Атырау, 6 мамыр 15:11
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Үштұғырлы тіл саясаты: ұтамыз ба, ұтыламыз ба?", "Роза Отунбаева: Өз күшімізге ғана сенуіміз керек", "Сергей Мироненко, РФ Мемлекеттік мұрағатының бұрынғы басшысы: 28 панфиловшы туралы шындықты ауыр болса да қабылдау керекпіз", "Қазақстан кімдерге қарыз?

2 936 просмотра

TURKYSTAN.KZ. "Ұялы телефон ұстаған бала тиянақты білімге қол жеткізе ала ма?" - Жақында ғана министрлер мен әкімдер бастаған мемлекеттік шенеуніктерге қызмет барысында ұялы телефон ұстауға тыйым салынғаны белгілі. Іле-шала бұл шектеу МАИ қызметкерлеріне де қойылды. Ал, ұстаз қауымы да ұялы телефонның оқушының білім алуына кері әсерін тигізбей қоймайтынын көптен бері айтып келеді.

"Үштұғырлы тіл саясаты: ұтамыз ба, ұтыламыз ба?" - Қазіргі еліміздің тіл саясаты үш тілдің қатар қолданысын көздейді, үш тілді әрбір азаматтың меңгеруіне басымдық береді. Мұндай тіл саясатының өзіндік ұтымды да ұтымсыз да жақтары туралы мамандар да, сарапшылар да, бұқара көпшілік те жиі әңгіме етіп, тұс-тұстан пікір білдіріп қалып жататыны жасырын емес. Расында, мемлекеттік тіл болып есептелетін қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейте алмай, аударма тілінің деңгейінен аса алмай жатқанда, орыс тілінің белсенді ықпалы аз болғандай, ағылшын тілі оған үстемелене түседі деген пікірлердің де жағы бар. Керісінше, ағылшын тілі қайта орыс тілінен алшақтауға, қазіргі жаһанданудың үдерісіне ілесуге, ғылым мен техникадағы жетістіктерді тікелей ағылшын тілі арқылы меңгеріп, әлем халықтарымен тікелей қарым-қатынас жасауға, таным аямызды кеңейтуге, ақпараттық көздерімізді ұлғайта түсуге мүмкіндік бермек деген сияқты екінші бағыттағы позитив пікірлер тағы бар.

AZATTYQ.ORG. "Роза Отунбаева: Өз күшімізге ғана сенуіміз керек" - Қырғызстан экс-президенті Роза Отунбаева Азаттыққа сұхбатында Сәуір төңкерісінен кейінгі саяси ахуал, билік пен оппозиция қарым-қатынасы және шекарадағы проблемалар туралы айтты.

"Базарбай Кенжебаевтың кіші қызы" - Жаңаөзен абақтысында алған соққы мен азаптаудан мерт болған Базарбай Кенжебаевтың кіші қызы шарасыз күй кешіп отыр. Ажырасқаннан кейін үйсіз қалған Жадыра кішкентай екі қызын өзі асырап жатыр.

ABAI.KZ. "Қазақстан кімдерге қарыз?" - 2015 жылдың III тоқсанындағы деректер бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 155,57 миллиард долларды құрапты. Бұл қарыздардың басым бөлігі Нидерландыға тиесілі екен. Бұл туралы «lsm.kz» порталы жазады.

"Депутат: мен – биліктің құлымын" - Мәжіліс өтіп жатады, сыртынан қайсысы не істеп отыр екен деп, бажайлап қарап жүреміз. Бірі ұялы сымтетегін, бірі ноутбігін, бірі алдындағы қағаздарын парақтап, кейбірі өзара сыбырласып сөйлесіп, қайсібірі қалғып - мүлгіп, біреуі нашар оқушыға ұксап шұқыланып, бірі жақсы оқушыларға ұқсап өз-өзінен белсеніп, шошаңдап отырады. Бұлар, әрине, заң жазып жатқан жоқ. Үкімет үйіндегі арнайы топ дайындап, жазып парламентке алып келеді. Үкіметтегі заң жазатын топтың құрамындағылар кімдер екендігі әзірге құпия. Өйткені заңдар Қазақ елінің, халқының мүддесіне орай жазылмайды. Жат жандардың қолтаңбасы көрініп тұрады. Парламент сонда қол көтеру үшін ғана керек пе?

