Атырау, 6 мамыр 03:09
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Парламентке тек үш партия ғана өтті". "«Сайлау» премьерасы немесе фарстың құны 8 млрд теңге". "Қазақстан Ресей көліктерін құрастыруға 250 миллион доллар бөлмек". "Бельгиядағы бомбаны Ресей лаңкестері жарған ба?". "Министр мұғалімге не деді?".

4 294 просмотра

JASQAZAQ.KZ. "Мемлекет мүддесі маңызды" - Өз міндеттемелерін орындамаған бірлескен кәсіпорынның активтерін мемлекет қарамағына қайтару қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевпен кездесуде мәлімдеді.

HALYKNEWS.KZ. "«Сайлау» премьерасы немесе фарстың құны 8 млрд теңге" - Театрдағы жаңа қойылымдарға бас сұқпағалы көп болыпты. Есесіне, биылғы аудандық және облыстық Мәслихат пен Парламент сайлауына бақылаушы боп қатысу «бақыты» бұйырды. Сөйтсем, нағыз спектакль театрда емес, саяси науқанда екен. Енді сол премьерадан көрген-түйгенімді сіздермен де бөлісейін.

KORRESPONDENT.KZ. ""Нұр Отан" атынан Мәжіліске баратындардың есімдері белгілі болды" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңес бюросының отырысы өтіп, онда Мәжіліске "Нұр Отан" атынан баратын депутаттардың тізімі бекітілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ОҚО полицейлерін «козел» деудің астарында не жатыр, артында кім тұр?" - Наурыз мерекесі басталарда Оңтүстік жұрты кәдімгідей дүрлігісіп кетті. «Сайлау қалай өтеді екен?» деп дүрлігіскен шығар деп ойласаңыздар қатты қателесесіздер. Оған дүрлігіспейтіні – шымкенттіктер қай үміткердің депутат болатынын «примерно» білетін. Шымкенттіктерді дүрліктірген ешқандай да сайлаудың жайы емес еді. Оларды дүрліктірген Әсет Әссанди дегеннің «Фейсбук» әлеуметтік желісінде отырып алып, бүкіл өңірдің құқыққорғаушыларын көздерін бақырайтып қойып «козел» деп сөгуі еді. Бұқаралық ақпарат құралдары тарихында мұндай оқиға ешқашан болмаған. Жұрттың дүрлігіп кеткені де сол еді.

"Сайлау кезінде орыс тілін білмегені үшін шымкенттік мұғалімнің намысы тапталды (видео)" - Шымкенттік мұғалім сайлау күні көзі жасқа толып, намысы тапталғанын айтты. Айтуынша, оған орыс тілін білмеуі себеп болыпты. Ғаламторда тұрғынның көзіне жас алып тұрып берген сұхбаты пайда болды. «Шымкент қаласында 2016 жылы 20 наурыз сайлау кезінде болған оқиға. Орыс тілін шалажансар білгені үшін қазақ мектебінің ұстазы орыс ұлтының өкілінен балағат сөздер естіген» деген жазбамен жария етілген видеода әйел азаматы өз әңгімесін сайлау барысында келеңсіз жайтқа тап болғанынан бастаған.

SN.KZ. "Ресей 22 жылға соттаған Н.Савченко Украинаға қайтарылуы мүмкін" - Ресейдің Украинадағы елшісі Михаил Зурабов Киевтегі жабық кездесуде украин әскери қызметшісі Надежда Савченконың жақын күндері отанына қайтарылатыны туралы мәлімдеді деп жазады "Орталық Азия жаңалықтар".

"Парламентке тек үш партия ғана өтті" - Exit poll мәліметі бойынша, "Нұр Отан", ҚКХП және "Ақ жол" партиялары бүгінгі өткен сайлауда 7 пайыздан жоғары дауыс жинап, ҚР Парламентіне өткен.

"Елбасы үкімет құрамын өзгертуге мүдделі емес" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовтың үкіметін жақын уақытта отставкаға жібермейтінін мәлімдеді. Бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берген Елбасы журналистердің сұрақтарына жауап берген болатын.

