Атырау, 6 мамыр 08:57
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Астана ЕАЭО-ның Ереван саммитін басқа қалада өткізуді ұсынған", "“100 нақты қадам" – Ұлт жоспарының соңы қазақтың жерін талан-тажға салуға ұласқаны ма?", "ДАИШ — адастыру мен адасу", "Таулы Қарабақтағы қақтығыс ескi жанжалды қайта қоздырды"

1 616 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Таулы Қарабақтағы қақтығыс ескi жанжалды қайта қоздырды" - Өткен сенбiге қараған түнi Таулы Қарабақта Армения мен Әзiрбайжанның әскери күштерi арасындағы қақтығыс аймақтағы ахуалды ушықтырып жiбердi. Бұл – екi ел бiтiмгерлiк жөнiндегi келiсiмдi жасаған 22 жылдан берi болған ең жойқын кескiлескен шайқас. Бiтiмгерлiк келiсiмiнiң бұзылғаны үшiн екi тарап бiрiн-бiрi айыптады.

AZATTYQ.ORG. "Астана ЕАЭО-ның Ереван саммитін басқа қалада өткізуді ұсынған" - Қазақстанның ЕАЭО үкімет басшылары саммитін Ереваннан басқа қалада өткізу ұсынысына Ресей «келісуге дайын». Сарапшы «Қазақстан өкілдері Ереванға барса, Баку оны Арменияны қолдау деп түсінеді» дейді.

"Түрмеде отырғандар азайғанымен, қылмыс көбейген" - World Prison Brief ұйымының зерттеуінше, Қазақстанда шамамен 39 мың адам түрмеде отыр. Бұл – 2010 жылмен салыстырғанда екі есе аз көрсеткіш.

ABAI.KZ. "Журналист-депутаттардан не күтеміз? Жап-жаңа мәжілістің алғашқы жұмыс күні басталды" - Кеше ғана өз еркімен тарап, кейін қайта сайланған ескі де жаңа парламент толық жұмысқа кірісті дегенімізбен, әзірге ауыз толтырып айтар жаңалық жоқ. Қос палатаның бірлескен отырысына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, сессияны ашып берді. Кеуделеріне депутат төсбелгісін таққандар Елбасы алдына шығып, «қойдан қоңыр болуға» ант берді. Атыраудың экс-әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті спикер етіп сайлап, Мәсімов Үкіметіне сенім білдірген Мәжіліс туралы БАҚ аз жазып жүрген жоқ.

"Діни радикализмнің емі не?" - Соңғы уақыттағы зерттеулер бойынша әлемдегі діни ахуал күрделі сипатқа ие болып отыр. Бұл үдеріс Қазақстанға жанама түрде әсер етуде. Атап айтқанда, әлемдегі экстремистік және террористік қозғалыстардың күшеюі мен Қазақстан қоғамы үшін дәстүрлі емес, тарихи тамыры жоқ түрлі бағыттағы, дін атын жамылған ағымдардың насихаты салдарынан дінге сенуші жекелеген азаматтар радикалистер қатарына қосылып кету ықтималы бар. Ең қауіптісі бұл үрдістің жастар арасында белең алуы.

KORRESPONDENT.KZ. "Сауатсыз дәрiгер - сырқаттың соры" - Біздің ұғымымыздағы дәрігер – ең мейірімді адам. Санада солай қалыптасты. Шыбын жаның шырқырағанда ең алдымен ауызға Алланы алып, содан соң дәрігерлерден көмек күтетінің рас. Бірақ кейінгі кезде осы бір ақ халатты абзал жандар деп әспеттеліп жүрген мамандық иелеріне деген кереғар көзқарас, екіұштылау пікір қалыптаса бастағаны ма, қалай өзі?

SN.KZ. "Кәрім Мәсімовтің әкесі жетімдер паналап отырған үйді сатып жіберді деп айыпталуда" - "Фазыл Гази Топлы" қайырымдылық ұйымы өз құрылтайшыларының бірімен соттасып жатыр. Олар ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімов жетімдерге арналған интернатқа жалған құжаттар жасап, ғимаратты сатып жібергендігін айтып отыр деп жазады Informburo.kz.

