Атырау, 6 мамыр 08:16
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қазақстандағы саяси партиялардың үні неге бәсең?". "Бельгия сапары: ЕО Назарбаевты адам құқықтарын сақтауға шақырды". "Челахтың отбасы Ресейге көшіп кетпек. Ал өзі ше?". "Қытайлар қазақ қызына неге үйленгісі келеді?"

2 116 просмотра

TURKYSTAN.KZ. "Қазақстандағы саяси партиялардың үні неге бәсең?" - Сонымен мерзімінен бұрын тарап, кезектен тыс өткен Парламент сайлауының ыстық- суығы да басылайын деді. Жаңа сайланған парламентарийлер мандаттарын құшып, жаңа орынға жайғасып, алғашқы жиынын өткізіп те үлгерді. Статистикаға сүйенсек, бұл жолғы Мәжілістің құрамы 64 депутатқа жаңарған. Мәселен, «Нұр Отан» партиясы Мәжілістегі құрамын – 51 адамға, «Ақ жол» – 4 адамға, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы – 3 адамға, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан ұсынылған депутаттар – 6 адамға жаңарған.

"Жүргізуші куәлігін алуды оңайлату жауапкершілікті жеңілдету емес" - Елімізде ең көп айтылатын әңгіме автокөлік жүргізушілеріне қатысты болса, ең көп назарға түсетін оқиға – жол-көлік апаты. Оны біреулер Қазақстанда жеңіл көліктердің шектен тыс көбейіп кетуімен байланыстырса, тағы бірі жүргізушілердің сауатсыздығынан көреді, яғни көлік жүргізу куәлігін оқымай алып, машина рөліне отыратындар көбейіп кетті деп санайды. Қалай дегенде де бұл салада көңілге кірбің түсіретін кілтипан бары анық.

"Аптасына 5 күн оқыған бала білімді терең игере ала ма?" - 2014 -2015 оқу жылы басталар алдында мәжілісмендер қазақстандық оқушыларға бес күндік оқу апталығын енгізуді ұсынған болатын. Алайда оқу бағдарламасындағы жүктеменің көптігі соншалық, пәндерді бес күндік оқу апталығына сыйғызу мүмкін болмағандықтан бұған дейінгі айтылған ұсыныстар шешімін таппай келген.

NUR.KZ. "БҒМ жемқорлықты әшкере еткен студенттің оқудан қуылу мәселесіне қатысты түсініктеме берді" - "Сіздің ақпаратыңыз үшін рахмет. Біз оны Жоғары білім беру департаментіне бердік. Олар бұл жағдайды анықтап жатыр. Алдымен бұл ақпараттың нақтылығы, растығы тексерілуде. Бізге жауабы берілгенде хабарлаймыз. Үш күннің ішінде анықталуы тиіс", - деп жауап берді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Қазақстандық шенеуніктерге 35 мың доллардан қымбат көлік алуға тыйым салынды" - Қазақстандық шенеуніктерге 35 мың доллардан қымбат тұратын көліктер алуға рұқсат жоқ. Сондай-ақ, шенділер ұстайтын смартфон бағасы 70 мың теңгеден аспауы тиіс.

AZATTYQ.ORG. "Қырым шахматшысы әлем чемпионы атағына Ресей атынан таласпақ" - Қырымда туып-өскен шахматшы Сергей Карякин шахматтан әлем чемпионы атануға тырысатынын, 2009 жылы отаны Украинадан теріс айналып, Ресейге көшкенін, Путинді қолдайтынын баяндады.

QAMSHY.KZ. "Ақшадан тарыққан Қазақстан 1,7 миллион гектар жерін аукционға шығарады (ВИДЕО)" - Жекенің қолына өтетін жер аукцион арқылы сатылатын көрінеді. Бұл туралы кеше Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Министрдің айтуынша, аукционға қатысатындар үшін арнайы жеңілдіктер де әзірленіп отырған көрінеді.

ABAI.KZ. "Челахтың отбасы Ресейге көшіп кетпек. Ал өзі ше?" - Кешелі-бері қазақстандық БАҚ «Арқанкерген» оқиғасының аты шулы «Рембосы» - Владислав Челахқа БҰҰ комиссиясы араша түсуі мүмкін деген сыбыстар шыққан. 2012 жылы «Арқанкерген» заставасында 14 әскери мен бір орманшыны жалғыз өзі жайратып салды деп айыпталған Владислав Челахтың отбасы Ресейге көшіп кетпек.

"Бельгия сапары: ЕО Назарбаевты адам құқықтарын сақтауға шақырды" - Екі жақ Қазақстан мен ЕО-ның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестігін талқылады. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесуде Қазақстан мен Еуроодақтың (ЕО) саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланған. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы көлемінің жартысынан көбі ЕО үлесіне тиетінін айтқан Президент Назарбаев Еуроодақпен интеграция еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттарының бірі екенін айтқан.