AZATTYQ.ORG. "Брюссель үрейден арылмай тұр" - Брюссель тұрғындары әуежай мен метродағы жарылыстан соң ес жиып, қалыпты өмірге оралып жатқанда елдің құқық қорғау органдары террорлық актілерді ағайынды жанкештілер ұйымдастырғанын хабарлады.

"Жанқош Тұраров: Мақсатым – кәсіпқой бокста жетістікке жету" - Қазақстандық 25 жастағы кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров WBA тұжырымы бойынша әлемдік рейтингте TOP-15 қатарына енді. 18 кездесуінің бәрінде жеңген спортшы АҚШ-қа не үшін кеткенін де айтты.

"Оппозиция «аудио монтаждалған» деген уәж айтады" - Қырғызстанда «оппозицияның тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлауы» делінген аудио жария болды. Бұл жазбаның тұпнұсқа екенін растаған қауіпсіздік қызметі тексеріп жатыр.

QAMSHY.KZ. "Қазақстан Ресей көліктерін құрастыруға 250 миллион доллар бөлмек" - Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) мен Қазақстанның Ұлттық банкі Қазақстанда «АвтоВАЗдың» құрастыру өндірісін құруға 500 миллион АҚШ долларын бөлуі мүмкін, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Бұл туралы ЕДБ басшысы Дмитрий Панкин РИА Новости – ге берген сұхбатында айтқан.

"Ұлы сезімге сызат түспесін" - "ХХІ ғасыр босағасын аттаған тұста Қазақстан елі өз тәуелсіздігін нығайту жолында шұғыл өзгерістерді бастан кешуде. Тарихи себептер салдарынан туған топырағынан көз жазып, әлемнің әр еліне бытырап кеткен бауырларымыз бен олардың ұрпақтары, егемен ел болып, көк байрағы желбіреген өз Отанына, қазақ жұртына орала бастады. 1990 жылдары бастау алған ұлы көш туған елдің топырағына, атажұртына деген сарғайған сағынышын арқалап, «елім», «қазағым» деп ағылуда.

"Мәжіліске өткен жеті коммунист кім?" - 7,14 пайыз дауыспен Парламенттік мандатқа ие болған Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы өз депутаттарының есімдерін жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

ABAI.KZ. "Бельгиядағы бомбаны Ресей лаңкестері жарған ба?" - Жақында Ресей Думасының деліқұлы депутаты Владимир Жириновский Бельгияда болған террактіге қатысты агрессивті мәлімдеме жасады. Бельгиядағы лаңкестік шабуылдан кейін ресейлік телеарналардың бірінде сөзжарыс өткен еді.

"Министр мұғалімге не деді?" - Иә... Менің оқырмандарыма бүгінгі ең қызық тақырып осы болар. Себебі, дүбірі жер жарған Тараздағы «Блок құрылтай – 2016» аясында шыт жаңа орнына отырған, су жаңа министр Ерлан Сағадиевпен менің кездесуім туралы алдын ала ақпарат тарап, әлеуметтік желіден әлемге жар салынып, ол туралы арнайы сурет салынып та үлгерді. Осыншалық қызығушылық туудағы себеп не?

EGEMEN.KZ. "Мәжіліс депутаттарының мандаттары бөлінді" - Бұрнағы күні Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда «Алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау, партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлу туралы» қаулы қабылданды.

SERKE.ORG. "Израильден оралған Мельцерден қазақ журналистикасына қайыр бола ма?" - Белгілі журналист Вадим Борейко Фейсбуктегі парақшасында Қазақстан журналистері үшін «сенсациялық» жаңалық жариялады. Асарын асап, жасарын жасап, зейнеткерлікке шығып, шетел асып кеткен «Время» газетінің бұрынғы бас редакторы Игорь Мельцер мен сол газеттің бұрынғы бас директоры Борис Копельман араға бес жыл салып, Қазақстан журналистикасына қайта оралды. Бұл екеуі Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіповтің кеңесшілері қызметіне білек сыбанып кірісіп кетіпті.

