Едіге САБУРОВ өз шаруа қожалығына енгізілген тік дренаж жүйесінің жұмысын көрсетіп шықты. Осындай әдісті ол мүмкіндігінше мұқият зерттеп шыққаннан кейін Атыраудың ең проблемалы учаскелеріне қолдануды ұсынады.
Естеріңізге салсақ, өткен жылғы нөсер жауын мен биылғы жауған мол қардан кейін Атырауда суға кеткен жерлер көбейген еді. Суды тартып шығарғаннан пайда жоқ. Оның үстіне, су сорғыш машиналары барынша жұмыс жасаған сайын, су соғұрлым молая түседі. Мамырда көктемгі жаңбыр басталады да қала қайтадан суға толады.
Біздің сазды топырағымыз суды сіңірмейді, төмен қарай кетудің орнына сұйықтық ылдиға қарай кетеді. Нәтижесінде бүгінде қалада бірнеше проблемалы аймақ пайда болған: Әлиев-Тайманов көшелерінің қиылысы маңындағы (Бейбарыс даңғылы) ұзындығы
Ардагер гидрогеолог Едіге ағаның пікірінше, тік дренаж бен суды үнемі тартып шығару проблеманы шешуі мүмкін. Ол Бейбарыс даңғылының маңын пилотты жобаға алуға әзір. Әрине, қалалық биліктің мақұлдауымен. Әкімдік мамандары гидрогеологтың жобасымен танысып шығыпты. Жақында «Сабуров» шаруа қожалығына қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ аяқ басты.
Жылыжайлар
- Біз жұмыс істеген үшінші жылда өнім өте аз болды, нөсер жауын салдарынан жерасты суларының деңгейі көтеріліп, тұзды су қиярларға залал келтірді, - дейді Едіге аға. Сол кезде шаруашылыққа осы жүйе енгізілген. Учаскеде тереңдігі
Осы әдіс ерекше шығындарды қажет етпейді, суды тартып шығару үшін қуаттылығы сағатына 1,5 киловатт болатын тұрмыстық сорғы қолданылады. Тарту тереңдігін реттеуге болады – бұл әдіс патенттелген. Тек бір мәселе ғана шешілмей қалып отыр – тұзды сулар қайда құйылады?
- Бейбарыс даңғылы бойындағы учаскеде бізге алдын ала жұмыстар жүргізу керек. 4 ұңғыманы бұрғылап, алдыңғы екі міндетті шешу үшін топырақтың, судың құрамын зерттеу қажет. Біріншіден, осы аймақта жүйе тиімді жасай ма, соны түсіну керек. Өйткені, Атырауда топырақ кесіндісі өте алабажақ, бір жері құмды, бір жері сазды. Екіншіден, егер жүйе жұмыс істейтін болса, онда бүкіл гидрогеологиялық параметрлерді: топырақтың сіңуін және т.б. анықтау қажет. Бұл мәліметтер дренаж жүйесін жобалау кезінде керек, - дейді Едіге Сабуров.
Қожалықты қызығушылықпен қарап шыққан және дренаж жүйесіне көп көңіл бөлген қала басшысы тұзды суларды бұру мәселесін, атап айтқанда, Атыраудың суға кету проблемасын түбегейлі шешуге кірісу үшін мамандармен, «АтырауСуАрнасы» өкілдерімен жан-жақты талқыланатындығын атап өтті.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор