Атырау, 6 мамыр 10:38
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«Ақшаға бола жүргендер де, ақымақтар да бар»", "ҚР мемқызметінің реформасы: қонаққа шақыру сыбайлас жемқорлық болып санала ма?", "Мұнай қымбаттаса Қазақстанда доллар мен үйдің бағасы қандай болады?"

2 281 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Ақшаға бола жүргендер де, ақымақтар да бар»" - Франция қоғамында Ресей президенті Владимир Путиннің саясатын кімдер, не үшін қолдап жүргенін зерттеген сарапшы Сесиль Вессьемен сұхбат.

"Айыпты мойындамаған Серік Ахметов енді «өкінеді»" - Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, коррупциялық қылмысқа қатысты айыпталып, 10 жылға сотталған Серік Ахметовтің ісінде бетбұрыс байқала бастады. Бұрын айыбын мойындамаған ол енді «өкінетінін» мәлімдейді. Апелляциялық сот шешімі қарсаңында мемлекетке келтірілген «2 миллиард теңге залал» да өтелген.

"Айбек Нұрсейіт: «Ғабиттің маған қолы батпай тұрғанын бірден байқадым»" - Ережесіз жекпе-жектен Қытайда өткен халықаралық жарыс финалында тегі қазақ екі спортшының сайысқаны көп талқыланды. Ол спортшылардың бірі Азаттыққа берген сұхбатында қарсыласымен неліктен күш сынаспағанын түсіндірді.

TENGRINEWS.KZ. "ҚР мемқызметінің реформасы: қонаққа шақыру сыбайлас жемқорлық болып санала ма?" - Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің реформациялануы жөніндегі жобаның негізгі сарапшысы Максимилиан Федингер әлемдегі үздік тәжірибені қолдануда ҚР ерекшеліктерін есепке алу керек деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ABAI.KZ. "Ашынған жұрт әкімдіктің алдына шатыр тігіп, наразылық танытты" - Алматы облысының тұрғындары жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселесін төтесінен қойды. Үйлеріне барар жол, жарық пен судың жоқтығына ашынған саяжайшылар аудандық әкімдік алдына шатыр құрып отырды.

QAMSHY.KZ. "Ұлттық қор 102 миллион долларға ортайған" - Қазақстанның Ұлттық қоры 102 миллион долларға ортайды, - деп хабарлайды «Қамшы»порталы ҚР Ұлттық банкінің сайтына сілтеме жасап.

SERKE.ORG. "Мұнай қымбаттаса Қазақстанда доллар мен үйдің бағасы қандай болады?" - Әлемдік экономиканың құлдырап, қаржы дағдарысының тууына себепші болған мұнай саласындағы соңғы жаңалықтар дүйім жұртты дүр сілкіндіргені анық. Нақтырақ айтқанда, мұнай бағасы жуық арада 20-30 пайызға дейін көтеріліп, кризис атаулы артта қалады деген болжамдар мұнай экспорттаушы елдер үшін жағымды жаңалық болғаны белгілі. Қазірдің өзінде әлемдік БАҚ пен экономика саласының мамандары өз болжамдарын жарыса жазып, ой таластырып жатыр.

"Қазақтарға той өткізудің жаңа форматы ұсынылды" - Белгілі журналист, қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақ Ұлттық Әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясы атынан той өткізудің жаңа форматын ұсынды. Оның ойынша, бұл ұсыныс тойға кететін қыруар қаржы мен уақытты үнемдейді. Даңғазалық пен тойда орын алып жүрген жиркенішті қылықты тыяды.

HALYKNEWS.KZ. "Орыс фашистері құпия құрылтайда құрықталды" - Ресейдің Новосібір қаласында құпия құрылтай өткізбек болған 120 ұлтшыл ұсталды. Олардың басым бөлігі Кемеров облысы, Алтай және Сібірдің түкпірінен келіпті. Бқл туралы Лайфньюс басылымы хабарлайды.

DALANEWS.KZ. "Сайлауды шымкентше ұйымдастыру… немесе «кандидаттықтан бас тарт»" - «Қала мен Дала» газетіне хабарласқан Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны, кәсіпкер Ержан Дәулетовтің арызына бей-жай қарай алмадық. Өзін-өзі депутаттыққа ұсынған Дәулетовтің айтуынша, Түлкібас ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев: «Нұр Отанның» атынан түсетін дайын кандидатымыз бар», – деп тізімнен алып тастапты.

SN.KZ. "Арман Шораев дәл мұндай сайлау өткізудің түкке қажеті жоқ екенін айтты" - КТК телеарнасының бұрынғы басшысы, қоғам белсендісі Арман Шораев елімізде өткелі жатқан Мәжіліс және мәслихат сайлауларын мүлдем өткізбей, тоқтатып тастауды ұсынды. Оның пікірінше, "Нұр Отан" партиясының осынау саяси науқанда жеңіп шығатыны айдан анық. Сондықтан, "нұротандық" үміткерлерді сайламай-ақ, тағайындай салу әлдеқайда тиімді дейді ол.

ZHASALASH.KZ. "“Суда жүзген балықтай болу" үшiн ағылшын тiлiн алға оздыру, ана тiлiңдi шектеу керек пе?" - Соңғы 25 жылда 18 министр ауысып, сансыз сынақ алаңына айналған елiмiздiң бiлiм жүйесi кезектi бiр реформаға бет бұрды: орта мектептер ендi үш тiлде бiлiм беруге көшпек. Бiлiм және ғылым министрлiгi осы бойынша 2015-20 жылдар­ға арналған жол картасын жасап, оны Мәдениет және спорт, Инвестициялар және даму министрлiктерiмен келiсе отырып бекiтiп те қойды. Тiптi осы шешiмнiң негiзiнде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Бiлiм академиясының жанынан Үш тiлде бiлiм беру орталығы да құрылып үлгердi.

"Қолбала парламент оған кiмнiң барғанынан халыққа келiп-кетер бiрдеңе бар ма?" - Мәжiлiс сайлауына қатысу құқын иеленген 6 партияның өкiлдерi қазiр ел аралап, үгiт-насихат жүргiзiп жатыр. Бәрiнiң айтатыны – “Бiз Қазақстанды көркейтуге күш саламыз. Халықтың жағдайын көтеруге бiлек сыбана кiрiсемiз" дегенге саяды. Көзге таныс бағдарламалар, құлақсiңдi баяндамалар, күлкi шақыратын кездесулер.

JASQAZAQ.KZ. "Киік неден қырылды?" - Киікке кесапат улы шөптен келуі мүмкін. Кеше Сенаттың дәлізінде «Жас қазақ» газетінің тілшісіне сұхбат берген Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мейірбек Молдабеков өзінің осындай болжамын айтты.












11 наурыз 2016, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.