Атырау, 6 мамыр 12:44
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"ОА-да келесі президент болу үшін не істеу керек?". "Апатты ұшақты аман қондырған ұшқыштарға «батыр» атағы берілуі тиіс!". "Содырлар салған сойқан Еуроодақтың лаңкестiкке қарсы тұруға қауқарсыз екенін көрсетті".

2 395 просмотра

KORRESPONDENT.KZ. "Қазақстандық бойжеткендер 300 мың теңгеге басшының көмекшісі әрі көңілдесі болуға ашық келіседі (видео)" - Қазақстандықтар бойжеткендер күн көріс қамы үшін басшының оң қолы болып қана қоймай, тіпті оның көңілдесі болуға ашықтан-ашық келіседі екен. Тіпті олар ондай қызметі үшін қанша жалақысы алғысы келетінін де жасырмаған. Ғаламторда жұмыс іздеп келген қыздармен болған алдын ала әңгемелесу барысының видеосы пайда болды. Онда әйел азаматы жұмыс іздеп келген жастармен жеке сөйлесіп, 50 жастан асқан басшысына көмекші қажет екенін және ол қызметкер басшымен бірге іссапарларға шығып, тіпті көңілдесі болу керектігін айтады. Ал жалақыны жұмыс іздеп келушінің өзі белгілеуін сұрайды.

SN.KZ. "Елбасының "100 қадамын" жүзеге асыруға Ресей кедергі келтіріп отыр" - Өткен аптада Астанадан Ұлан-Батырға ұшуы тиіс әуе рейсінің ұшпай қалғанын отандық БАҚ-тар жарыса жазды. Артынша бұл жайтқа түрлі түсініктеме берілді, Қазақстан мен Ресей арасында арнайы келіссөздің болмағаны айтылды. Алайда, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаевтың айтуынша, ресейлік тарап небәрі 300 шақырым үшін жоқ жерден пайда таппақ болған көрінеді. Бұл жайында министрдің орынбасары өзінің Фэйсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

AZATTYQ.ORG. "«Жамағатшылар» үкімінен кейін қарғыс жауды" - Бүгін сот Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» ұйымының аймақтық тобы жетекшісі деп болжанған адам мен оның екі серігіне түрме жазасын кесті. Сотталғандардың туыстары үкіммен келіспейді.

"ОА-да келесі президент болу үшін не істеу керек?" - Ұзақ уақыт билікте отырған автократ басшылары бар Орталық Азия мемлекеттерінде келесі басшы кім болатынын бұл елдердегі саяси жүйелердің түсініксіздігі кесірінен болжау қиын.

"«Нұр Отанның» мәслихаты" - Астана мәслихаты жаңа депутаттармен толықты, олардың бір бөлігі -бұрын бірнеше мәрте сайланғандар. «Ескі» және «жаңа» депутаттарға ортақ нәрсе - олардың бәрі «Нұр Отан» билік партиясы мүшелері.

"Мәжіліс спикерінің тәуелсіз боларына күмәнданушылар да бар" - 6-шақырылымдағы парламент мәжілісіне «Нұр Отанның» атынан өткен Бақтықожа Ізмұхамбетов төраға болып сайланды. Баламасыз ұсынылған оның кандидатурасын 107 депутат түгел қолдаған.

QAMSHY.KZ. "Бауыржан БАЙБЕК: Универсиада нысандары халыққа қолжетімді болуы тиіс" - Аламтыда 2017 жылы өтетін қысқы Универсиадаға арналып салынып жатқан нысандарды аралаған қала басшысы осылай деді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Спорттық, басқа да нысандар құрылысы жаз соңына дейін аяқталып, 31 тамызда пайдалануға берілуі тиіс.

ABAI.KZ. "Жақсыбеков Астананы "Нұр Отан" партиясының қаласы деп жариялады".

"Апатты ұшақты аман қондырған ұшқыштарға «батыр» атағы берілуі тиіс!" - Кешелі-бері көпшіліктің талқысына түскен мәселе Астанада апатты жағдайда қонған Fokker-100 (Bek Air) ұшағының ұшқыштарының ерлікке тән әрекеті болды. Қызылордадан ұшып шығып, Астана әуежайына қонар сәтте апаттық жағдайға ұшыраған ұшақтың бортында 116 адам болған.

SERKE.ORG. "Қазақ хандығы Қыпшақ хандығы негізінде құрылған" - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Болат Көмеков Ақтауда шығатын «Не хабар» газетіне берген сұхбатында тап осылай деді. Белгілі қыпшақтанушы ғалымның айтуынша, егемендік алған жылдардан кейінгі кезеңде қазақтар арасында тарихи сезімді қалыптастырудың әлі олқы түсіп жатқан жақтары бар. Осы тұрғыдан алғанда, Отпан таудағы бас қосу тамаша үлгі деген тарихшының пайымынша, екі жарым мың жылдық тарихы бар қазақ мемлекеттілігі үшін көшпелі дәуірдің қағидаттары мен құндылықтарын терең тану аса маңызды болуы тиіс.

"Bek Air ұшағының апатты жағдайына байланысты қылмыстық іс қозғалды" - Қазақстан бас көлік прокуратурасы Bek Air әуе компаниясы ұшағының Астана әуежайына апатты жағдайда қонуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Хабарламада "27 наурыз күні сағат 10:36-да Астана қаласы әуежайына Bek Air әуе компаниясының «Фокер-100» маркалы ұшағы апатты жағдайда қонды. Ұшақ №2041 рейсімен «Кызылорда-Астана» бағытымен ұшып келген" деп жазылған.

ZHASALASH.KZ. "Содырлар салған сойқан Еуроодақтың лаңкестiкке қарсы тұруға қауқарсыз екенiн көрсеттi" - 22 наурыз күнi Брюссельде болған терактiлердi бүкiл әлем айыптады. Әуежай мен метродағы жарылыстар 31 адамның өмiрiн жалмап, 300-ге жуық адам жараланды. Париждегi терактiлердiң iздерi Брюссельге әкелдi. Бiрақ Еуродақтың төрiндегi мемлекет терроризммен күресуге қауқарсыз болып шықты.

NEWEURASIA.INFO. "Кері кеткен пойызды қалай бұрамыз? Немесе жаңа Қазақстанға жаңа экономика қажет" - Әкежан Қажыгелдин Қазақстандағы қазіргі экономикалық дағдарыстың себептерін талқылап, одан шығудың тиімді жолдарын ұсынады. Қазақстандық басқарушы орындардың санасында елге қажетті заттардың бәрін: тауарларды, капиталды, жаңаша ой-пікір, тіпті кеңесшілерді де шетелдерден әкелу керек деген ұғым талай жылдан бері қалыптасып қалған. Сондықтан елді жаппай шарпи бастаған дағдарыс та шетелден келгеніне ешкім күмәнданған жоқ. Өйткені шетелде мұнай бағасы біртіндеп түссе, біздің елде доллар бағасы күрт өсіп кетті. Олардың даму деңгейі сәл ғана төмендесе, біздің ел жылдам құлдырай бастады...

TURKYSTAN.KZ. "Ішкі нарықтағы жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады" - Соңғы кездері ішкі нарықтағы жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады. Былтыр жыл басында 180 теңге тұрған 10 дана жұмыртқаның құны бүгінде кейбір аймақтарда 390 теңгеге дейін өскен. Монополияға қарсы комитеттің өкілдері «тауар өндірушілер бағаны негізсіз өсірді» десе, олар керісінше, бар кінәні ортадағы делдалдар мен алыпсатарларға артып, азар да безер…


28 наурыз 2016, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.