SERKE.ORG. "«Қазақстан мұсылмандар одағының» төрағасы тағы бір дау бастады" - Өзінің «Ветер с улицы» атты кітабы арқылы азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты арандатып соттатқан «Қазақстан мұсылмандар одағының» төрағасы Мұрат Телібеков тағы бір даудың шетін шығарды. Ол енді «жала жапты» деген айыппен «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің проректоры Шамшидин Керім мен «Хабар» агенттігінің журналисті Шынар Сағындықованы сотқа беріпті. Бұған осыдан бес жыл бұрын журналист Шынар Сағындықованың «Алматы» телеарнасында көрсетілген діни экстремистер жөніндегі хабары себеп болып отыр. Онда бірнеше адамды өлтірген қылмыстық топтың жетекшісі Рузембай Ишимбетовтың бұрындары Мұрат Телібековпен байланыста болғаны Шамшидин Керімнің аузымен айтылған. Ш.Керімнің айтуынша, Өзбекстан азаматы Рузембай Ишимбетов 2000-шы жылдардың ортасында «Нұр-Мүбәрак» үниверситетінде оқыған. Осы кезде ол университет басшылығымен жанжалдасады. Ал университетке тіпті қатысы жоқ Мұрат Телібеков барын салып Р.Ишимбетовты қорғайды, оған ақыл-кеңес беріп, өзара жақын қарым-қатынаста болады. Шамшидин Керімнің пікірінше, Ишимбетовты сектаға тартып, діни радикал бағытқа бұрған М.Телібеков. Бес жыл бұрын телеарнада айтылған сөзді Телібеков жақында ғана көріпті. Сондықтан ол Ш.Керім мен Ш.Сағындықованы сотқа беріп отыр.

ZHASALASH.KZ. "“Матаев iсiнде" жаңа есiмдер пайда болды" - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың үстiнен қозғалған қылмыстық iс бойынша ақпараттандыру және байланыс комитетiнiң төрағасы Талғат Қазанғап пен комитеттiң бұрынғы төрағасы Болат Қалиянбеков ешқайда кетпеу туралы қолхат бердi. Бұған дейiн, өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлерi “Матаевтың iсiне" қатысты ақпараттандыру және байланыс комитетiнiң бұрынғы басшысы Болат Берсебаев пен комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бек Арпабаевты және «Қазақтелеком» компаниясының стратегиялық басқару бойынша бас директоры Батыр Маханбетәжиевтi тұтқындаған едi. Оларға iрi көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Сот шешiмiмен айыпталушылар екi айға үйқамаққа алынды.

"Қазақстан “бақытсыз" елдер қатарында" - Bloomberg агенттiгi Қазақстанды инфляция мен жұмыссыздық деңгейi жағынан әлемдегi экономикасы “бақытсыз" елдер тiзiмiне қосты. Қосып қана қоймай, Misery index деп аталатын рейтингтiң “алдыңғы" ондығына кiргiзiп қойды. Қазақстан экономикасы құлдыраған Венесуэла, Украина, Сербия, Түркия сынды елдермен көршi тұр. Былтыр осы “қара тiзiмде" 7-орында тұрған Еуразиялық экономикалық одақтағы басты әрiптесiмiз – Ресей санкцияға қарамастан, жағдайын “түзеп" 14-орынға сырғыған.

"Бес күндік оқу аптасы: оны қалай іске асыруға болады?" - Мектептегі бес күндік оқу аптасы әлем мемлекеттерінің көпшілігінде баяғыдан бар. Бірқатар мамандардың пікірінше, бұл оқушылардың сабақ жүктемесін азайтып қана қоймайды, сонымен қатар, сенбі күні толыққанды дем алып, спортпен шұғылдануына, көркемөнер үйірмелеріне барып, өзін жан-жақты дамытуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұның бала денсаулығын нығайтып, көңіл күйін жақсартуға және мектептегі оқу процесінің сапасын арттыруға ықпалы зор. Мұның сыртында, балалардың уақытының көбін отбасында, яғни ата-анасымен бірге өткізуіне жағдай туады. Ал баланың үйлесімді дамуында отбасының алар орны ерекше екенін ескерсек, әрине, бұл – өте маңызды жайт.

ULT.KZ. "АҚШ қаржы министрі: санкция долларға әсер етуі мүмкін" - АҚШ қаржы министрі Джек Лью экономикалық санкцияларды шектен тыс сала беру АҚШ экономикасына зиянын тигізіп, өзге елдердің долларға әлемдік резервтік валюта ретінде қараудан бас тартуына әкеліп соқтыруы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Халықаралық бейбітшілікті қолдау Карнеги қорында айтты.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Қытайлар қазақ қызына неге үйленгісі келеді?" - 1991-2011 жылдарда қазақ журналистері «Елімізде жат діни ағымдарға арбалғандар саны күннен-күнге артып бара жатыр. Түбі бұл жақсылыққа апармайды» деп, басылым беттерінде сан рет жазды. Бірақ билік оған мән беріп, құлақ асқан жоқ.

DALANEWS.KZ. "Ердоғанның ақыры таяп қалды ма?.." - Әңгімені әуелі Анадолы жұртындағы аласапыран төңкерістерден бастасақ. Жалпы Түркиядағы саяси әм әлеуметтік тұрақсыздықтың жалғасып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Ердоған ел тағына отырған екі жылда Түркия билігінде кландар шайқасы үдей түсті. Тайып тұсындағы тұрақсыздық деп аталатын бұл кезең сонау Ердоған мен Фетхуллах Гүлен арасындағы тартыстан басталған-тын.

31 наурыз 2016, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.