Атырау, 6 мамыр 09:06
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қадыровты әшкерелеген ресейлік белсенді соққы жеді", "Ермегияевқа еріп істі болғандар кімдер?", "Қазақстанға келген дағдарыстың депутаттарға қатысы жоқ па?", "ҰБТ: Екінші мүмкіндік"

2 419 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жас кандидаттар мен ескі әдеттер" - Мәжіліс пен мәслихат сайлауына түсіп жатқандар арасында көбінесе «Нұр Отан» партиясы ұсынған жастар көп. Бірақ олардың сайлау бағдарламаларын табу оңай шаруа болмай шықты, жас кандидаттар өзі жайлы ештеңе айтқысы келмейді.

"Қадыровты әшкерелеген ресейлік белсенді соққы жеді" - Белсенді Игорь Каляпин Ресейдегі полиция зорлығына қарсы күресіп келеді. Ол Шешенстандағы ондаған оқиғаны құжатқа түсіргенімен, бірін де сотқа жеткізе алмады. Бірақ елдің өктем басшысы Рамзан Қадыров қаһарына ілінді.

ABAI.KZ. "ОСК-да қор болған қазақ тілі" - Орталық сайлау комиссиясы биылғы сайлау үшін election2016.kz сайтын ашқан.САЙТ екі тілде. Бірақ, мемлекеттік тілдегі нұсқасы да орыс тілінде. Ішінара бірлі-жарым дүниелер ғана қазақ тілінде берілген. «Сайлауға екі күн қалды», «Мәслихат», «Әлеуметтік желіде бөлісу», «Үміткер партиялар» және тағы басқа бірнеше сөз мемлекеттік тілде берілгені болмаса сайттың мемлекеттік тілдегі негізгі контенті түгелдей орыс тілінде.

"Бүгінгі қыздар туралы айтылмай жүрген әңгіме" - ...Бала кезімнен «Балапан қаз» әнін ерекше ұнатушы едім. Біздің оңтүстікте бұл ән сирек айтылатын. Мен оны халық әні деп ойлайтынмын. Сөйтсем ол аға буын замандасымыз, торғайлық сазгер Арғынбай Жұмажанұлының әні екен. Әннің мәтінінен де, авторынан да бертінде хабардар болдық. Ал сол әнде «Алдымнан жеңгем кесіп өтпеген жер» деген жолдар да барын мен осыдан екі-үш күн бұрын ғана білдім...

QAMSHY.KZ. "Ермегияевқа еріп істі болғандар кімдер?" - Бүгін Астана қаласында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев пен онымен бірге мемлекет қаржысын талан-таражға салды делінген бір топ күдіктінің ісі бойынша алдын ала тыңдауды бастады. «Қамшы» порталы осы істе Т. Ермегияевпен бірге тергеуге алынып, күдікті аталған және бүгінде сотта істері қаралып жатқан күдіктілердің тізімін ұсынады.

"Педофилді піштіру - оңай. Ал, жалаңаш қыздарды қайтеміз?" - Ақпарат құралдары «Қазақстанда педофилдер піштірілетін болды» деген тақырыппен ақпарат таратуда. Әріптестер біршама асығыстық танытқан сияқты. Дұрысы Парламенттің жоғары палатасы пленарлық отырысында Әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыстық кодекс сынды бірқатар заңнамаларға педофилдерді жазалау жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарап, мақұлдады.

DALANEWS.KZ. "Қазақ сайттары, қайда барасың?!" - Ғаламтор мәдениетінің жаңа серпіні дамыған елдердегі этностардан гөрі, дамушы елдердегі этностардың «бәріне аңтарыла қарау» сезімін тудырды.

"Өзбектер бізден гөрі бақыттырақ" - «Әлемдік бақыт индексі» жарық көрді: алдыңғы орындарда скандинав елдері, ТМД-дағы ең бақытты ел 49-сатыда.

ULT.KZ. "Біздің билік «Желтоқсан» оқиғасынан неге «қорқады»?" - Биыл КСРО-ның ыдырауын жеделдеткен Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне тура 30 жыл. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Брежнев алаңына (қазіргі Республика) жиналған мыңдаған жас Д.Қонаевтың қызметтен кетуіне наразылықтарын білдіріп, ҚКОК-нің 1-хатшысы болған Колбиннің орнына қазақ азаматын тағайындауды талап еткен болатын. Жиналған топтың оңайлықпен тарамайтынын білген Кеңес билігі жастарды алаңнан күштеп қуды.

"Қазақстанға келген дағдарыстың депутаттарға қатысы жоқ па?" - 20 наурызда Қазақстан халқы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлағалы отыр. Ал, мұнан кейін бастары Астанада қосылатын Мәжіліс депутаттарының бәріне бір-бір қызметтік көліктен және елорда орталығындағы «Нұрсая» элиталық тұрғын үй кешенінен бір-бір пәтерден беріледі. Барлығы да мемлекет есебінен. Сондай-ақ, халық қалаулыларының көмекшілеріне берілетін жалақыны да мемлекет төлейтінін айта кету керек.

ZHASALASH.KZ. "«Жас Алаш» және Тәуелсіздік. Еуразиялық одаққа қарсы тұрдық" - Cоңғы бес жылда «Жас Алаш» көтерген, көтеріп қана қоймай, оның тәуелсіздігімізге төнген қатер екенін ескертіп, үнемі жазып келе жатқан тақырып – Еуразиялық одақ.

"Бiз неге сынаймыз?" - Қазақтың намысына тиетiн сөз естiсе, “Жас Алаштың" жаны селт ете түседi. Халыққа қарсы қиянат байқаса, билiктiң белге басар озбырлығын көрсе, “Жас Алаш" отқа түскен қайыстай жиырылады. Сосын екi аяғы аспаннан салбырап түссе де, ондайлардың сазайын бередi. Басын жарып, көзiн ағызбаса да, сөзбен сойылдап, сiлiкпесiн шығарады.

KORRESPONDENT.KZ. "Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы: «Олимпиадаға сен баруың керек десе, мен дайынмын»" - Қазақстандық кәсіпқой бокс-шы Қанат Ислам Риода өтетін Олимпиадаға қатысу, қатыспау туралы пікірін «Ойшоғыр» ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты.

HALYKNEWS.KZ. "Созақ көтерілісі" - Әлі есімде, 6-сыныпты бітірген кезім. Созақтағы Мақаш атамның үйінде жалғыз жүруден жалығып, әкемнің нағашыларына бардым. Жаз бойы құрдасым Абай екеуміз қозы бағамыз. Ауылдың айналасы ескі мазарға толы. Қозы-лақты сол бейіттің арасында бағамыз. Бірде, ойынға алаңдап жүріп, бір-екі лақтан айырылып қалдық. Оны да кешкісін үйге келгенде бір-ақ байқадық.

JASQAZAQ.KZ. "ҰБТ: Екінші мүмкіндік" - Түлек ҰБТ-ны екінші рет тапсыра алады. Кеше Сенат дәлізінде тілші қауымына сұхбат берген Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осындай жаңалықты жария етті. Ол ҰБТ-дан сүрінген түлектердің сынақты екінші рет ақылы негізде тапсырып, еліміздегі жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне оқуға түсе алатынын мәлімдеді. Мүмкіндікті пайдаланып, құзырлы министрліктің жаңа басшысына бірер сауалымызды қойдық.










18 наурыз 2016, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.