Атырау, 6 мамыр 10:49
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Орыс ұлтшылы және «Ызалы қазақ»", "Әскердің көбін Сириядан шығарған Путиннің мақсаты не?", "Дінімінің жауы - менің жауым", "Қытайлардың арғы тегі қазақ па?"

1 819 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Әскердің көбін Сириядан шығарған Путиннің мақсаты не?" - Наурыздың 14-і Путин Сириядағы әскерінің «негізгі бөлігін» шығаруды бұйырып, әлемді таңғалдырды. Бес ай бұрын Ресей әскері Сирияда әуе шабуылына кіріскен еді. Тосын шешім астарында не жатыр?

"Орыс ұлтшылы және «Ызалы қазақ»" - Ресейде ұлтшылдар қозғалысы жетекшілерінің бірі Александр Белов-Поткинді «Қазақстан билігін құлатуға тырысты» деген айыппен сотқа тартып жатыр.

TENGRINEWS.KZ. "ҚР ҰБ төрағасының орынбасары ҚР айырбастау пункттерінің жұмысындағы өзгерістерді түсіндірді" - Қазақстанда айырбастау пункттерінің қызметін реттеу қалай өзгергендігі туралы журналистерге Ақтөбеде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов айтып берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

ABAI.KZ. "Дінімінің жауы - менің жауым" - Қаржылық дағдарыс адамзаттың басын даң-дұң етіп жіберді. «Сасқан үйрек - артымен сүңгіп», қайсыбір «жүйкесі жұқа» елдер естері ауысып, қолға қару алып, соғысқа кірісіп кеткенін де сезбей қалды. Орысың Қырымға ұрынып, оңбай омақасты. Украинаң демократия аңсап жүріп, астан-кестен болды. Қырғызың қайсарлыққа қызығып, қанға ұрынды. Гүржің мыңжылдық көрші-отандасын орнына қоя алмай, біраз жерінің бос орынын сипап қалды. Армения Қарабаққа қарайлап, қылқына түсті. Араб жұрты «көктемге» елітіп, есеңгіреді. Сирия «семіздікті көтере алмай», сергелдеңге килікті. Түртінектеген түріктер отпен ойнап, орыспен жаға ұстасты. Едіреңдеген Еуропа есерлігінің сазайын тартып, мигранттардың мибатпағына ұрынды..

SERKE.ORG. "Израильден оралған Мельцерден қазақ журналистикасына қайыр бола ма?" - Белгілі журналист Вадим Борейко Фейсбуктегі парақшасында Қазақстан журналистері үшін «сенсациялық» жаңалық жариялады. Асарын асап, жасарын жасап, зейнеткерлікке шығып, шетел асып кеткен «Время» газетінің бұрынғы бас редакторы Игорь Мельцер мен сол газеттің бұрынғы бас директоры Борис Копельман араға бес жыл салып, Қазақстан журналистикасына қайта оралды. Бұл екеуі Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіповтің кеңесшілері қызметіне білек сыбанып кірісіп кетіпті.

TURKYSTAN.KZ. "Байғали Есенәлиев: Шығармашылық меншікке қол сұғатындар – талантсыздар" - Өзге елдің әнін ғана емес, өз авторларымыз бір-бірінің шығармасын да көзді бақырайтып қойып «барымталауды» әдетке айналдырғандықтан авторлық ұйымдарға келіп түсетін арыз-шағымның көп болатыны айтпаса да түсінікті. Қазақстандағы авторлық құқық мәселесінің жай-жапсарын білу үшін «Қазақстан авторлары қоғамының» төрағасы Байғали Есенәлиевпен әңгімелескен едік.

QAMSHY.KZ. "Қытайлардың арғы тегі қазақ па?" - Қытай Халық Республикасы ‎ — Жұңxуа Халық Республикасы — Азия құрылығындаорналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынанастам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағыбойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам.

NUR.KZ. "Мемлекеттік қызметтегі миллионерлер" - Қыруар қаржылары бар байлардың қалтасына қарап, қанша қоры бар екенін тізбектейтін Forbes басылымы осы күнге дейін еліміздегі ауқатты адамдардың да ақшасы жайлы мәліметті көпке жария етіп, тізбектеп келеді.

DALANEWS.KZ. "Көлік салығына қатысты жиі туындайтын бес сұрақ" - Қазір салықтық төлемдерді дер уақытында төлеу кез келген адамның азаматтық міндеті болып табылады. Еліміздің экономикалық өркендеуі мен халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары болуы салықтық және міндетті төлемдердің дер кезінде өндірілуіне байланысты екені айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар салықтық төлемдердің белгіленген түріне байланысты олардың өзіндік төлемдік мерзімдері болады. Соның бірі – көлік салығы. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік салығын төлеуге байланысты көптеген өзгерістер мен жеңілдіктер енгізілді.










16 наурыз 2016, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.