Атырау, 6 мамыр 05:21
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Оппозициялық «Азат» партиясын іздеу", "Министр не дейді? академик не дейді?", "Ресейлік телеарналардың өтірігі тікелей эфирде әшкере болды", "Путин мен Сауд Арабиясының мұнай келісімдері Ақ үйдің қытығына тиіп жатыр"

1 821 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ауған «экономикалық мигранттарының» ақталмаған үміті" - Батысқа жақсы өмірді армандап барған ауғандықтардың көпшілігі Еуропада іздегеніне қол жеткізе алмай, тауы шағылып еліне қайтуға мәжбүр болды.

"Оппозициялық «Азат» партиясын іздеу" - Кезектен тыс парламент сайлауына Қазақстанда тіркелген жеті партияның алтауы ғана қатысады. Оппозициялық «Азат» партиясы сайлауға қатысуға құлық танытпады. Бір қызығы, билік «Азаттың» партияны жою жайлы өтінішін әлі орындамай келеді.

ABAI.KZ. "Министр не дейді? академик не дейді?" - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әлеуметтік желіде бірінші рет ресми мәлімдеме жасап: «Қызметке келудегі мақсатым – ана тілімді шеттету емес» дегенді айтты. Алайда министр ғылымдағы жаңалықтарды қазақ тіліне уақытында аударып отыру мүмкін емес, сондықтан мектеп жасынан бастап балалар ағылшын, орыс тілін игеруі керек. Жаратылыстану ғылымына жетелейтін пән оқулықтары ағылшын тілінде оқытылуы керек. Әйткенмен де, бұл талап қазақ тілін шектеуге тиіс емес. Қазақ тілін мектептерде жылдам үйрету әдісін шетелдіктердің тәжірибесіне қарап отырып игеруіміз қажет деді.

"Қазақстанды олар орыстілді ел деп біле ме?" - Қазақстандағы шет мемлекеттер елшіліктерінің көпшілігінің ресми веб-сайттары орыс тілінде екен. Мәселен,Англия, Ресей, Қытай, Германия, Қырғызстан, Түркия, Бельгия қатарлы елдердің Қазақстандағы елшіліктерінің веб-сайттары орыс тілінде сөйлеп тұр. Демек, аталған елшіліктерге Қазақстанда өз елдерінің мүддесін қорғап, екі елдің ынтымағы мен түрлі саладағы байланыстарын арттыру үшін қазақ тілі – мемлекеттік тілдің түкке де керегі жоқ болғаны.

HALYKNEWS.KZ. "Үлескерлердің үмітін жалғайтын сөз" - Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов, үлескерлер қатысқан ең соңғы проблемалы нысан 2017 жылы салынып бітетіні айтты. Ол бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң жобасы бойынша депутаттар сауалына жауап берген еді.

"Жуас түйе жүндеуге жақсы" - Айтып-айтпай не керек, ел құлағын шулатқан жер туралы ақпараттың тарағанына көп уақыт болған жоқ. Енді Байқоңырдан ұшырылатын зымырандардың бөлшектері құлайтын орын керек болып жатыр. Көршіміз осы үшін Қазақстан аумағынан жер бөлуді сұрап отыр. Бұл туралы әңгімені олар өткен жылдың аяғында қозғаған.

SN.KZ. "Ресейлік телеарналардың өтірігі тікелей эфирде әшкере болды" - Ресейдің Бірінші арнасы мен НТВ телеарнасының өтірігі тікелей эфирде әшкере болды. Аталған телеарналарда бір уақытта көрсетілген бағдарламалардың сарапшылар құрамы бірдей болған.

NUR.KZ. "Назарбаев: Менің дінім сенікінен жақсы десе, терроризм мен адам өлтіру басталады" - Ақтөбе облысында өткен «Жастық! Жігер! Еңбек!» республикалық жастар форумына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев жастарды жігерлі еңбекпен жеңістерге жетуге шақырды.

TURKYSTAN.KZ. "Күйреген империяның соңғы көсемі Горбачев — 85 жаста" - Ол – 293 миллион адам мен он бес одақтас республиканың басын қосқан алып мемлекеттің президенті болды. Бүгінде тарих қойнауына кеткен, қарсыластары «зұлымдық империясы» деп атаған құрылымның көзі тірі көсемі. Басшы болғанда, сол алып империяның ыдырауына тікелей ықпал еткен тарихи тұлға, ең алғашқы әрі ең соңғы президенті. Иә, тарихта Горбачевтың аты КСРО-ның ыдырауына ықпал еткен саясаткер ретінде қалды.

Instagram» – депрессияға, «Вконтакте» – жанжалға соқтырады деп бағалайды зерттеушілер. Неге?" - Ақпарат тарату жөнінен ғаламтор әлдеқашан алдыңғы қатарға шыққан. Тіпті, қазір жұртшылық жаңалықтармен арнайы ақпараттық порталдарға кірмей-ақ, әлеуметтік желілер арқылы танысуды әдетке айналдырды. Күн өткен сайын әлеуметтік желілердің қолданылу аясы кеңейіп, қоғамдағы маңызы артып келеді. Мұны ешкім де жоққа шығара алмайды. Соңғы уақытта ақпарат құралдары да әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларды дереккөз ретінде пайдалануды әдетке айналдырды. Мұның сыры неде? Ақпараттық кеңістігіміздің де әлеуметтік желілерге тәуелді болғаны ма?

BNEWS.KZ. "Баға 40 доллар болған кезде, елімізде мұнай өндіру көлемі ұлғаюы мүмкін" - Егер «қара алтынның» орташа құны барреліне 40 долларға дейін өссе, Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 77 млн тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Парламент Сенатының кулуарында энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

SERKE.ORG. "Путин мен Сауд Арабиясының мұнай келісімдері Ақ үйдің қытығына тиіп жатыр" - Әлемге танымал Wall Street Journal және The Journal басылымдары Сириядағы бейбіт келісімдер және Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы мұнай өндіруді тұсаулау туралы келісімдері бойынша өте қатаң пікірлер жариялады. Саудиттердің кеңестер одағы сияқты ыдырайтыны туралы болжам айтса, Путинге жаңа санкциялардың болу мүмкіндігін меңзеген.

"Савченко соты: қылмыстық істен саяси мәлімдеулерге дейін" - Украина президенті Петр Порошенко Надежда Савченконы үйіне қайтару үшін саяси алмасуға дайын екенін білдірді. УНИАН агенттігі хабарлағандай, ол бұл жөнінде Анкарада Түркия президенті Реджеп Эрдоғанмен бірге өткізген баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеген, деп жазады centralasian.org.









10 наурыз 2016, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.