"Мұнай қымбаттаса Қазақстанда доллар мен үйдің бағасы қандай болады?" - Әлемдік экономиканың құлдырап, қаржы дағдарысының тууына себепші болған мұнай саласындағы соңғы жаңалықтар дүйім жұртты дүр сілкіндіргені анық. Нақтырақ айтқанда, мұнай бағасы жуық арада 20-30 пайызға дейін көтеріліп, кризис атаулы артта қалады деген болжамдар мұнай экспорттаушы елдер үшін жағымды жаңалық болғаны белгілі. Қазірдің өзінде әлемдік БАҚ пен экономика саласының мамандары өз болжамдарын жарыса жазып, ой таластырып жатыр.

ZHASALASH.KZ. "Биылғы мешiн елiмiзге өзгерiс әкеле ме?" - “Өлмеген құлға келдi жаз". Сонымен, Мешiн жылы да келiп жеттi. 22 наурыз – Жаңа жыл, яғни Наурыз мерекесi болса, сонымен бiрге бұл күн – биылғы Мешiн жылының алғашқы күнi. Айтпақшы, “мешiн" дегенiмiз не? Мешiн дегенiмiз – кәдуiлгi маймыл. Кейбiр ғалымдардың айтуынша, мешiн – маймылдардың iшiндегi ең ақылдысы. Тағы бiр деректерге сенсек, мешiн – қазiргi күнгi маймылдың көне атауы. Не десек те, 21 наурыз күнi Қой жылы аяқталып, 22 наурыз күнi Мешiн жылы енедi. “Ит иесiне тартады" деген бар емес пе, сол сияқты жыл да азды-көптi, белгiлi бiр дәрежеде жылдың иесiне тартатын көрiнедi. Кейбiр бiлiмпаздардың айтуына сенсек, Мешiн жылы жағымпаздық, жалтақтық, байбаламшылдық, үргедектiк, уәдеде тұрмаушылық, ойынпаздық, алды-артын ойлап жатпай отқа қойып кетушiлiк және т.б. әдеттегiден гөрi арта түсетiн көрiнедi. Өйткенi жоғарыда аты аталған қылық-құлықтың бәрi де –маймылға тән. Маймылға етене. Ендi бiр пара болжампаздардың айтуынша, Мешiн жылы ерлi-зайыптылардың ажырасуы өзге жылдармен салыстырғанда көбiрек болатын көрiнедi. Тез айну, шұғыл жеру, тұрақсыздық – бұл да маймылға тән қылық.

"Бiз неге сынаймыз?" - Қазақтың намысына тиетiн сөз естiсе, “Жас Алаштың" жаны селт ете түседi. Халыққа қарсы қиянат байқаса, билiктiң белге басар озбырлығын көрсе, “Жас Алаш" отқа түскен қайыстай жиырылады. Сосын екi аяғы аспаннан салбырап түссе де, ондайлардың сазайын бередi. Басын жарып, көзiн ағызбаса да, сөзбен сойылдап, сiлiкпесiн шығарады. Мұның қоғам түсiнiгiндегi бiр атауы – сынау. “Жас Алаштың" әр бетiнде кемi екi-үш сыни мақала жүредi. Өйткенi сынайтын кiсi көп. Себебi сынға iлiккiштер өз қатесiн түзеуге асықпайды. Тiптi қайсыбiрi алғашқы сүрiнгенiнен сабақ алмай, кезектi мәрте омақасып жатады. Олардың жазасы тағы да – сойыл. Осыдан кейiн де шығар, сынал­ғыштар мен олардың төңiрегi “Жас Алашты" тек “жамандық көргiш газет", “бәле тергiш басылым" деп сөз тарататын болды. Олардың нақты кiмдер екенiн iшiмiз сезедi. Ойы жүйрiк оқырмандар да “е, аналар ғой" деп шамалауы мүмкiн. Дегенмен олардың да арысы – адам баласы, берiсi – осы қоғамның бiр мүшесi екенiн ескерiп, “Бiз неге сынаймыз?" деген сауалға 95 жылдықтың тұсында кеңiрек тоқталып көрейiкшi.

QAZAQUNI.KZ. "Министрдің уәдесі бірінші орындала ма, ұстаздың уәдесі бірінші орындала ма?" - Иә… Менің оқырмандарыма бүгінгі ең қызық тақырып осы болар. Себебі, дүбірі жер жарған Тараздағы «Блок құрылтай – 2016» аясында шыт жаңа орнына отырған, су жаңа министр Ерлан Сағадиевпен менің кездесуім туралы алдын ала ақпарат тарап, әлеуметтік желіден әлемге жар салынып, ол туралы арнайы сурет салынып та үлгерді. Осыншалық қызығушылық туудағы себеп не?

