Атырау, 6 мамыр 08:47
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Елді дағдарыстан алып шығуы тиіс үкімет халықтан ақша жинаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты". "Америкалық жиһанкездің Қазақстанда көргендері". "Талғат Ермегияевтың оққағары бастығына сөмкелеп ақша тасығанын айтты"

2 155 просмотра

SN.KZ. "Елді дағдарыстан алып шығуы тиіс үкімет халықтан ақша жинаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты" - 2017 жылдан бастап баспанасын сатқан әрбір қазақстандық үй бағасының 10 пайызын мемлекетке салық ретінде өткізуі мүмкін. Бұрын мұндай талап тек үйді алып-сатарларға ғана қолданылатын деп жазады "Крыша" порталы.

AZATTYQ.ORG. "Отбасында әңгіртаяқтан көз ашпаған әйел өмірі" - БҰҰ дерегі бойынша, Қазақстанда тұрмыстағы әрбір сегізінші әйел отбасында зорлық-зомбылық көреді екен. Бірақ ресми органдар назарына ондай 50 әлімжеттік оқиғасының тек біреуі ғана ілігеді.

"Америкалық жиһанкездің Қазақстанда көргендері" - Пулитцер сыйлығы иегері Пол Салопек Батыс Қазақстанды жаяу кезіп жүр. Қазақстанға келгеніне екі ай болған ол халықаралық жоба аясында жаз бойы алыс аймақтардағы тұрғындармен әңгімелесіп, елдің тұрмыс-тіршілігін зерттемек.

QAMSHY.KZ. "Wikipedia-да Абылай ханды қорлаған жазба жарияланды" - Ғаламдық энциклопедия wikipedia желісінде қазақтың бір туар ханы Абылайды қаралаған жазба жарияланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Қазақ ханын қорлаған жазба туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде Нұрлан Сұлтанов есімді қолданушы дабыл қақты. Энциклопедияданың орысша бетіндегі «Абылай хан Каншер» деген тақырыппен жазылған анықтамаға шындыққа жанаспайтын мәліметтер енгізілген. Атап айтқанда, қазақ ханын «Анальді зұлым», «Барак Обаманың он алтыншы бабасы» деп атап, қазақ халқы мен оның ханына қатысты басқа да жалған ақпараттар орналастырылған.

ABAI.KZ. "Қазақ жері латифундистердің меншігіне беріледі" - Ауылшаруашылығы мақсатында шаруалардың иеліктеріне тиесілі 2 миллионға жуық гектар (1,7 млн. гектар) жер 1-шілдеден бастап аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мырза Орталық коммуникациялар қызмезметінде өткен брифингкте мәлімдеді. Досаев мырзаның айтуынша, 2016 жылы Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыру мақсатында әм «Индустриализация және экономикалық өсім» реформасының үшінші толқыны шеңберінде 152 нормативтік-құқықтық акті мен 2 кодекс және 4 Заң жобасы қабылданатын болады.

HALYKNEWS.KZ. "Талғат Ермегияевтың оққағары бастығына сөмкелеп ақша тасығанын айтты" - Бюджеттің миллиардтары тоналған атышулы «ЭКСПО ісіне» қатысты жаңа дерек! КТК тілшілерінің қолына Талғат Ермегияевтың қазына қаржысын қалай жымқырғаны туралы тергеу материалдары түсті. ЭКСПО-ның экс-төрағасына сөмкелеп ақша тасыған Саят Нәдірбаев бұған дейін айтылғандай жәй жүргізушісі емес, жеке оққағары екен. Ал оны Ермегияевтар өздері ұрлап, Алматыдағы таныстарының пәтерінде ұстап отырыпты. Тергеу материалдарында, бұл былықты жасырғандардың телефон әңгімелері жазылған таспа да бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

DALANEWS.KZ. "Лаңкестерді кім қаржыландырады?" - Ислам елдеріндегі барлық террористік ұйымдарды «жарыққа шығарған» біз «өркениетті әлем» ретінде танитын Батыстың арнайы қызмет құрылымдары болатын. Террор дегеніміз не? Анығында, бұл жекелеген мемлекеттерге қажет соғыстың бір түрі. Жаһандағы ең жойқын лаңкестік шабуыл АҚШ-та болды. Ұшақты «алып қашқан» терроршылар оны егіз-мұнараға бағыттады. Мұны сылтау еткен Америка мұсылман әлеміне «Крест жорығын» жариялап, Ауғанстан мен Иракқа басып кірді. Кейіннен дәл осы себеппен Ливия мен Сирияның астан-кестенін шығарды. Анығында, террор Батысқа емес, Ислам әлеміне, оның ішінде – Түркияға бағытталып отыр. Иә, бұған қарсы шығатындар бар. «Ендеше олардың Брюссельде несі бар еді?» дейді олар. Асықпаңыздар! Бұл шахмат ойыны! Елестетіп көріңіз, Еуропаға бағытталған лаңкестік шабуылдар үдей түсті дейік. Ертеңгі күні «өркениетті әлем» бұған кімді кінәлауы мүмкін? Әрине, Ислам әлемін және Түркияны.

"Шешендер ұлын қалай тәрбиелейді?" - Бір жолы біз шешен əскерінің қоршауында қалдық. Жауынгерлерді жігерлендіру үшін: «Мен кеше видео көрдім. Шешендер тұтқынға түскен 10 сарбазымызды қалай бауыздағанын мақтанып таспаға түсіріпті. Білсеңдер, ол сарбаздардың алдында тек екі таңдау болды. Мұның бірі – мал сияқты өз өлімін күтіп алу, ал екіншісі – нағыз ерлерше, жауынгерше өлу. Өкініштісі, олар алғашқысын таңдады. Сол 10 сарбаздың тек оныншысының ғана аяқ-қолы байлаулы болатын, қалғандары бос еді. Пышағын жалаңдатқан шешен жігіті бəрін тізерлетіп қойып, шетінен бауыздап келе жатты. Анығында, әлгі шешеннің алдында тізерлеп тұрған орыс сарбаздары келесі кезек өзіне келетінін, өзін де дәл солай өлтіретінін білді. Бірақ, соған қарамай қарсыласқан жоқ. Олар қой секілді еш қарсыласпай өлуді жөн санады. Олар қаруға ұмтылып жауынгерше өлгенді емес, хайуан секілді қарсылықсыз өлгенді таңдады. Сіздерше бұл дұрыс па? Жоқ! Біздің де алдымызда екі таңдау бар, не малша арам өлеміз, не жауынгерше айқасып өлеміз!» – дедім мен.

1 сәуір 2016, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.