Атырау, 6 мамыр 07:20
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ахметов… Ақырғы шешім", "Қазақ зертхананың қояны емес", "БЗЖҚ билiк үшiн – батпан құйрық", "Мәслихатқа май жағып қойғандай...", "“Елдiң Ыбырайы – Ыбырай..." ... бiздiң Ыбырайлар қарғыстан көз ашар емес"

1 792 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Оралман жайлы қаулыны орындата алмағандар шағымы" - Үкіметтің оралмандар қоныстанатын өңірлерді айқындау туралы қаулысы негізінде былтыр көшіп келген кей адамдар әлі жәрдем ала алмай жүр. Ал Қазақстан көші-қон комитеті мәселені «жергілікті билік шешуі тиіс» дейді.

"Наразылықтан кейін жұмысшыларды қысқартылған кестеге көшірді" - Наурыз айының басында жұмысшылары кәсіпорын басшысының қызметінен кетуі мен сыйақы төлеуді талап етіп наразылық акциясына шыққан Techno Trading LTD мұнай-сервис компаниясы менеджементі жұмысшылардың кей талаптарын негізсіз санайды.

KORRESPONDENT.KZ. "Мәслихатқа май жағып қойғандай..." - Орталық Сайлау Комиссиясы келтірген дерек бойынша биылғы жылдың басты саяси оқиғасы – Мәжіліс пен жергілікті Мәслихаттарға депутат болуға 10825 үміткер тіркеліпті. Соның 7401-і – өзін-өзі ұсынғандар. Бұл осыдан төрт жыл бұрын өткен сайлауда есепке алынғаннан 1660 адамға көп.

ABAI.KZ. "Қазақ зертхананың қояны емес" - «Бір бала әкеге жете туады, бір бала әкеден өте туады» депті ата-бабамыз. Дариға Назарбаева ханым Нұрекеңе жете туды ма, әлде ол кісіден өте туды ма, ол жағын сараптап анықтама беруге біздің өреміз де жетпейді, хұқымыз да жоқ. Бірақ осы қарындасымыздың соңғы он шақты жылдың мұғдарындағы саяси қайраткерлігіне қарап отырып, ол әртүрлі ұсыныстар жасау жөнінен көп ұзамай Нұрекеңнің өзін басып оза ма деп қаламыз.

DALANEWS.KZ. "Ахметов… Ақырғы шешім" - Сот орындары Серік Ахметов Қарағанды облысының әкімі болып тұрғанда жемқорлық әрекеттерге жол бергенін анықтап, экс-премьерге бірнеше айып тағып, 10 жылға бас бостандығынан айырғанын білеміз. Бірақ Секең тағылған айыптармен толық келіспей, абыройын қалайда сақтап қалуға тырысып бақты. Бір жылдан астам уақыттан бері сот алдында жауап берген экс-премьер қолды болған 2,2 млрд теңгені мемлекет қазынасына қайтарғаны да мәлім болды.

"Орхан Памук" - 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялаған соң жарым сағат өтер-өтпестен Түркия әлемде бірінші болып біздің елді тәуелсіз ел ретінде мойындайтынын хабарлады. Бұл түріктердің 2002 жылы 17-кезекті дүниежүзілік футбол жарысында жасаған рекордынан қалыспайтын жылдамдық еді

ULT.KZ. "Күрдтер Ресейден көмек сұрады" - Кеше Анкарада болған жарылыстың салдарынан 37 адам қаза тауып, 125-і түрлі деңгейде жарақат алды. Ішінд жарылғыш зат бар көлік Білім министрінің ғимараты мен аялдама тұрған маңға қойылған. Іле-шала «лаңкестік әрекетті ұйымдастырған – Күрдтердің жұмысшылар партиясы (КЖП)», – деп мәлімдеме жасаған ресми Анкара КЖП немесе оның жақтастарын айыптаған.

ZHASALASH.KZ. "БЗЖҚ билiк үшiн – батпан құйрық" - Қазақта “сасқан үйрек артымен сүңгидi" — деген көпке белгiлi мәтел бар. Үкiметтiң бүгiнгi тiрлiгiне қарасаңыз, осы сөз ерiксiз ойыңа оралады. Дағдарыс деген желеумен ұлттық қордың бүйiрiн бiраз ортайтып тастаған билiк, ендi Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорына (БЗЖҚ) ауыз салды.

"“Елдiң Ыбырайы – Ыбырай..." ... бiздiң Ыбырайлар қарғыстан көз ашар емес" - Дүние жүзi бойынша алты мыңнан астам тiл бар дейтiн болсақ, бүгiнде соның жартысына жуығы жойылып кетудiң алдында тұр. Шамамен алғанда, әлемде ай сайын ең кемi 2 тiл өлiп отырады. Мамандардың тұжырымдауынша, белгiлi бiр тiлдiң өмiр сүруi үшiн ол тiлде сөйлеушiлердiң саны жүз мыңнан кем болмауы тиiс. Әсiресе оны үйренушi балалардың қатары 30 пайыздан аспаса, кез келген тiлдiң болашағына қатер төнген болып есептеледi.

TURKYSTAN.KZ. "Ән ұрлаушылар оңай ақша табуды ғана ойлай ма?" - «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» сынды еңбектер жазып, қазақтың музыкасын әлемге әйгілеген орыстың атақты этнографы, музыкатанушысы Александр Затаевич «Маған күллі қазақ даласы ән салып тұрғандай сезіледі» деп халқымыздық ұлық өнеріне жоғары бағасын берген еді. Ғалым қазақтың сахнасында, жиын-тойларында «ән» деп әспеттеліп жүрген бүгінгі шығармаларға құлақ түрсе, мұндай пікір білдірмес пе еді, кім білсін? Өйткені қазір өзге тұрмақ, өзімізге күллі қазақ даласы шетелдің әнін салып тұрғандай сезіледі…

NUR.KZ. "2 млн теңгелік «гулянка» мен 600 қонақ: Шымкентте той қалай өтеді?" - Шымкенттік тойға елдің өзге өңірлеріндегі тұрғындары қызығып та, қызғанып та қарайтыны белгілі. Тіпті аста-төк жайылған дастарханды кейбіреулер ысырапшылдық десе, кейбірі дастарханын мақтап отырады. Осы ретте NUR.KZтілшісі көпшілік таңырқай қарайтын шымкенттік тойларды аралап, оның ұйымдастырушыларымен тілдесіп қайтты.

BAQ.KZ. "Досжан Қартықов: Сәл нәрсе жетпейдi бiзге" - Досжан Қартықов былтыр АҚШ-та өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленiп, Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиа­дасының жолдамасын қанжығасына бөктерiп қайтты. Ендi тек үздiксiз әзiрлiк қана қажет. Талай балуанның алдына көлденең тартқан “Қазақ баласы неге күрес түрлерiнен әлем чемпионатында, жазғы Олимпиада ойындарында туымызды желбiретiп, чемпион атанбайды?" деген сауалды Қартықовқа да қойдық. “Қазақ балуандары да ешкiмнен кем емес: күш те жетедi, әбжiлдiгi де бар, құлшынысы да керемет. Тек сәл нәрсе жетпейдi" дейдi Досжан.












15 наурыз 2016, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.