Атырау, 6 мамыр 15:07
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Алматыдағы шіркеуден қару-жарақ табылды немесе лаңкестікті тек исламмен байланыстыруды қашан қоямыз?". "Каддафи мен Асадтың айтқан болжамдары келіп жатыр". "Мұрат Телібеков смартфонға тыйым салатын заңның қалай пайда болғанын айтып берді".

1 931 просмотра

JASQAZAQ.KZ. "Желектінің жұдырықтасуы немесе қызға тән спорт па?" - Алғашқы секундта-ақ екі жыл бойы жан алып, жан беріскен жанкешті жаттығуда жаттықтырушысының құлағына құйған ақыл-кеңесі ұмыт болған. Қым-қуыт ақыл айтқан, ышқына нұсқау берген, атойлап ұран шақырған ұлы дүрмек, айғай-шу есін шығарып жіберді. Ендігі арадағы бар мақсат, ынта-жігер қарсыласын қақырата соғу ғана еді. Әттең оған Жақсы ауданынан келген қыз баладан гөрі ер балаға көбірек ұқсайтын қақпақ жауырынды, жарлауыт қабағының астымен жылаң көзі сығырайып қарайтын төртбақ сары қыз жіберетін емес.

"Әлемнің таңдауы – жасыл технология" - Бүгінгі күні жасыл технология өміріміздің барлық саласына дендеп ене бастады. Әлем ақырын-ақырын осыған көшіп те жатыр. Неге? Мысалы, Уругвайды алып қарайық. Бұл елдегі электр қуатының 94,5 пайызы баламалы көздерден алынады. Ол елдегі электр энергиясы ең бір өзекті мәселелердің бірі деген сөз. Тіпті жақын кезге дейін Уругвай Аргентинадан тасымалданатын электр энергиясына тәуелді болып келді. Ал қазір бұл ел электр энергиясын өзі экспортқа шығаратын жағдайға жетті. Мұны жергілікті халық өте жақсы түсінеді. Өйткені, қайта қалпына келтірілген қуат көздері дегеніміз – жолға қойылған жақсы бизнес. Оның құрылысы мен техникалық жағынан қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оған кететін шығын көлемі төмен, ал жергілікті ортаның өзі инвесторлар үшін мүлде қауіпсіз.

"Қытайдың алып нарығы" - Аспан асты елі Қазақстан өндіретін кез келген өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндік. Себебі – алып тұтыну нарығына біз бидайды тек қаппен ғана апаратын едік. Бұдан былай бидаймен қоса ет, сүт, күнбағыс майы, бал, кондитер өнімін де экспорттаймыз. Бұл жәй сөз емес. Екі ел отандық ауыл шаруашылығы өнімін қытай нарығына шығару туралы ұзақ мерзімдік келісімге қол қойып, мөр басты. Демек, ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылып келеді. Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Осы мәселені қал-қадерімізше сараптап көрелік.

RAS.KZ. "Newsweek: Мұсылмандарды аңду лаңкестіктің алдын алмайды" - АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында соңғы кездері мұсылмандар соңдарына адам салып қоюды қайта қалпына келтіру турасында қайтадан әңгіме қозғала бастады. Бұл туралы Planet Today дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

"Каддафи мен Асадтың айтқан болжамдары келіп жатыр" - Соңғы күндері Еуропаның газеттері Ливияның бұрынғы лидері Муамар Каддафидің бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан көріпкелдік сөздерін бірінен бірі көшіріп басып жатыр. Бұл туралы немістің Frankfurter Allgemeine Zeitung газетінің дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

SN.KZ. "Мұрат Телібеков смартфонға тыйым салатын заңның қалай пайда болғанын айтып берді" - 24 наурыздан бастап еліміздегі барлық мемлекеттік қызметкер, соның ішінде ішкі істер органдарының мамандары да жұмыс орнына смартфонсыз келіп жатыр. Қабылданған жаңа заңға сәйкес, енді жоғары лауазымды шенеуніктен бастап қарапайым мемқызметкерге дейін жұмыс уақытында смартфон пайдаланбауы тиіс. Алайда, бұл талаптарды министрлер, олардың орынбасарлары, комитет, агенттік төрағалары, генералдар орындайды ма? Әлде, экс-депутат Мұрат Әбенов айтқандай, телефондарын шұлықтарының арасына жасырып алып келеді ме?