ULT.KZ. "ДАИШ — адастыру мен адасу" - Бүгінгі күні алпауыт мемлекеттердің саяси-экономикалық мүдделері тоғысқан Сирия мен Ирак жеріндегі лаңкестік әрекеттер күллі әлемді әбігерге салып, көптеген елдерді қауіпсіздік шараларын нығайтуға мәжбүрлеуде.Олар Ирак пен Сирия үкіметінің әскери күштерімен қоса Ливан, Ауғанстан, Алжир, Пәкістан, Ливия, Египет, Йемен және Нигерия елдерінде, сонымен қатар, өздерін құптамайтын басқа да мемлекеттерге қарсы қанды қырғын соғыс жүргізуде.

DALANEWS.KZ. "Шыңғысханды «қазақ қылу» Әбенайұлының әдепкі ісі" - Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт тарихына шөлдеген, Ұлтын ұлықтағысы келген, ұлтжанды азаматтарымыз жаппай тарихқа бет бұрды. Осының көбі тайпалық көзқарастан аса алмай қалды. Енді біразы тарихтың «сәбилік дертімен» сырқаттанды. Бұл сырқатқа шалдыққандар бір құжаттың шетіне көзі түссе болды, оның түп-тамырына бойламай байбалам салып, даңғазаланып шыға келетін болды. Бұл дерт неге ұрындыратынына ой жүгірте бермейді. Міне, осыларға сабақ, үлгі болсын деген ниетпен тарих ғылымының кандидаты, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының Т.Әбенайұлына берген жауабын ұсынып отырмыз.

"Орыс тілінде ән салатын қазақ әншілерінің тыңдаушысы бар ма?" - Кеңес заманында ғылым мен өнердегі мықтыларымыз Мәскеуді бағындыруға күш салатын-ды. Осы үрдіс кейбір салаларда әлі күнге дейін сақталуда. Бүгінде орысшаға жүйрік кейбір ғалымдарымыз Ресей арқылы әлемдік ғылыми қоғамдастыққа шығуды көздейді. Әрине, ғылымға қатысты орыстармен тізе қосып әрекет етуді түсінуге болады. Ал соңғы уақыттары Кеңестік жүйенің кесапатын көрмеген жас әншілердің Мәскеуден бір жылы сөз есту үшін өңешін созып, орысша ән салып жүргенін қалай түсінуге болады?

QAMSHY.KZ. "Елімізде жұмыс істейтін зейнеткерлер саны артып отыр" - Қаржылық дағдарыс пен ел ішіндегі қымбатшылық халықтың әлеуметтік ахуалына кері әсерін тигізбей қоймайды. Біреулер қысқартуға ұшырап, табыс көзінен айрылса, енді біреулер еңбекақысын ештеңеге жеткізе алмай қосымша жұмыс істеуге мәжбүр. Сонымен қатар, зейнеткерлікте отырғандарға да бұл дағдарыс оңайға соқпай тұрған сияқты. Статистикалық мәліметтер зейнет жасындағы азаматтардың ішінде де жұмыс іздеушілер мен жұмыс істеп жүргендер санының артқанын көрсетіп отыр.

QAZAQUNI.KZ. "“100 нақты қадам" – Ұлт жоспарының соңы қазақтың жерін талан-тажға салуға ұласқаны ма?" - Осыдан бірнеше күн бұрын, нақты айтсақ 2016-жылдың 30-наурызы күні ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру мақсатында 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап, жергілікті атқарушы органдар 1,7 млн. гектар жерді аукцион арқылы саудалайтыны және оның Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам ұлттық жоспарының» ІІІ. «Индустрияландыру жəне экономикалық өсім» бағытын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асып жатқандығы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ресми мәлімдеме жасады.




6 сәуір 2016, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.