырады" - Қазақстандық сайттарда жарияланған «Шетелдіктерге қазақ жерін сатпауға» шақыратын ашық хатқа қол қойды деген кейбір тұлғалар «мәтінмен таныс емес екендерін, бірақ қолдайтындарын» айтады.

"Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынды" - Қарағанды облысы Нұра ауданындағы орта мектеп мұғалімдеріне мектепке смартфон әкелуге тыйым салынды. Кей мұғалімдер «біз білетін қандай құпия ақпарат бар» деп кейиді.

"Ресейге «Бақыт министрлігі» керек пе?" - Ресей президенті Владимир Путиннің үзеңгілесі әрі Ресей парламентінің жоғары палатасы - федерация кеңесінің жетекшісі Валентина Матвиенко елде «Бақыт министрлігін» құруды ұсынады. Оған мұндай идея Біріккен араб әмірліктеріне сапармен барған кезде келіпті. Жыл басында БАӘ билігі елде осындай министрлік құрылатынын хабарлаған.

ULT.KZ. "Абай және ұлттық идея" - «Абай және ұлттық идея» деген тіркес тосындау естілуі мүмкін. Себебі Абай лексиконында «ұлт» деген сөз жоқ және «ұлттық идея» деген ұғым біз үшін тым соны, ол бүгінгі таңда жиі айтылып, талқыланып жүр, әрі әртүрлі мағынада қолданылуда. Бірақ Абай сияқты данышпанның даналығы да сонда: ол әрқашан заманауи. Әр ұрпақ өз заманының проблемасын таба алады Абайдан, онымен сырласады, ақылдасады, ой салыстырады, сұрағына жауап іздеп, оның шешімін де ала алады. Бұрынғы ағаларымыз бен бүгінгі буын сияқты, келер ұрпақ та Абайға барады, Абайды оқиды, таңырқайды, басын шайқайды. Абайды зерделейді, өзінше таниды, толғақты мәселелерді Абай арқылы түсінеді. Міне, біз де бүгін өмір талабы алға тартып отырған өзекті проблема бойынша Абайға ден қойып отырмыз.

"Е. Бекмаханов. Кенесарының қаза табуы" - «…Кенесарының қырғыз әскерлерімен соңғы шайқасы Тоқмақ селосының шығыс жағында, Пішпек қаласына жақын Кеклі тауларында болды. Кенесары әскерлері Шу өзенінен 1-2 шақырым жердегі Майтөбе деген таулы үстіртке орналасты. Қырғыздар ғасырлар бойы Майтөбені «қанды жер» деп атайды екен.

KORRESPONDENT.KZ. "Атың шықпаса, өзіңе «қара пиар» жаса" - Бүгінде қарапайым халық атақты адамдар туралы ақпарға келгенде кім көрінген түгілі журналистерге, тіпті оқиға кейіпкерінің өзіне де сене салмайды. Өйткені бұл «папарации», «қара пиар» дегенді бірлесіп қолдан жасайтындар қаптаған заман болды. Түптеп келгенде «атың шықпаса жер өртеге» саятын осынау дақпырттың өзінен бұрын, оның артында кім тұрғаны көпшілікті көбірек ынтықтыра бастады. Танымал тұлғалардың ешкім білмейтін «құпиясын» жарияға жар салып жеткізіп, елді елең еткізу қаншалықты дұрыс? Сол өзі қазаққа керек пе, жоқ па?

"«Алғашқы қарлығаш» қолға түсті" - Қостанай облысының тәртіп сақшылары халықаралық наркокартель желісінің «желкесін қиды». Қылмыстық топ ауғандық героинді Қазақстанға және Еуропа елдеріне тасымалдап келген. Ауқымды шара кезінде полиция оған жетекшілік еткен наркобаронды да қолға түсірді.

QAMSHY.KZ. "Қазақ кәсіпкері жердің шетелдіктерге сатылуын қолдап отыр" - Қазақстандық кәсіпкер Марат Төлебаев Қазақстандағы ауылшаруашылық жерлерін отандық және шетелдіктерге сату бастамасын қолдап отыр. Ол жер сатудың қажеттілігі туралы өзінің блогында жариялаған мақаласында біраз дәлелдерін де ұсыныпты.

"«Жер шетелдіктерге сатылмайды» деген сөзді асылжанның аузына кім сап берді?" - Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың өткен айдың соңында елімізде 1,7 миллион гектар жер аукцион арқылы сатылымға шығарылатынын мәлімдеген еді. Осы мақсатты жүзеге асыратын тиісті өзгерістер мен толықтырулар «Жер кодексіне» былтыр енгізіліп қойған көрінеді. Оны жер сатуға қарсы қоғам белсенділері дабыл қаққаннан соң біліп отырмыз.

DALANEWS.KZ. "«Қазпоштаның» қаржысы қайда кетіп жатыр?" - «Қазпошта» – пошта қызметі саласындағы жалғыз ұлттық компания. Компанияның жүз пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. Ал, «Самұрық-Қазына» ұлттық ӘАҚ толықтай мемлекетке қарайды. Демек, әрбір салық төлеуші әрі пошта қызметін тұтынушы азамат мемлекеттен қаржыландырылатын компаниялар қызметі мен компания қаржысының қайда кетіп жатқанын білуге құқылы.

ABAI.KZ. "«Колорадо қоңызы» ресейдің болашақ туы" - Соңғы жылдары 9 мамыр жақындаса бітті, жер әлемді Георгий лентасы басып қалатын болып жүр. Міне, биыл да шығысымыздағы Өскемен қаласынан бастап, өзге қалаларда аталмыш лента тарала бастады. Қоғамның кейбір өкілдері «колорадо қоңызына» ұқсататын бұл белгі нені білдіреді? Бұл белгібаудың түп-тарихын білесіз бе?

"Мухаммад Рашид Taрар: Қазақстан феодализмнен сақтануы керек" - Қазақстанда жер жекешелендірудің жаңа дәуір басталып жатыр. Үкімет фермерлерге жерді бөліп бермек. Кедей адамдарға бұл жағдай үлкен мүмкіншіліктер береді. Оларға көп тер төгу қажет. Қазақстан халқының арасында жекеменшікке жер бөлу туралы шешім қабылдады. Өйткені, жекешелендіру белгілі бір дәрежеде өз пайдасын тигізеді.

QAZAQUNI.KZ. "Футболшылардың жалақысы депутаттардың ашуын тудырды" - “Аршавинге миллион доллардан аса жалақы тағайындапты. Ойланыңыздар! Жылына миллионнан аса! Айына 30 мың доллар алатын легионерлер бар. Бізге мұндай футбол керек пе? Жалпы осындай спорт қажет пе? Неге бұл қаражат балалар спортына бөлінбейді? Ауладағы алаңдарды салуға неліктен жаратылмайды? Бізге баскетболдың қажеті не? Ол жаққа да аз қаражат кетіп жатқан жоқ, онда жалғыз қазақстандық бас менеджер Слава Тихоненко. Қалғандары легионерлер", – деді депутат.









18 сәуір 2016, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.