Атырау, 6 мамыр 06:59
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"КСРО-ны көксеген опасыздар...","Бексұлтан Нұржекеұлы: ойдан тарих жасау — қылмыс", "Қытайдың алып нарығы немесе «аспан асты елінің» қазаққа әкелер пайдасы", "Скинхед - ұлтшыл ма, ұртоқпақ па?"

2 550 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Дағдарыс универсиада бюджетін қысқартты" - 2017 жылғы Алматы универсиадасының бюджеті екі есеге жуық азайды. Шығынды қысқарту үшін кейбір жарыс түрлерін алмастыруға тура келген.

Бақытты кезде өмір сүріп жатқан» министр" - Ректор кезінде жұртты таңырқатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі болған соң да көзден кеткен жоқ. Сарапшылар оның қызметін түрліше бағалайды.

ABAI.KZ. "КСРО-ны көксеген опасыздар..." - Бұл тізімде «Қазақстан Ресейге қосылуы тиіс», «қазақ орысқа қосылса ғана адам болады» немесе «Мен 1991 жылдан бері Олимпиада көрмеймін. Себебі, КСРО құлады. Қазақстан Ресейге қосылғанда ғана көретін боламын» дейтін Ермек Тәйшібеков жоқ. Бірақ, ол сияқтылар аз емес. Арамызда жүр. Және аты-жөніне қарасақ бәрі де қазақ…

KORRESPONDENT.KZ. "Жыныс мүшесін ауыстырудың үкімі қандай?" - Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Шариғи тұрғыдан жыныстық мүшені ауыстыруға тыйым салынады. Оған төмендегі мына аят-хадистер айғақ болады.

DALANEWS.KZ. "Анкарадағы жарылысқа Путин кінәлі ме?" - Украинаның «Шолушы» («Обозреватель») деп аталатын интернет- басылымы Анкарадағы жарылысқа қатысты өз болжамын жасаған екен. Мақала авторы Семен Кабакаевтың сөзіне қарағанда әлемнің кез-келген нүктесіндегі жарылыс белгілі бір мүддеден туындайды және мұның артында ақысы төленген тапсырыс жатады.

"Сайлауға түспейсің деп айтқан жоқпын!" - «Бұдан бұрын «Қала мен Дала» газетінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының тұрғыны, кәсіпкер Ержан Дәулетовтің арызын басқанбыз. Өзін-өзі депутаттыққа ұсынған Дәулетовтің айтуынша, Түлкібас ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев: «Сайлауға түспей-ақ қой. Бәрін шешіп қойғанбыз. «Нұр Отанның» атынан түсетін дайын кандидатымыз бар», – деп білдірген. Кәсіпкер бұған көнбегесін әкім Дәулетовке және оның отбасына қысым жасаған.

AIKYN.KZ. "Уақытты ұтымды пайдалану табысқа жеткізе ме?" - Уақытты басқарудың өзі - өнер. Уақыт – адамның ең баға жетпес қоры. Біздің өміріміз уақыт координаттарында сырғып өте береді, ал біздің қол жеткізгеніміздің барлығы – осы ресурсқа деген қатынасымыздан туындаған дүние.

ULT.KZ. "Бексұлтан Нұржекеұлы: ойдан тарих жасау — қылмыс" - «Біздің тарихшыларымыз архивпен жұмыс істемейді екен ғой, – деп бастады әңгімесін Бексұлтан аға. – 1916 жылғы көтеріліс дегенде Ұзақ пен Жәмеңкені, мына жақтан Бекболатты айтамыз. Ал ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшылары толып жатыр екен. Біздің тарихшылар тарихқа тек жалақы алатын жер деп қана қарай ма деген тоқтамға келдім».

"Өлімнен кейін ғана өзгеріс болмақ" - Орта мектептің бастауышында оқитын Айдана интернет иірімдерін ақтарып отырған. Қызық ештеңе таппады ма, әлде монитор алдында мүлги бастағасын жалығып кетті ме – компьютерді енді өшірейін жеп жатқанда жарқ етіп шыға келген жап-жас екі қазақ баласының суретін көріп, аз-кем аялдап қалды.

"Қытайдың алып нарығы немесе «аспан асты елінің» қазаққа әкелер пайдасы" - Аспан асты елі Қазақстан өндіретін кез келген өнімді сатып алуға құлшыныс танытуда. Бұл бұрын-соңды болмаған мүмкіндік. Себебі – алып тұтыну нарығына біз бидайды тек қаппен ғана апаратын едік. Бұдан былай бидаймен қоса ет, сүт, күнбағыс майы, бал, кондитер өнімін де экспорттаймыз. Бұл жәй сөз емес. Екі ел отандық ауыл шаруашылығы өнімін қытай нарығына шығару туралы ұзақ мерзімдік келісімге қол қойып, мөр басты. Демек, ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылып келеді

QAMSHY.KZ. "Алмазбек Атамбаев, Қырғыз Республикасының президенті: келер жылы көктемде қызметтен кетемін" - Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев келер жылы қызметтен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Ойнет сайтына сілтеме жасап

QAZAQUNI.KZ. "Қазақтар өздерінің парасаттылығымен ерекшеленеді – Патшалық Ресей тыңшысы" - ХІХ ғасырдың басында патша өкіметінің тапсырмасымен қазақ даласының құнарлығын, халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған экспедицияны басқарған Феодор Андреевич Щербина өзінің «Киргизская народность в местах крестьянских поселений» атты жазбасында қазақтардың 13 түрлі кемістігі мен 12 түрлі жақсы сипаттарын атап көрсетіпті.

ARHAR.KZ. "Скинхед - ұлтшыл ма, ұртоқпақ па?" - Скинхед - бұл сөзді бүгінде білмейтін адам болмас, әсіресе, жастарға жақсы таныс.












14 наурыз 2016, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.