Атырау, 6 мамыр 12:38
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қазығұрттық «жиһадшылар» Назарбаевқа сес көрсетеді". "Бүгінгі қазақ киносы: неден ұтып, неден ұтылып жүрміз?". "Назарбаевтың немерелерiн кiм қудалап жүр?". "Қазақ елінің ғарышта «екі көзі» бар". "Ақжайық аймағы қайтсе қарышты дами алады?".

2 590 просмотра

KORRESPONDENT.KZ. "Олжас Сүлейменов ұлтты мойындаудан барлық ел зардап шегіп жатқанын айтты" - Қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Шымкентке келіп, журналистерге сұхбат берді. Өз сөзінде шырайлы қалаға соңғы рет екі жыл бұрын келгенін айтап өткен белгілі ақын Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы соңғы жылдары көркейіп, ерекше өзгергенін жеткізді. Өз сөзін «Біз барлығымыз қазақстандықтармыз. Осыны естен шығармау керек» деп бастаған қоғам қайраткері Шымкентке келген сапары барысында өңірдің фармацевтикалық саласымен танысқан.

SN.KZ. "Қазақстанның әуе қатынасын қыспаққа алған Ресей енді жүк көліктерінен де ақы талап етіп отыр" - Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Ресейде қосымша ақы талап етілгелі бері үлкен шығынға батып отыр. Дей тұра екі елдің арасында тасымалдаушыларды қосымша ақы мен салықтардан босату туралы келісім бар. Осыған қарамастан РФ Кедендік одақтағы серіктесінің қалтасын қағудан жалығар емес. Тіпті, келесі айдан бастап Ресей логистикалық компанияларға жаңа талап қоятындарын айтты. Ал, Қазақстан тарапы болса көршілердің бұл әрекетіне міндетті түрде жауап қайтару керек дейді. Бұл жайында "Алматы" телеарнасының тілшілері хабарлап отыр.

AZATTYQ.ORG. "Жазасы жеңілдеген Мәмбеталин мен Нарымбаев босатылды" - Апелляциялық сот "араздық тудырды" деген айыппен сотталған белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталиннің жазасын жеңілдетіп, сот залынан босатты.

"Қазығұрттық «жиһадшылар» Назарбаевқа сес көрсетеді" - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданынан «Сирияға кетті» деп хабарланған Марат Мәуленов пен оның ұлдары жіберген видео-жолдау WhatsApp арқылы тарап жатыр.

"«Сайлаудағы ұрланған жеңіс» жайлы видеоны авторы алып тастады" - Өскемен қалалық мәслихаты сайлауында «ұрланған жеңіс» жайлы видео авторы жанжалға ұласқан жазбасын парақшасынан алып тастады, бірақ көшірмелері тарап жатыр. Видеоролик авторы «достарына қысым күшейгеннен кейін күрестің басқа жолын таңдаған».

"Билікті қолдап келген діндар Кремльге жақпай қалды" - Ресей православ шіркеуі өкілі болған кезінде протоиерей Всеволод Чаплинге ешкім тимейтіндей көрінген. Ресейде БАҚ арқылы танылған ол әсіреконсервативтік шетін пікірлерін айтатын. Енді ол жұмыстан босады.

QAMSHY.KZ. "Ресейшіл блогер қазақты қорлауын тоқтатар емес" - Әлеуметтік желіде қазақ ұлтының намысына тиіп, Қазақстанның мемлекеттілік тарихына күмән келтіретін, елдің аумақтық тұтастығы мен конституциялық жүйесіне қауіп төндіретін мәлімдемелермен танылып жүргендер аз емес. Сондайлардың бірі Ермек Тайшыбеков деген блогер өткен жылдың соңында 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылған еді. Ал, одан сәл бұрынырақ Татьяна Шевцова есімді тағы бір блогер қазақ ұлтының ар-намысына тиетін сөздері үшін төрт жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айрылған еді. 2015 жылдың қарашасында семейлік Игорь Сычевті сот орындары Шығыс Қазақстанды Ресей құрамына қосу туралы сауалнама жүргізгені үшін бес жылға бас бостандығынан айырды.

"«Мәңгілік» елдің уақытша премьер-министрі немесе уақытша орыспен «Мәңгілік достықтың» шын бейнесі" - Демократия аңсаған тұяқбайшалдар тұйыққа тірелген тұсында тәңкиіп жатыр. Мәжілістің 84 орнын нұротандықтар тегеурінімен тартып алды. Саусақпен санарлық жеті ақжолдық пен таздың шашындай селдіреген жеті коммунист әупірімдеп парламентке ілігіп, жеті күлше таратуға кірісті...

