Атырау, 6 мамыр 14:44
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Таулы Қарабақ жанжалы және Қазақстан", "Серiкболсын ӘБДIЛДИН, мемлекет және қоғам қайраткерi, экономика ғылымдарының докторы: Жердi сатуға еш негiз жоқ", "Құрметті Елбасы, біз қазақты мәңгүрт етуге қарсымыз!", "«Аналық капитал» қазаққа да керек"

2 133 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Таулы Қарабақ жанжалы және Қазақстан" - Астана Таулы Қарабақ жанжалын бейбіт жолмен шешуге шақырды. Сарапшы пікірінше, Армения мен Әзербайжан арасындағы кикілжің Қазақстанға да пайдалы емес.

"Түріктер босқындардың Грекиядан оралып жатқанына алаңдайды" - 200-дей босқын, көбі Пәкістан азаматтары, ЕО мигрант дағдарысын шешу жоспарын әзірлеп жатқандықтан, қайтадан Түркияға оралды. Ал Түркия азаматтары оларға мазасыздана қарайды.

ZHASALASH.KZ. "Серiкболсын ӘБДIЛДИН, мемлекет және қоғам қайраткерi, экономика ғылымдарының докторы: Жердi сатуға еш негiз жоқ" - Қазақстан билiгi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi жеке меншiкке беру үшiн 2016 жылдың 1 шiлдесiнде жергiлiктi атқарушы органдар арқылы 1,7 млн гектар жер аукцион арқылы сатылатынын жариялады. Бұл президент Назарбаевтың реформалау туралы “100 қадамының" жердi тиiмдi пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн нарықтық қатынасқа көшiру туралы 35-қадамын жүзеге асыру саясаты екен. Бiр ғана адамның бастамасымен шешiлiп жатқан өзектi мәселенiң мән-жайына түсiнiктеме беруiн сұрап, мемлекет және қоғам қайраткерi, экономика ғылымдарының докторы Серiкболсын Әбдiлдиннен сұхбат алған едiк.

"“Бiлермендер" бүлдiрiп тынар" - Қашаннан-ақ бiлiм-тәрбиенiң басты ошағы саналып келген мектептен ендiгi жерде мән кететiн түрi бар. Қайдан құлақ шығарса да өзi бiлiп, өзi кесiп-пiшiп үйренген шолақ белсендiлер мектептiң мәртебесiн өзгерткендi жөн көрiптi. Соңғы кезде әрi бiлгiш әрi нұсқау бергiш кейпiне енген Дариға Назарбаева астаналық мұғалiмдермен кездесуiнде осы жайтты мәлiмдедi.

ABAI.KZ. "Құрметті Елбасы, біз қазақты мәңгүрт етуге қарсымыз!" - Білім жүйесі Қазақ елінің мектеп жасындағы ұрпағына кезекті рет эксперимент жүргізбекші. Сорақысы - осы жолғысы тіліміздің мүлде өшуіне (бұл ұлт өшуінің алғышарты екені сөзсіз) қойылған төте жол.

SN.KZ. "Қазақстан жер астындағы алтын кенішін ресейлік компанияға сатып жіберді" - Ресейлік Polymetal International plc компаниясы "Казцинк" ЖШС-мен келісімге келіп, 100 миллион долларға Қазақстандағы Комаровский алтын кенішін сатып алды. Бұл туралы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланған.

KORRESPONDENT.KZ. "«Аналық капитал» қазаққа да керек" - Біз неге көбеймей жатырмыз? Бұл сауалға әркім әрқалай жауап беруге тырысады.

"Жұмсақ заң қалталы қылмыскерге қол боп тұр" - Осыдан алты жыл бұрын Қазақстан темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүргендер саны жағынан Орталық Азия елдері арасында алдыңғы орында тұрды. 2012 жылы елімізде мың адамның 295-і сотталғандар болатын. Яғни, әр үшінші немесе төртінші қазақстандық түрмеде отырған. Бұл еуропаның дамыған елдеріндегі көрсеткіштен екі есеге көп.

ULT.KZ. "Сіз кімсіз, Шыңғысхан?" - Тарихтың қатпар–қатпар беттерін парақтап қарайтын болсақ, қаншама тарихи тұлғалармен уақыт еншісіндегі оқиғалар ғасырлар бойы өзгеріске ұшырап отырған. Олардың ара жігін ажыратып, нақты бір шешімге келіп, алтын ғасырдың тарихын қайта жазған тарихшылар жоқтың қасы. Осыдан 8 ғасырдан астам уақыт бұрын дүниенің күл талқанын шығарған әлемнің жаулаушысы – Шыңғысхан, ХХІ ғасырдың ұрпағына да әлі тыныш ұйқы берер емес. Ұрпақ мазасын алған соғыс емес, «Ұлының» ұрпағы болуға тырысқан жалған тарихи қателіктер.

"Тоқаев: Еуропа унді бұрынғыдай болмайды" - «Еуропа астан-кестен өзгерістер кезеңіне тап келді, енді ол қайтадан бұрынғыдай болмайды», — деп мәлімдеді Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл туралы бүгін сенаттың ресми сайтында жарияланған Тоқаевтың Сингапурдегі «Азия және әлем: Ортақ мүмкіндіктер, бірлескен көркею» атты форумда жасаған баяндамасында айтылады.

AIKYN.KZ. "2099 жылға дейін технология қалай дамиды?" - Өткен жылдың басында Детроиттағы (АҚШ) SAE 2015 конгресінде Рэй Курцвейл технологиялар дамуының 2099 жылға дейінгі болжамын жасады. Егер аталған болжамды жүйелесек, қоғам өміріндегі шешуші салалардың ХХІ ғасырдың соңына дейінгі дамуына көз шалуға болады.
Сонымен 2099 жылға дейін технология қалай дамиды?

NUR.KZ. "20 жасында Олимпті бағындырған Бекзат Саттархановты халық ұмытып барады" - Ел мақтанышы болған Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірге келген күні. Боксшы Бекзат көзі тірі болғанда биыл 36 жасқа толар еді.










5 сәуір 2016, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.