"Біздің билік "Желтоқсан" оқиғасынан неге "қорқады"?" - Биыл КСРО-ның ыдырауын жеделдеткен Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне тура 30 жыл. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Брежнев алаңына (қазіргі Республика) жиналған мыңдаған жас Д.Қонаевтың қызметтен кетуіне наразылықтарын білдіріп, ҚКОК-нің 1-хатшысы болған Колбиннің орнына қазақ азаматын тағайындауды талап еткен болатын. Жиналған топтың оңайлықпен тарамайтынын білген Кеңес билігі жастарды алаңнан күштеп қуды.

AZATTYQ.ORG. "Ақмола өңірінде ит атудың соңы дауға ұласты" - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Гастелло ауылының «Ауладағы иттерімізді заңсыз атып кетті» деген тұрғыны құзырлы орындарға шағымданған. Ал жергілікті әкімдік ауылдағы иттердің «заң бойынша атылғанын» айтады.

"«Бизнес деген тек алу мен сату емес» дейді кәсіпкер ғалым" - Германияда докторлық қорғаған моңғолиялық қазақ Алаубек Әбділұлы қазір бизнеспен айналысады. Ол мұны «ғылыми ізденістерімді іс жүзінде пайдаланып көргім келді» деп түсіндіреді.

"Полицейлер «беделіне нұқсан келтірген» адвокаттан өтемақы талап етті" - Астанада жеті полицей адвокат Бауыржан Азановтан видео жариялап, моральдық зиян келтіргені үшін 500 мың теңгедей өтемақы өндіруге тырысып жүр. Ол видеода олардың портфелін ашпаған адвокатты сотқа кіргізбеген сәті түсірілген.

"«Жамағатшылар» үкімінен кейін қарғыс жауды" - Бүгін сот Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» ұйымының аймақтық тобы жетекшісі деп болжанған адам мен оның екі серігіне түрме жазасын кесті. Сотталғандардың туыстары үкіммен келіспейді.

QAMSHY.KZ. "Алматыдағы шіркеуден қару-жарақ табылды немесе лаңкестікті тек исламмен байланыстыруды қашан қоямыз?" - Бүгін Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі қаладағы Евангелия сеніміндегі христиандардың «Жаңа өмір» шіркеуінен қару-жарақ пен оқ-дәрі табылғаны туралы хабар таратты. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

"Елбасы халықты жинақтарын теңгемен сақтауға шақырды" - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.

ABAI.KZ. "Массажист-жезөкшелер пайда бола бастады" - Қазақстанда жезөкшелік заңды түрде рұқсат етілмесе де, басқа қызмет түрлерінің атын жамылып, сол жезөкшеліктің дәл өзімен айналысып жүрген адамдар жетерлік. Сондай қызмет түрінің бірі – массаж. «Массаж жасаймын, тәніңізді ерітіп, релакс сыйлаймын» деген сарындағы хабарландырулар интернетте жетіп артылады.

EGEMEN.KZ. "Ұлттық валютаға көбірек ден қойған маңызды" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ, елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті қара­жат­ты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты.

"«Дәуір қателігі» ретінде бағаланған саясат" - Ливияның жағалау күзеті қызметі ішінде 600-ге жуық мигрант бар Еуропаға бет алып бара жатқан үш кемені ұстаған. Бұл туралы осынау солтүстікафрикалық елдің билігі хабарлап отыр. Босқындар Триполиден 45 шақырым жердегі елдің солтүстік-батысындағы Эз-Завия қаласы маңындағы суларда ұсталған.

ZHASALASH.KZ. "Матаев iсiнiң әдiл шешiлуi билiкке өз абыройы үшiн де қажет" - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы С.Матаевқа тағылған айыпқа қатысты дау-дамай әлi жалғасып жатыр. “Мемлекет қаржысын жымқырды әрi салық төлеуден жалтарды" деп айыпталған С.Матаевты қорғау шаралары ел аумағымен ғана шектелiп қалған жоқ. Сонымен бiрге Еуропарламент депутаттары мен 50-ден астам халықаралық журналистiк ұйым қолдау көрсетiп, ел президентi мен бас прокурорына хат та жолдаған болатын.

BAQ.KZ. "Қазақстанның білімге қалай көңіл бөліп отырғаны БҰҰ-да айтылды" - Астана. 29 наурыз. Baq.kz – Энергия шикізаттары бағасының төмендегеніне қарамастан Қазақстанда білім реформалары мен модернизациясына шынайы және тұрақты түрде назар аударылатыны байқалады. Бұл туралы 28 наурызда БҰҰ-да өткен «2030 Жоспары үшін Жібек Жолы бойындағы синергия» атты халықаралық симпозиумда Мичиган университетінің Еуропа, Ресей және Еуразия зерттеу орталығының директоры Норман Грэм мәлімдеді.

