Атырау, 6 мамыр 08:24
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Apple-ді құрған адамның Совет одағына сапары", "Рейтинг бойынша Қазақстан Ресейден гөрі бай. Рас па?", "Досым Сәтбаев, саясаттанушы: Қарабақтағы қақтығыс қазақстанға оңай соқпайды", "«Рыжий Алмаз» қазақтың қас батырының эталоны ма?"

2 091 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Apple-ді құрған адамның Совет одағына сапары" - Apple компаниясы негізін қалағандардың бірі Стив Джобс Совет одағында қайта құру кезеңі енді басталған кезде дербес компьютерлер шығару туралы ұсыныспен Мәскеуге барған. Бірақ оның көздегені орындалмаған.

"Зағиптар жетекшісі - түрмеде, ал ұйым жікке бөлінген" - Қазақ зағиптар қоғамының кей өкілдері жеті жылға сотталған бұрынғы президенттерінің «жазығы жоқ» деп санайды. Ал қарсыластары оны «аз жылға соттады» дейді.

"ИМ-нің Орталық Азиядан адам жинауының жаңа әдісі" - «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қатарын толтыру үшін Сириядағы майдан алаңын «бала-шағамен тұруға ыңғайлы жер» деп дәріптеуге көшті. Олардың үгіт-насихаты Орталық Азия елдеріне бағытталған.

ABAI.KZ. "Құлдыққа түскен қыздар. кукла Диля" - Осынау тал шыбықтай бұралған талдырмаш тәжік қызының есімін ешкім білмейді. Өзі Дилярамын дейді. Қазақша сөйлегенде анау-мынау қазағыңды жаңылдырады. Таныс-білістері Диля деп еркелететін көрінеді. Он сегіз-ақ жаста. «Жұмысына» мықты, өзінің айтуынша. «Қайда істейтін едіңіз?» десем, «Сейфуллинде» дейді. «Сейфуллині несі?» деп алғашқыда аңтарылып қалдым да, шамалыдан соң есіме түсіп, күліп жібердім. Түсінікті. Алматыдағы Сейфуллин көшесінің бойында күндіз-түні қаздай-жездей тізіліп тұратын «түнгі көбелектер» екен ғой...

"Рейтинг бойынша Қазақстан Ресейден гөрі бай. Рас па?" - Жақында Global Finance Magazine басылымы әлемдегі ең бай елдердің рейтингісін жасапты. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының дерктеріне сүйене отырып жасалған бұл тізімге әлемнің 185 мемлекет кірген. Американдық басылымның түзген тізімінде Қазақстан Ресейден гөрі бай деп көрсетілген.

HALYKNEWS.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақбанкінің» бейғам салымшылары өтемақыдан қағылуы мүмкін" - Бүгінгі күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бойынша өтемақы төлеуге жататын 110 мыңға жуық салымшымен қосымша келісімшартқа қол қойды. Бұл өтемақы төлеуге жататын депозиттердің 20 пайызын ғана құрайды. Мұндай қарқынмен 200 мыңға тарта салымшы банкпен арадағы қосымша келісімшарттар жасау мерзіміне үлгермеуі мүмкін, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

DALANEWS.KZ. "Біздің шенеуніктер қандай? Немесе Саакашвилиді сыйдырар ма едік?" - Анығында бүгінгі қоғам, қазіргі билік дәл осы Саакашвили сияқты шенеуніктерге мұқтаж болуы керек еді. Жоқ, рас. Себебі, оның еті тірі. Жалпы, тірі адам. Бізге биліктің мінберінде айтысып-тартысып жататын, саяси сахнадағы кез-келген оппонентімен ашық пікірталасқа түсе алатын, керек десеңіз, оның әлсіз жерін бетіне басып, жіберген қателіктерін жіпке тізуге қорықпайтын дәл осы Саакашвили сияқты шенеуніктер қажет.

"Әлиханға тісі батпаған Сталин қандай саяси әрекетке барды?" - Қыр баласы – елағасының Қазақстанның жер халық комиссариатынан қашан шығарылғаны қандай жұмбақ болып келсе, оның Мәскеуге қашан және қалай оралғаны да әзірше сондай құпия болып тұр. Бірақ, Мәскеудегі бір бөлмелі коммуналдық пәтерін босатуды талап етпегенімен (оған да тәубә деп ойлады ма, кім білсін), И.Сталин оған енді басқа қызмет не жұмыс ұсынбады.

QAMSHY.KZ. "Досым Сәтбаев, саясаттанушы: Қарабақтағы қақтығыс қазақстанға оңай соқпайды" - Күні кеше басталған қарулы қақтығысқа қатысты Қазақстандағы танымал саясаттанушы Досым Сәтбаев ratel.kz сайтында өз ойын білдірді. Саясаттанушы бұл қақтығыс аймақтық деңгейден асып түсіп, Ресей мен Түркия арасындағы кикілжіңнің жаңа сатысына айналса, Қазақстанға да оңайға соқпайтынын айтып отыр.

