Атырау, 6 мамыр 03:22
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Бәсекелестік деген не? Біз кіммен бәсекелесеміз?", "Қырғыз депутаттары темiрдi «қызғанда» соқты ал қазақ депутаттары неге енжар?", "Үш тілді оқыту бастамасын мұғалімдер құр қиял деп отыр", "Арманжан Байтасов: «90-шы жылдар түк емес, қазір одан да ауыр»"

3 416 просмотра

AZATTYQ.ORG. "БҰҰ комитеті Есіркеповтің құқығы бұзылған деп таныды" - БҰҰ адам құқықтары комитеті қазақстандық журналист әрі белсенді Рамазан Есіркеповтің екі шағымы бойынша шешім шығарды. Құқық қорғаушылар «бұл шешімдер адам құқығы мен баспасөз еркіндігі үшін маңызды» дейді.

ULT.KZ. "Қытайға жер сату — отпен ойнау" - Жерді сатуға байланысты дау шыққалы бері жүрегімізде тыныштық жоқ. «Жер сатылмасын!» деп алғашқылардың бірі болып ФБ-да пікірімізді жаздық та. Қаны бар, жаны бар азаматтар «жер сатылмау керек» деп жанұшырып жүр. Бірақ билік тарапынан лып еткен реакция жоқ.

ZHASALASH.KZ. "Қырғыз депутаттары темiрдi «қызғанда» соқты ал қазақ депутаттары неге енжар?" - Қырғыз халқының ел билiгiн електен өткiзуi едел-жедел. Қызметiнен “қылпық шықса", ешкiмдi де аямайды. Анау-мынау шендi-шекпендiнi былай қойғанда, президенттiң өзiн жер аударып жiбередi. Күнi кеше үкiмет басшысы Темiр Сариев те елiнiң елегiнен құрғақ құмдай сусып түстi. Бұл – тәуелсiздiк алған 25 жыл iшiндегi орнын босатқан 28-iншi премьер-министр.

"«Назарбаевтану» назарда жоқ" - Анығында, Шымкент университетiнiң профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрали Өткелбаевтың жалпы бiлiм беретiн мектептерге “Назарбаевтану" сабағын енгiзу жөнiндегi ұсынысымен Бiлiм және ғылым министрлiгiне шыққанын әрi бұл бастаманың мақұлданғанын бiр емес, бiрнеше БАҚ жазды.

KORRESPONDENT.KZ. "Шымкенттік полицейлер жезөкшелерден ақша бопсалап, оларға "крышевать" еткен" - Шымкенттік жігіт полицейлерден қаланы жезөкшелерден тазартуын өтінді. Тіпті дәлел болуы үшін теміржол вокзалы аумағында жеңіл жүрісті қыздардың бірімен тілдесіп тұрған сәтті видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салды. Онда 1995 жылғы қыз жігіттің көлігіне отырып, өз кәсібі туралы қымсынбай айтып берген.

"Маржан ТҰРЛЫБАЕВА: "Адамдар, қатыгезсіңдер!.."" - Сегіз жыл бойы есі ауысқан деп жындыханада мәжбүрлеп ұстаған Маржанға осыдан біраз уақыт бұрын Республикалық сот медицина сарапшылары оң нәтижесін берген болатын. Қорытынды бойынша енді Маржан қоғамға қауіпті емес деп табылған. Алайда Республикалық сарапшылардың берген қорытындысына оңтүстіктің дәрігерлері мойынсұнғысы келмейтін көрінеді, өйткені сегіз жыл бұрынғы былықтарының ашылып қалуынан қорқады. Əлі де жындыxанадан шыға алмай жүрген қыз тележүргізуші Жанат Бақытқа жан айқаймен хат жазды.

ABAI.KZ. "Құдайдан қорықпаған адам отанын сатып кетеді" - Қазақ қазақ болғалы оның әр заман, әр ғасырлардағы ұлттық мемлекеттілігінің тұғыры Ислам діні негізінде қалыптасып келеді. Ол ешбір даусыз дүние. Өйткені, Ислам діні біздің ұлттың қанымен біте қайнасып кеткен. Яғни, ұлт ретінде ұйысып алғаш қазақ хандығы құрылғанда (ХІҮ-ХҮ ғасырларда) басты тұғырнамасы Ислам шариғаты болатын.

"Ресей Қырым татарларын қыспаққа алып жатыр" - РФ Бас прокуроры Наталья Поклонская Ресей аннекциялап алған Қырымдағы жергілікті татарлар Мәжілісінің қызметін тоқтату туралы бұйрық берді,-деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Бұйрық енгізілген құжаттың бір көшірмесі Қырым татарлары кеңесінің басшысына тапсырылған. Онда: «РФ Заңнамаларына сәйкес және маған жүктелген өкілеттіліктерге сүйене отырып, Ресей Федерациясы заңнамаларында көрсетілген ережелердің бұзылуының алдын алу мақсатында «Қырым татарлары Мәжілісі» бірлестігінің қызметін тоқтатуды бұйырамын»,-дейді Поклонская.

QAMSHY.KZ. "Бәсекелестік деген не? Біз кіммен бәсекелесеміз?" - Бәсекелестік термині қанша ғасырдан бері қолданылып келеді, кім білсін. Бір анығы тіршілік бар жерде бәсекелестік бар екендігі. Жер бетіндегі кез-келген тіршілік иесі бір-бірімен бәсекелесе, бірін-бірі шарт етіп, қарама-қарсылықтың бірлігімен күн көріп келеді. Өсімдіктер де, жануарлар да солай. Олай болса, күллі тіршіліктің ардақтысы саналатын адамдар арасында бәсекелестіктің орнауы мен дамуы басты табиғи әрі қажетті дүние. Бір сәт ой жүгіртіңізші, егер адамдар арасында бәсекелестік болмаса, қоғам қалай дамиды? Ұлт пен ұлттың, ел мен елдің арасында бәсекелестік болмаса, адамзат қалай өркендейді.

"Үш тілді оқыту бастамасын мұғалімдер құр қиял деп отыр" - Қазақстан Үкіметі жалпы білім беретін орта мектептерге енгізгелі отырған үш тілде оқыту жүйесіне тек ата-аналар ғана емес, мектеп мұғалімдерінің өздері қарсы болып отыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

SN.KZ. "Парламенттегі «Құдайлар тағамы»" - Қазақстан Парламентінің депутаттары қандай тамақ жейді? Үйінде не жейтінін білмедік, бірақ Парламент қабырғасында жейтін тағамдары патша жейтін астан артық болмаса кем емес. Сірә, ежелгі грек құдайлары мен Мысыр перғауындары да дәл біздің депутаттар секілді тамақтанбаған шығар...

DALANEWS.KZ. "Қазіргі жемқорлар қандай?" - Мына дүниені оқи отыра жазушы Шерхан Мұртазаның қазіргінің жемқорларына қаншалықты дәл әрі әділ баға бергенін көріп қайран қаласыз.

"Арманжан Байтасов: «90-шы жылдар түк емес, қазір одан да ауыр»" - Еліміздегі ең танымал бизнесмен өзі иелік ететін Forbеs Қазақстан журналына сұхбат беріпті. Арманжан Қазақстандағы бизнестің жағдайына анық-қанық баға берген екен.

NUR.KZ. "Депутат парламенттегі 7 мың литр ішімдік туралы: Біз ондай сатып алулар бар екенін де білмедік" - Қазақстан парламентінің депутаттары мен экс-депутаттары шаруашылық басқармасының 11 мың шөлмек ішімдікке тапсырыс бергеніне орай түсініктеме берді.







15 сәуір 2016, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.