"Оралмандарға бұйырмаған паспорт шетел асып кете жаздады (видео)" - Жақында Алматының Халықаралық әуежайынан ҚР паспорттарын заңсыз алып өтпек болған Қытай азаматтары ұсталды. ҚР ҰҚҚ шекара қызметінің баспасөзі хабарлаған ақпараттарға сүйенсек, қытайлықтар Қазақстан азаматтарына берілетін 300-ге жуық «көк-паспортты» Алматы әуежайынан жуңгоға жөнелтпек болған.

TURKYSTAN.KZ. "Ауыл шаруашылығы өнімдері Қытай нарығына жол тартпақ" - Аспан асты елінің алып нарығына Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталмақ. Өткен аптада Бейжің қаласына іссапармен барған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қытай тарапымен осындай келісімге келді.

"Жетім балаларды асырап алған шетелдіктер Қазақстан заңдарына бағынбайды. Неге?" - Жетімін жылатпаған қазақтың соңғы жылдары қараусыз қалған балаларының қатары көбейгенін бүгіп қалу мүмкін болмай тұр. Тіпті, жатырын жарып шыққан баласынан безінетін безбүйректерге таң қала қоймаймыз. Жарық дүние есігін аша салып, балалар үйінің табалдырығын аттайтын қаракөздердің жәутеңдеген жанарын көрудің өзі ауыр, әрине. Олардың толыққанды отбасында өмір сүруді армандайтыны айтпаса да түсінікті. Ал балалар үйінде тәрбиеленген балаларды асырап алуға ниетті отбасылар аз емес.Әйтсе де…

"Тәуелсіздікке тәу етіп өткен тұлға" - Кейде маған қазақ «тұлғасыз» қалған секілді болады да тұрады. «Тарихты тобыр емес, тұлға жасайды» деген тәмсіл бар. Өкініштісі сол, тұлғалардың саны кеміп, орнын «әсіреқызыл», көрсеқызарлар, ақсақалдар азайып, орнын «шал-шауқандар» басатын дәрежеге жеткен сияқты боламыз да тұрамыз. Өйткені елдің, мемлекеттің мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білетін, ел ертеңі үшін басын тауға да, жарға да ұратын жандардың қатары сиреп барады.

ULT.KZ. "Ұлттық құрама. Ұлтсыздану ұраны" - “Ұлттық құрама Ұлттық сипат алды" – деп, бір қуанып едік. Тәуелсіздік алғалы бері қазақ футболшылары құрамада көбейіп, бапкерлер де қазақ тілді мамандар болды. Ішіміз жылып, қазақ деген ұлттығымызға жанымыз жібіген еді. Бірақ, әлі де болса жүрек сыздатар дүниелер баршылық екен. Қазақ тілін менсінбеу, қазақ тілді спорт журналистерін өзектен тебу тағы да жалғасын тапты.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Әлемдегі ең қуатты 5 мемлекет қандай қарулармен жарақтанған?" - Қазіргідей жаһанданған заманда қарулы күштері ең мықты елдер ғана басқаларға өз айтқанын істетіп, оларға өз үстемдігін жүргізе алады. Төрткүл әлем бойынша күш-қуаты ең мықты елдердің алғашқы бестігіне қай мемлекеттер кіреді десек, сарапшылар: «Бұл үшін әскери мамандар мен білікті ғалымдар жан-жақты зерттеулер жүргізіп, оларды бір-бірімен салыстырып, ақтық қорытындыны сонан кейін барып шығарғандықтан, олардың белгілі бір рейтинг бойынша орналасуы заңды», — деген пікірде. Сонымен, ең мықты қарулы күштері бар мемлекеттер шеруін мұхиттың арғы жағында жатқан алпауыт ел — АҚШ бастайды екен. Неге, енді соған қамшы тасталық.

