Атырау, 6 мамыр 12:57
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қазақ ұлтшылдығы "шовинизм" бе?", "Түркияда еркін баспасөзге қысым күшейді", "Жерің сатылады, қазақ баласы!..", "Жүрсін Ерман әкелі-балалы Ермегияевтерге ақыл айтты", "Мәжіліс депутаттарының жақында көшіп барған қызметтік пәтерлері қандай?"

2 671 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Түркияда еркін баспасөзге қысым күшейді" - Түрік журналистері босқындар дағдарысын шешу үшін Анкараның жәрдеміне сүйенетін Еуропа Одағы Түркиядағы баспасөз еркіндігінің жағдайына көз жұма қарайды дейді.

""Сирияға кетушінің" қазақстандық екені расталды" - Ресейдің Дондағы Ростов қаласында "Сирияға кетпек болды" деп айыпталған Вазген Заргарьян сотын күтіп отыр. Алматылық 24 жастағы жігітке "терроризм" айыбы тағылған.

ABAI.KZ. "Қазақ ұлтшылдығы "шовинизм" бе?" - Жақында «camonitor.kz» дейтін сайт Қазақстандағы қазақ ұлтшылдығын "шовинизм" деп бағалап, ұлттық мүдде мәселесінде бас көтеріп, мемлекеттің қоғамдық саясатына сергек қарап жүрген бірсыпыра қоғам белсенділерін, саясаткерлерді агрессорлық идеяшылдар деп айыптапты.

QAMSHY.KZ. "Эдуард Лимонов, «Другая Россия» партиясының төрағасы: Назарбаев биліктен кеткен соң қазақстанның «орыс қалалары» ресей құрамына өтуі керек" - Ресей мен ондағы көптеген (!) саясаткерлер бұрынғы КСРО аумағын өз меншігі санайтыны бүгінде ешкімге жасырын емес. Бұл ойларын ресейлік саясаткерлер, тіпті, кейбір жазушыларға дейін ауық-ауық елдің есіне салып тұрады. Орыс халқына бауырлас, тарихы, тағдыры ортақ ел Украинаны ала тайдай бүлдіріп, Қырымды едел-жедел өткен «референдум» көмегімен басып алу сол «ойлардың» біртіндеп жүзеге де асып жатқаны емес пе?

KORRESPONDENT.KZ. "«Атаманның» ақыры" - Апта басында тағы бір танымал лауазым иесіне қатысты сот отырысының негізгі бөлімі басталды. Бұл жолы сотталушылар орындығында – «Астана ЕХРО-17» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев бастаған 23 адам. Оларға «қазынаның 10 миллиард теңгесін жымқырды» деген айып тағылып отыр. Прокурорлардың дәйегі бойынша бір ғана Т.Ермегияев халықаралық шараға арналған халық ақшасының 4,2 миллиард теңгесін қалтасына басқан.

SERKE.ORG. "Жүрсін Ерман әкелі-балалы Ермегияевтерге ақыл айтты" - Өткен аптада «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне бөлінген миллиардтаған қаржыны жеп қойды деп айыпталып жатқан Талғат Ермегияевтің сотына Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин қатысып, Т.Ермегияев жөнінде жақсы пікір айтқан болатын. Себебі Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарғанға дейін спорт саласына жетекшілік жасады. Сол кезде Талғат Ермегияев Ильин үшін «білікті басшы, сенімді дос» болыпты. Чемпионның осы лебізі басқаларға ой салды.

ULT.KZ. "Жерің сатылады, қазақ баласы!.." - Сонымен, дүлей дағдарысты сылтау қылған Қазақстан билігі жерді аукцион арқылы көтерме саудамен де (оптом), бөлшектеп сатуға да шығарды. Енді ата-бабадан мұра болған қазақтың қасиетті жерін ақшасы қалтасын жарған кім көрінген сатып ала алады. Оған жаңадан қабылданған Жер кодексі толық мүмкіндік береді.

DALANEWS.KZ. "Қазақ жерін сатуға жол бермейміз! (Президентке ашық хат)" - Өзіңізге мәлім, «НұрОтан», «Ақжол», «Азат», БСДП партиялары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазэнержи» қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚП, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жазушылар одағы, Халықаралық Адам институты (Институт), қаржыгерлер, тәуелсіз кісіпкерлер, ректорлар қауымдастығы т.б. қоғамдық ұйымдар құрған Ұйымдастыру алқасы Мемлекеттік емес ұйым ретінде елімізде адам капиталы мен мәдениетті дамыту, жаңаиндустриалды қоғамға өту бағдарламаларын іске асыруда.

TENGRINEWS.KZ. "Мәжіліс депутаттарының жақында көшіп барған қызметтік пәтерлері қандай?" - Tengrinews.kz тілшілері Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Айзада Құрманованың үйінде қонақта болып қайтты.




11 сәуір 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.