"61 жыл бұрын атылған қазақтың тұңғыш қаржы министрі кім еді?" - Қытай Халық Республикасының құрамындағы Шынжаң өлкесінде, өткен ғасырда тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құру жолында өлімге бас тігіп, отаршыл-әкімшіл күштерге қарсы ұлт-азаттық күресін жүргізген қазақ қаһарманы Осман батырмен тағдырлас тұлға Қажы Жанымқан Тілеубайұлы 1951 жылы, 4 сәуір күні Үрімші қаласында атылды. Ал Оспан батыр болса, 25 күннен кейін 29 сәуір күні атылған еді.

SN.KZ. "Арабқа күйеуге шыққан қазақ қызы өзге қыздардан бұл қателікті қайталамауды сұрады" - Египеттік арабқа күйеуге шыққан қазақ қызы өзінің бұл әрекетін үлкен қателік деп есептейді. Бұл туралы Мысырға барып, қандасымызбен тілдесіп қайтқан профессор, түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы мәлімдеген. Ғалымның әңгімесі жазылған бейнеролик кеше Фэйсбуктегі парақшалардың бірінде жарияланды.

SERKE.ORG. "«Рыжий Алмаз» қазақтың қас батырының эталоны ма?" - Соңғы кезде батыр туралы түсінік қатты өзгеріске ұшырады. «Аузым бар екен» деп қарадүрсін ойдың жетегімен пікір айта беретін қарапайым адамдарды былай ысырып қойғанның өзінде оқыған-тоқыған, жан-жақты сауатты азаматтар ақылға қона бермейтін бастамалар көтеріп жүр. Олардың мақсаты – қылмыс әлемінде беделге ие болған адамдарды «сүттен – ақ, судан – таза» етіп ұлықтау, реті келіп жатса, мемлекет және қоғам қайраткері тұғырына көтеріп, халықтың «мәңгі жадында» қалдыру. «Ұра берсең, құдай өледі» демекші, заржақтанып айта берген соң бұл бастаманы қолдайтындардың да қарасы көбейіп келеді.

"«Қазақстан мұсылмандар одағының» төрағасы тағы бір дау бастады" - Өзінің «Ветер с улицы» атты кітабы арқылы азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты арандатып соттатқан «Қазақстан мұсылмандар одағының» төрағасы Мұрат Телібеков тағы бір даудың шетін шығарды. Ол енді «жала жапты» деген айыппен «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің проректоры Шамшидин Керім мен «Хабар» агенттігінің журналисті Шынар Сағындықованы сотқа беріпті. Бұған осыдан бес жыл бұрын журналист Шынар Сағындықованың «Алматы» телеарнасында көрсетілген діни экстремистер жөніндегі хабары себеп болып отыр.

ZHASALASH.KZ. "Қазақстан “бақытсыз" елдер қатарында" - Bloomberg агенттiгi Қазақстанды инфляция мен жұмыссыздық деңгейi жағынан әлемдегi экономикасы “бақытсыз" елдер тiзiмiне қосты. Қосып қана қоймай, Misery index деп аталатын рейтингтiң “алдыңғы" ондығына кiргiзiп қойды. Қазақстан экономикасы құлдыраған Венесуэла, Украина, Сербия, Түркия сынды елдермен көршi тұр. Былтыр осы “қара тiзiмде" 7-орында тұрған Еуразиялық экономикалық одақтағы басты әрiптесiмiз – Ресей санкцияға қарамастан, жағдайын “түзеп" 14-орынға сырғыған.

"Әдiлеттiлiк үшiн күресу керек" - Алматы қаласының апелляциялық алқасы азаматтық белсендiлер Ермек Нарымбаев пен Серiкжан Мәмбетәлиннiң жазасын жеңiлдетiп, сот залынан босатты.

TURKYSTAN.KZ. "Шенеунік смартфонын шұлыққа жасыра ма?" - Министрлер мен әкімдер бастаған мемлекеттік қызметкерлер бұдан былай суретке, видеоға түсіру, дыбыс жазу функциялары мен ғаламторға қосылу мүмкіндігі бар гаджеттерді жұмыс барысында пайдалана алмайды. Тек қоңырау шалып, хат-хабар алмасуға мүмкіндік беретін қарапайым функциялы ұялы телефондарды қолдануға рұқсат. Бұл – қызметтік ақпараттардың әлеуметтік желілер арқылы таралып кетуіне тосқауыл қоюдың амалы. Заманауи құрылғы күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған уақытта мұндай тыйым қаншалықты қисынды?

QAZAQUNI.KZ. "Әншілердің сахнадағы киіміне қатысты заңға Ирина Смирнова қарсылық танытты" - Мәдениет және спорт министрлігіне көрермендер тарапынан өнер адамдарының халық алдына жартылай жалаңаш шығуын тоқтатуды сұраған 4000 дана хат жиналып қалыпты. Әрине бұл осыған дейін жазылған барлық хаттың саны. Министр өз кеңесшілерімен ақылдаса отырып «тыйым» жайлы заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынған.









4 сәуір 2016, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.