Атырау, 6 мамыр 07:18
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"КСРО-ны кімдер көксейді?", "Ерлан Сағадиев: кедей халыққа керегі мәдениет емес, білім", "Қазақстандағы ресейшіл БАҚ-тар Елбасыға қарсы ма?", "Депутаттар үшін арақ сатып алуға тендер жарияланды"

2 122 просмотра

ULT.KZ. "Соғысты жарнамалауды тоқтататын уақыт жетті" - Бүкіл әлем елдері тарихшы-ғалымдарының басты тақырыбы «соғыс», соған сәйкес олардың үзіліссіз жарнамалайтындары да осы «соғыс». Бүгінгі таңда соғысты ауызға алмайтын бірде-бір тарихшы-ғалым, бірде-бір саясаткер жоқ. Неге олар соғысты ауыздарынан тастамайды? Өйткені, бүткіл жер бетіндегі 7 млрд-тан астам адамдардың бәрі әскери адамдар болып кеткен. Соңғы мыңжылдықтар да бүткіл әлем елдері болып соғысумен болдық, немесе соғысқа әзірленіп жаттық. Күні бүгінде де тура солай, көптеген елдер бірін-бірі қырып жатыр. Біреулер озбырлық жасау үшін, біреулер озбырлардан қорғану үшін, біреулер қару сатып баю үшін миллиардтаған қаражаттарды, өз халқының аузынан жырып осы әскери салаға жұмсауда. Байыптап қарасақ, бүгінгі күні бәріміздің әскерше ойлайтынымызды айқын аңғаруға болады. Үйде де, түзде де. Қазіргі таңда Адам өмірінің «көк тиындық» құны қалмағандығын осыдан деп, батыл тұжырым жасай аламыз. Бүгінгі күнгі тірлігіміздің бәрі тура соғыстағыдай. Әлем елдерінің барлығы дерлік, мықтысы да, орташасы да, әлсізі де үнемі үрей үстінде.

QAMSHY.KZ. "Қазақстандағы ресейшіл БАҚ-тар Елбасыға қарсы ма?" - Сөз бостандығына, пікір еркіндігіне қарсылық білдіруден аулақпыз. Алайда, елмізде емін-еркін жұмыс істеп тұрған бірқатар ресейшіл ақпарат құралдарының қылығы алаңдатпай қоймайды. Әлемдегі және елімізде орын алған оқиғаларға Кремльдің көзқарасы тұрғысынан баға беруді әдетке айналдырған «Еуразия» сынды телеарналар болсын, Қазақстан халқы мен басшылығын РФ-ға қарсы қоятын мақалалар басумен айналысып жүрген газеттер мен сайттар болсын көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бей-жай қалдырмайды.

"Нұртай мен Бекболатқа неге шүйлігіп алдық?" - Қазір қанша дабырласақ та сөз еркіндігі бар. Ерінбеген үйінде отырып та, баспасөз арқылы да үкіметті сынай алады. Президентті де жерден алып, жерге салып жатқандар бар. Депутаттар да сыннан тыс қалып жатқан жоқ. Менің қолыма қалам алғызып отырғаны да – осы депутаттарға жасалып жатқан шабуылдар.

AZATTYQ.ORG. "Жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауы жиіледі" - Қазақстанда 2014 жылмен салыстырғанда жасөспірімдер арасындағы суицид былтыр 5 пайызға жуық көбейген. Бұл туралы айтқанда психологтар бірден «отбасындағы қарым-қатынас» жайын қозғайды. Суицидтің көбеюін «қоғамдағы өзгерістермен байланыстыратын» мамандар да бар.

"ЕО мен Балқанның арасына кім түсті?" - «Жол ұзақ, Еуропа, күтпе бізді!» - сербтердің әйгілі әншісі Джордже Балашевичтің осы әні 1990-жылдар басында Югославияда жер-дүниені жаңғыртқан соғыс дүбірімен астасып кеткен еді. Енді Путиннің насихат машинасы сербтерге ЕО-ны жамандауды күшейтіп отыр.