QAZAQUNI.KZ. "Дағдарыстың жаңа кезеңі. Мұнда саясат емес, сандар сөйлейді" - Қазақстанның биылғы жылы елеулі нашарлаған сыртқы сауда статистикасына қарағанда, кезектен тыс парламент сайлауы алдындағы қысқа мерзімдік тұрақтылық кезеңінен кейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы қайтадан төмен қарай құлдырауы мүмкін. 2015 жылғы қаңтарда еліміздің сыртқы саудасының көлемі жылдық шамада қысқарған, яғни, 2014 жылдың осы айымен салыстырғанда 28,9 пайызға, экспорт – 39,2 пайызға, ал импорт 1,8 пайызға өскен. Сол 2015 жылы осы саладағы құлдырау қарқыны елеулі жеделдетілді. Қаңтарда жылдық есептеудегі сыртқы сауда айналымы 42,3 пайызға, $4,3 млрд-қа дейін төмендеген, оның ішінде экспорт – 42,6 пайызға, $2,75 млрд-қа дейін, импорт – 41,6 пайызға, $1,5 млрд-қа дейін.

ULT.KZ. "Бас мүфти: Дін саясатқа араласпайды" - "Кез-келген мемлекет басшысы елде тыныштық орнағанын қалайды. Мемлекеттік саясат та осыған бағытталады. Менің ойымша, дін мемлекеттен бөлек дегеніміз – мемлекет дін ісіне, дін мемлекет ісіне араласпайды. Осы тұрғыдан алғанда дін мемлекеттен бөлек. Алайда, жалпы айтқанда, дін мемлекеттен бөлек емес. Неге? Өйткені, мемлекетті құрайтын – қоғам. Ал дінсіз қоғам болмайтыны айтпаса да түсінікті. Анығында, дін саясаттан бөлек. Осыны түсініп, аражігін ажыратып алайық. Дін саясатқа араласпауы тиіс. Алланың ақиқат дінін жеке мақсаттар үшін саяси құрал ретінде пайдалануға болмайды".

AIKYN.KZ. "Қарызға батқан Қытай өзгені жарылқай ма?" - Қытайдың жалпы сыртқы қарызы елдің жылдық ішкі жалпы өнімінің 250 – 300 пайызына тең болып, 30 триллион долларға дейін жетуі мүмкін екен.

"Жаңа Парламенттің саяси рөлі мен жауапкершілігі артты" - Елімізде жаңа сайланған депутаттық корпус өз жұмысын бастады. VI шақырылымдағы Парламенттің алғашқы сессиясын Президент Нұрсұлтан Назарбаев ашып берді.

"Әңгіменің арқауы – аграрлық сала" - Алматы маңындағы «Лесная сказка» демалыс аймағында журналистер үшін ауыл шаруашылығы тақырыбына арналған екі күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды. Шараны Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен ҚР Ауылшаруашылық министрлігі өткізді.

"Тәуелсіздік мерейтойы «25 пайдалы іспен» әдіптеледі" - Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия парламенттік сайлауда нәзік болмыс иелерінің үздік өкілдерін ілгерілету бойынша мақсатқа қол жеткізе алды.

DALANEWS.KZ. "Анкарадағы жарылысқа Путин кінәлі ме?" - Редакциядан: Украинаның «Шолушы» («Обозреватель») деп аталатын интернет- басылымы Анкарадағы жарылысқа қатысты өз болжамын жасаған екен. Мақала авторы Семен Кабакаевтың сөзіне қарағанда әлемнің кез-келген нүктесіндегі жарылыс белгілі бір мүддеден туындайды және мұның артында ақысы төленген тапсырыс жатады.

"Асқар АҚАЕВ: «КСРО-ны сақтап қалу керек еді…»" - Асқар Ақаев – Қырғызстанның алғашқы президенті. Орынтағында 15 жыл бойы отырған ол 2005 жылы тағынан тайған. Қырғызстанда көтеріліс болып, халық алаңға шыққанда бас сауғалаған Ақаев Ресейге қашады және әлі күнге дейін осы елде тұрып жатыр. «Азаттық радиосының» АҚШ-тағы редакциясына сұхбат берген Ақаевтың сөзінен аңғарғанымыз КСРО-ның құлағанына өкінетін сияқты.

HALYKNEWS.KZ. "Мейрамханаларда тамақтың бағасы ғана емес, құнарлылығы да көрсетілетін болады" - Алдағы уақыттарда еліміздің мейрамханаларында тағам құнарлылығын көрсету міндетті болады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында мәлім болды. Еске салайық, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдаған болатын.

29 наурыз 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.