ABAI.KZ. "Девальвация: дүкенде тауар толып тұр, алатын адам жоқ" - Қазақстанда халықтың нақты табысының төмендеуі салдарынан көтерме және бөлшек сауданың құлдырауы жалғасуда. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, ҚР халқының нақты табысы тек 2016 жылғы қаңтарда 3,5 пайызға азайған. Бұл туралы 365info.kz сайты жазады.

"Ердоғанның негізгі миссиясы Әм Гүленмен арадағы айқас" - Ердоғанның Президенттік миссиясының құпиясы. Әңгімені әуелі Анадолы жұртындағы аласапыран төңкерістерден бастасақ. Жалпы Түркиядағы саяси әм әлеуметтік тұрақсыздықтың жалғасып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Ердоған ел тағына отырған екі жылда Түркия билігінде кландар шайқасы үдей түсті. Тайып тұсындағы тұрақсыздық деп аталатын бұл кезең сонау Ердоған мен Фетхуллах Гүлен арасындағы тартыстан басталғантын.

"Кім мықты: қазақ па, өзбек пе?" - Өз басым Қазақ еліне іргелес жатқан Өзбекстанның қазіргі Әлішер Навои облысына қарасты, Тамдыбұлақ ауданында туып өскен жанмын. Жалпы, өзбек пен қазақ сан ғасырлар ауылы аралас, қойы қоралас бірге өмір сүріп келе жатқан туыс халықтар. Тәуелсіздік алған жылдары екі бауырлас елдің, әсіресе, әдеби-мәдени қарым-қатынасы қарышты дами бастағандай болып көрінген, бірақ, кейіннен, уақыт өте келе осы туыстардың арасындағы саяси, мәдени, тілдік, діни, байланыстар алшақтап бара жатқандай көрінеді, маған.

EGEMEN.KZ. "Ақжайық аймағы қайтсе қарышты дами алады?" - Еліміздегі инновациялық мәнге ие өңірлердің бірі – Батыс Қазақстан облысы. Оның мұнай-газ секілді стра­тегиялық шикізат көздеріне жақын орналасуы аймақтың инновациялық сипатын тереңдете түседі. Солай дей тұрсақ та, бүгінгі әлемдік рынокта елімізде өн­дірілетін шикізат көздері бағасының төмендеуі жағдайында бұған басымдық бере берудің де жөні жоқ секілді. Сонда облыс экономикасын өрге бастырудың басты жолы қандай болмақ?

"Бүгінгі қазақ киносы: неден ұтып, неден ұтылып жүрміз?" - Өткен жылдың жаз айында прокатқа шығып, Астанадағы кинотеатрлардың бірінде көрсетіліп жатқан «Рэкетир-2. Возмездие» (2015, реж. А.Сатаев) фильміне бардым. Залда шамамен 10-15-тей көрермен отырдық. Фильм аяқталып, соңымнан келе жатқан екі қыз баланың біреуінің: «Неге жалаңаш қыздарды қайта-қайта көрсете берген?» деген сөз­дерін құлағым шалып қалды. Бұрылып қарасам, екеуі де заманауи үлгіде киінген жап-жас қазақтың қыздары. Шынымды айтсам, мені олардың фильм туралы ойлары қызықтырды.

SERKE.ORG. "Сейітқазы Матаевтың ұлы үйқамаққа алынды. Неге?" - Алматының Бостандық аудандық соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың ұлын - ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаевты үйқамаққа алды. Соттан Ә.Матаевқа осындай шара қолдануды мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бөлінген «қаржыны жымқыру» ісін тергеп жатқан Коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросының (бұрынғы финпол) Алматы қалалық департаменті сұраған. Бұл іс бойынша Сейітқазы Матаевтың өзі 22 ақпаннан бері үйқамақта отыр. Енді оның ұлын да оқшаулады. Сот шешімі бойынша, Әсет Матаевқа зайыбы мен балаларынан басқа адамдармен байланыс жасауына болмайды.

ZHASALASH.KZ. "Қоғамды алға сүйрейтiн – демократия, ал өзгерiстi жасайтын – азаматтар" - Мәжiлiс сайлауынан бұрын да, одан кейiн де Конституцияға енгiзiлетiн өзгерiстер, президенттiк-парламенттiк басқару жүйесiне өту жайы көптеп айтылды. Мұны тiптi президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзi де ауызға алды. Парламенттiң төменгi палатасының жаңа құрамы осы өзгерiстерге дайын ба? Саяси өзгерiстердi iске асыру үшiн қоғам не iстеуi керек? Бiз осы сұрақтарды саясаттанушы Айдос Сарымға қойып көрген едiк.