"Семей полигоны — қолдан жасалған қасірет" - Бүгінгі қазақ әдебиеті, соның ішінде деректі проза жанрының майталманы, көкірегі толған мұрағат, өзі документалист, үлкен қаламгер Медеу ақсақал. Сексеннің сеңгеріне жеткен Медеу ақсақал тағы да туған халқын, оқырманын жаңа кітабымен қуантып отыр. Баспадан шыққан кітабы «Семей қасіреті» деп аталатын деректі тарихи хикаят. Семей деген қазақтың қасиетті өлкесі емес пе? Әрісі Құнанбай, Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған жер емес пе?! Кітаптың атын естіген соң, “ой, Құдай-ау, қасіреті несі?!" деп ойлаған едім. Сөйтсем, биыл 2016 жылы Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толады екен. Ақсақал жазушы тарихи деректі роман-эссесінде қазақтың қасиетті де құтты аймағы — Семей өлкесіне төнген қасіретті, қолдан жасалған атом бомбасы полигонының қасіретін нақты тарихи құжаттармен әшкерелеп, ақиқатын жазуды ниет етіпті.

"“KazMeat Astana" форумы шетелдіктердің қызығушылығын тудырды" - Ел тарихында алғаш рет «KazMeat Astana» форумы өте жоғары деңгейде өткізілді. Форумға асылтұқымды етті мал өсіру және ет өңдеу өнеркәсібі саласы мамандары, шетелдік инвесторлар мен мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың өкілдері, шетелдік сарапшылар жиналды. Бізге жеткен мәлімет бойынша, форумға 14 елден (Қытай, Канада, Италия, Жаңа Зеландия, Түркия және т.б.) 300-ден астам маман қатысыпты.

AIKYN.KZ. "Шыңысхан мазары табылды ма?" - Жапонияның «Киодо Цусин» агенттігі Жапония ғылым орталығымен біріге отырып, аса қызықты мәлімдеме жасады.

DALANEWS.KZ. "Мен қатты алжасыппын!" - Олжасты Олжабайдың ұрпағы болғаны үшін және Совет заманында «Аз и Я»-ны жазғаны үшін қатты қастерлейтінмін. Ленинград кітапханасының мөрі басылған, өртелген «Аз и Я»кітабының күрең тыспен қапталған бір данасын КГБ мен НАХЯ-дан жасырып, Құрандай сақтайтынмын. 1979 жылы Моңғолия даласына барып (КГБ жансыздарын «ертіп»!), Тоныкөктің басындағы тас жазуды оқып, көзін дымдағанына сенгенмін. Содан кейін Олжас пен Олжабайды қастерлеп, екінші ұлымның атын жұдырықтасудан Азия жеңімпазы Олзбай /Олжабай/-ға «Олжас» деп қойдырып, аузына түкірткенмін. Моңғолдар мені «Моңғолияның Олжасы» деп қадірлейтіні үшін Олжастың жолын бек ұстанғанмын.

"Экс-елшілер күдікке ілінді" - 25 наурызда Алматыда Үндістандағы ҚР елшілігінің экс-консулы Рашид Рахимбековқақатысты сот ісі басталады. 66 жастағызейнеткерге ҚР Қылмыстық кодексінің 394 бабының 2-ші тармағы бойынша – «Қызметбабын пайдаланып, заңсыз миграцияныұйымдастырғаны үшін» деген айып тағылған.

"Ермегияев соты қалай өтеді?" - ЭКСПО-ның экс-төрағасы Талғат Ермегияевтің соты бүгін басталады. Жемқорлық фактісі бойынша қамауға алынып, тергеуде отырған оған және оның командасына тағылған айыптың тергеу мерзімі мен тергеу материалдарымен танысуға ұзақ уақыт кетті. Ермегияевке «халықаралық көрме құрылысына бөлінген 4 миллиард 200 миллион теңгені ұрлады» деген айып тағылған. Күдікке ілінгендер қазірше өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

"Алматы метросы: жұмысшыларды кім қудалап жатыр?" - Алматы метросында тағы да дау. Метро жұмысшыларының «бізді жаппай жұмыстан шығаруда, оның үстіне коллективтегі ахуал да ауырлап барады» деген арызынан кейін Алматы қалалық әкімшілігі мен басқа да құзырлы органдар тарапынан аталған кәсіпорынды тексеру жұмыстары басталған еді.

24 наурыз 2016, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.