KORRESPONDENT.KZ. Алтел» неге алдады?" - Тараздағы «Алтел» байланыс жүйесінің интернет қолданушылары «шектеусіз ғаламтор» тарифінің еш ескертусіз өшірілгеніне наразылықтарын білдірді. Аталған байланыс жүйесі қолданысқа енгізілгелі бері өз тұтынушыларын «шектеусіз ғаламтор»тарифы арқылы қуантып келген еді. Ғаламды интернет иіріп, бар жұмысы осы интернетке тәуелді мына алмағайып заманда отандық байланыс жүйесінің ісіне еңкейген кәріден еңбектеген жасына дейін барлығы бірдей қуанған-тын. Себебі, «Алтелдің» ғаламторы арзан әрі жылдамдығы да айтарлықтай. Бағасы айына әрбір қолданушыға 4500 теңге болған. Енді «шектеусіз ғаламтор» тарифы жойылып, орнына 4500 теңгеге бар-жоғы 30 ГБ қана берілетін болыпты. Ал бұл жүйе таңның атысынан кештің батысына дейін интернетке үңіліп отыратын кейбір мекемелердің кеңсе жұмысшылары мен тұрғындар үшін мүлде тиімсіз болып қалған.

ABAI.KZ. "Ерлан Сағадиев: кедей халыққа керегі мәдениет емес, білім" - 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 79-шы қадамында жоғары сыныптар мен ЖОО-да кезең-кезеңімен ағылшын тілінде оқытуға көшу көзделген. Басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. Жалпы халықты дәл қазіргі уақытта, 5 күндік оқу жүйесі мен білім беру процессіне енгізілетін 3 тілдік норма қатты алаңдатып отыр. Жалпы білім беру саласындағы сансыз реформалардан шаршаған халық, бұл жолы да қолын сілтеді. Неге? Енгізілгелі отырған жаңалықтың жағымды жағы қандай, жағымсызы не? Осы мәселелерге ой жүгіртіп, барымыз бен қол созған биігімізді саралап көрелік.

"Депутаттар үшін арақ сатып алуға тендер жарияланды" - Қазақстан Парламентінің шаруашылық басқармасы «мемлекеттің маңызды өкілдеріне» (Қарақұсованың айтуы бойынша бұл – депутаттар – ред.) 11 мың шиша алкогольді сусындар сатып алу үшін арнайы«акция» жариялап, анализ жүргізіп жатыр екен.

TURKYSTAN.KZ. "Қырғызстан үкіметі үмітті ақтамады" - 11 сәуірде Қырғыз үкіметі отставкаға кетті. Премьер-министр Темір Сариев алдына қойған жоспарларын орындай алған жоқ. Тұрмысымыз оңалар ма екен деген елдің үміті де ақталмай қалды. Қырғызстан Жоғарғы Кеңешінің депутаттары 9 сәуірдегі отырысында Т. Сариевті «Балықшы-Шолпаната-Қорымды» автожолын оңдауға байланысты тендерлік комиссияның жұмысына араласып, коррупциялық әрекетке жол берді деп айыптап, 9 сәуірде оның қызметтен кету керектігін айтқан.

DALANEWS.KZ. "КСРО-ны кімдер көксейді?" - Биыл еліміздің егемендік алғанына 25 жыл толады. Құдай бұйырса, 2021 жылы тәуелсіздіктің отыз жылын тойлайтын боламыз. Бұл уақыт та келеді. Анығында, тәуелсіздіктің әр жылы бізді Ресейден және онымен байланысты дүниелерден алыстата түспек. Алайда арамызда өткенді көксейтіндер әлі де бар. «Олардың әрекетінің өзі сырт көзге әумесерлік сияқты көрінгенімен, іс жүзінде бүгінгі тұтастығымыз бен татулығымызға сына қағатын іс» дейді газетіміздің тұрақты оқырманы Жұмаш Шүйкенов.

"Халықтың қаржысын қымқырғандарды неге қорғаймыз?" - Тіліміз жазықты болмасын. Қазір көпшілікті түсінуден қалып барамыз. Әсіресе әлеуметтік желіде әр нәрсені жазып, өздерін орта сауатты адамдардың қатарына жатқызатындар сау адамның асын ішіп, аурудың әңгімесін айтатын болған. Халықты қанап, мемлекет қаражатын талан-таражға салған әкім мен министрді қызметте жүрген кезінде кінәлаймыз, ал әлгі сабазың жемқорлықпен айыпталып, жауапқа тартылса, «есіл ер әлдебіреулердің… жазықсыз жазғыруымен айыпты болып, абақтыға қамалып барады» деп ұлардай шулап, әлеуметтік желіде желкен керіп, шындыққа қарсы жүзетін әдет таптық.

SERKE.ORG. "ҰБТ-2016: өзгеріссіз қалған талаптар мен жаңалықтар" - Ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімі жақындаған сайын түлектердің де жүректері лүпілдеп, дайындықтарын күшейте түсетіндігі баршаға аян. Түлектердің сұранысы бойынша біз үстіміздегі жылы ҰБТ ұйымдастырып өткізудегі өзгерістерге тоқталуды жөн көрдік.










14 сәуір 2016, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.