"“Қажымайтын" қытайтанушы" - “Мәсiмов кетедi екен" деген әңгiме билiктегiлердiң бәрi сайлаудың қамымен шапқылап жүргенде бастал­ған. Бiреулер оны Ресейге елшi қылып “жiбердi". Ендi бiреулер сәл төмендетiп, министр “тағайындады". Тiптi оның орнына кiмнiң баратыны туралы да сөз болған. Ең шоқтықты үш үмiткердiң тiзiмiнде Астана қаласының әкiмi, “Нұр Отан" төрағасының орынбасары және бiрiншi вице-премьердiң аттары аталғаны есiмiзде. Алайда президенттiң қалауы бұл жолы да басқаға емес, дәл осы Мәсiмовке түстi. Тапқыр ұсынысты өздерiнiң жұмысын жақсы бiлетiн депутаттар да қуана қолдады. Сонымен Мәсiмов орнында қалды. Жай қалмай, өзiнiң “мәңгiлiк көмекшiлiгiне" қатысты ұстанымын да қайыра ескерттi. Мұнысы үкiмет басшысы қызметiнен дәмелiлерге “президентке менен адалың жоқ, сондықтан иектерiнiң қышымасын" дегендей болып естiлгенi анық ендi.

"Назарбаевтың немерелерiн кiм қудалап жүр?" - “Республика" ақпараттық порталы жақында президент Назарбаевтың немере­ле­рiне қатысты Әлия Жұмалаева есiмдi оқырманның хатын жариялады. Хат иесi Әдiлбек Жақсыбеков пен Болат Өтемұратовтың қолдауына сүйенген Нұрлан Нығматуллин Нұрсұлтан Назарбаевтың немере­лерi – Нұрәли және Айсұлтан Назарбаев­тар­ға ауыз салды деп жазыпты.

"Қорғаныс министрiнiң түнгi жорығы көршiлер арасындағы кикiлжiңге байланысты емес пе?" - Жамбыл облысы аумағындағы әскери бөлiмдер өткен жексенбiде дүрк көтерiлдi. Қорғаныс министрi Иманғали Тасмағамбетов жедел түрде Әулиета жерiне келiп, әскерилердi кенеттен сынақтан өткiздi. Министр Құлан ауылындағы, Бауыржан Момышұлы ауылындағы, Тараз қаласындағы әскери бөлiмдерiнде және “Терiс-Ашыбұлақ" полигонында болып, осындағы сарбаздардың жауынгерлiк әзiрлiгi мен қабiлетiн тексерген. Түнгi сағат бiрде. Түн ортасында Тасмағамбетовтi не түлен түртiп жүр?

"Шикiзатқа бай Австрия демократия мен экономиканы қатар дамытты" - Австрияны өзi мүше Еуроодақ елдерiн былай қойғанда, бүкiл әлем ерекше үлгi тұтып, қызыға әрi қызғана қарайды. Австрия да Қазақстан тәрiздi мұнай және газ өндiредi. Жерiнiң асты мен үстi телегей байлыққа толы. Қара және түстi металлургия қарыштап дамыған. Бiрақ осыған қарамастан австриялықтар Құдайдың өздерiне сыйлаған байлығын мiсе тұтып, мұнайы мен металын сарп етiп, шикiзат көзiне қарап қалған жоқ. Әлемге философиясы мен мәдениетiн, музыкасын, бай рухани дүниесiн мойындата бiлген Моцарт елiнiң бүгiнгi ұрпақтары туризмнен бастап аэроғарыштық технологияларға дейiнгi салаларды қарыштап дамытып, Еуропадағы ең бай-бақуатты елдердiң бiрiне айналды.

ULT.KZ. "Қазығұрттық «жиһадшылар» Назарбаевқа сес көрсетеді" - «Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт өткір сынның астында қалған «91» тобына қатысты Instagram желісінде өз көзқарасын білдірді», — деп жазады NUR.KZ.

AIKYN.KZ. "Қазақ елінің ғарышта «екі көзі» бар" - Қазақстанның меншігіне және басқаруына бірегей стратегиялық актив түпкілікті өтпек. Және ол нысан тек жерде ғана емес, сондай-ақ ғарышта да «орналасқан».

"Жария етілген қаржы қанша?" - Қазақстанда ақша мен мүлікті жария ету науқаны биылғы жыл соңына дейін ұзартылғаны мәлім.

"Балалар драматургиясы неге әлсiз?" - Балалар әдебиеті секілді балалар драматургиясы да құлдырау үстінде. Балаларға арналған пьесаларды режиссерлердің өзі жазуға мәжбүр. Неліктен?

DALANEWS.KZ. "Қытайдың ең бай жазушылары… кімдер?" - Қытайдың экономика сайты ең көп қаламақы алған Қытай жазушыларының тізімдігін 22 наурыз күні жариялады. Биыл 10 рет сарапталған рейтингтің көшін жазушы Жияң Нан бастап тұр. Ол бір жыл ішінде 320 миллион юан (мөлшермен 50 миллион доллар) қаламақыға ие болған.

30 наурыз 2016, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.