TENGRINEWS.KZ. "Жарылыс кезінде сарбазды өз денесімен жапқан полковник: Бұл офицердің қарапайым әрекеті" - Жарылыс кезінде сарбазды өз денесімен жапқан Қайрат Үмбетов нағыз офицердің әрекеті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығына сілтеме жасап.

ULT.KZ. Айтыскер Ернар Айдар мен Асхат Тарғын» немесе қазақ айтысы қара жамылды ма?" - Соңғы кезде айтыстың айналасындағы дау өршіп тұр. Оның бір себебі Жүрсін Ерман мен Ринат Зайытов арасындағы «тартыс» болса, тағы бір себеп — «жұлдыздардың» айтысқа араласуы. Әнші-әртістердің «ақын» боп шыға келгеніне күйінген бір қауым ел, бұны «айтыстай қастерлі өнерді қорлау» деп қынжылды. Шоу айтыстың шектен шыққанына наразылық білдірді.

QAMSHY.KZ. "Сергей Мироненко, РФ Мемлекеттік мұрағатының бұрынғы басшысы: 28 панфиловшы туралы шындықты ауыр болса да қабылдау керекпіз" - 1941жылы қараша айында неміс фашистерімен Мәскеу түбіндегі ұрыста ерлікпен қаза тапты делінген 8-гвардиялық дивизияның 28 жауынгері туралы мұрағат деректерінжариялаған РФ мемлекеттік мұрағатының бұрынғы басшысы Сергей Мироненко былтыр шілде айында қазақстандық «Радиоточка» сайтына сұхбат берген болатын. Сұхбатта С. Мироненко 28 панфиловшының қалайша батыр атанғанын, олардан батыр жасау кімге не үшін керек болғанын тәптіштеп түсіндірген. Қазақстан қоғамында осы тақырыптағы пікір таластар әлі де толастамай тұрған себепті мұрағатшының сол сұхбатын қазақ тіліне аударып,«Қамшы» оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.

DALANEWS.KZ. "Кет–Бұғаның соңғы жорығы" - Бұл мақаланы өзіңіздің назарыңызға ұсынып отырмыз. Кезінде бұл мақала «Таңшолпан» журналында орыс тілінде басылған. Содан кейін Ғаламторға (Интернетке) қойылды, ТМД көлемінде және шетелдегі орыстілді оқырмандарға белгілі болды. Лондон, Париж т.б. қалаларда тұратын отандастарымыз, қазақтың және жалпы көшпенді өркениеттердің тарихы мен мәдениетіне ықылас-пейілді басқа да жұрттардың оқырмандары бұл еңбекке өздерінің зор ризашылығын білдірді. Аталған мақаладағы бұрын беймәлім болған деректер әлемдік ғылыми айналысқа түсті.

KORRESPONDENT.KZ. "Дариға Назарбаеваны алдаудың "көкшетауский варианты"" - Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева күні кеше Көкшетауға іссапармен барып, біраз нысандарды аралап көрген еді. Мемлекет басшысының қызы №2 мектепке барып, оқу процесімен танысқан. «Қуырдақтың көкесін, түйе сойғанда көресің» демекші, Көкшетау жауаптылары Назарбаеваның жақында ғана үштілділікке қатысты мәлімдемесін қолдап, бәлкім жағымпазданғысы келді ме, әйтеуір астаналық қонақ баратын мектепке №3 білім ұясының ағылшыншасы судай озат оқушыларын жинап, отырғызып қойыпты.










8 сәуір 2016, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.