Атырау, 6 мамыр 15:02
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Белсенділер сайлаудан шеттетілгендеріне наразы", "Қара қазақтың қамын жеген Әлихан – Ұлт көсемі!", "Қытай елшiсi неге кiжiндi немесе “Нұрлы жол" кiмнiң жобасы едi?", "«Cамұрықтың» сыйқыры немесе өтіріктің құны қанша?", "Тұманды Альбиондағы күмәнді сарай

1 780 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Белсенділер сайлаудан шеттетілгендеріне наразы" - Өздерін мәслихат сайлауына депутат ретінде ұсынған астаналық Фатима Жандосова мен алматылық Әсия Төлесова сот арқылы қайта тіркелуге тырысып жүр. Оларды салық декларациясындағы айырмашылыққа бола сайлауға қатыстырмай тастады.

"Қазақстан: Дағдарыс тереңдеген жылдың алғашқы 40 күні" - 2015 жылы Қазақстан экономикасы жағдайы мәз емесі екені білінді. Бұл ел мұнай бағасына тәуелді. Мұнай арзандап, үкімет бір жылда бюджетті үш рет өзгертті. Теңге де күрт құнсызданды.

BNEWS.KZ. "Қара қазақтың қамын жеген Әлихан – Ұлт көсемі!" - Жиырмасыншы ғасырдың басында Әлихан Бөкейханов үлкен саясатқа араласқан кезде, қазақ халқы қиын жағдайды бастан кешіп жатқан-ды. Қазақтың бүкіл сарыарқасы Омбы генерал губернаторлығының еншісіне бөлініп берілген болатын. Бүкіл батысымыз Орынбор мен Астрахан генерал – губернаторлығының қол астында еді. Ал оңтүстік аймақ, Жетісу мен Сырдария өлкесі Ташкент генерал-губернаторлығына тиесілі – тін. Яғни, түптеп келген кезде, қазаққа ұлтарақтай жер қалмаған заман еді. Егер, осылай кете бергенде, біз бүгінгі шешендер, татарлар, башқұрттар сияқты егемендік алғанымызбен, Ресей федерациясы ішіндегі ұлт болып қалатын едік.

ZHASALASH.KZ. "Қытай елшiсi неге кiжiндi немесе “Нұрлы жол" кiмнiң жобасы едi?" - Қазақстандағы Қытай халық республикасының төтенше және өкiлеттi елшiсi Чжан Ханьхуэй мырза ақпан айының соңында қазақ билiгiне әртүрлi жолмен кiндiгi бай­лау­лы газет-журнал, телеарна мен ақпарат агенттiгi тiлшiлерiн Астанада жинап алып, бес сағатқа созылған әңгiме-дүкен құрыпты. “Достық кездесу" деген атау тағылған бұл отырыстан кейбiр басылымдар ғана қысқаша ақпарат берумен шектелдi. Оның мазмұнын бiр сөзге сығымдасақ, “Қытай Қазақстанға ешқашан күшпен де, сөзбен де, оймен де қауiп төндiр­мейдi".

"Қалалық сот та “Жас алашты" жығып бердi" - Оқырман құлағдар болуы тиiс, “Жас Алашты" сотқа сүйрелеу өткен жылы басталған. Жасан Зекейұлының “ар-намысыма нұқсан келтiрдi" деген желеуiмен 2015 жылдың 13 қарашасында Алматының Алмалы аудандық соты жауапкер тарапты 40 миллион теңге айыппұл төлеуге мiндеттеген.

HALYKNEWS.KZ. "«Cамұрықтың» сыйқыры немесе өтіріктің құны қанша?" - Бұрынғы депутаттар 2015 жылдың соңында үкімет басшысы К.Мәсімовтың атына мынандай тосын сауал жолдады: «Біздің қолымыздағы мәліметтер бойынша, 2015 жылдың қарашасына дейін жылу-электр стансасының құрылысына 25,2 млрд теңге жұмсалған. Оның басым бөлігі жобалау-сметалық, дайындық жұмыстарына бөлінген. Бұл қаражаттың 16,5 млрд теңгесі, яғни, 65 пайызы мемлекеттік бюджеттен алыныпты. Алайда, құрылыс жұмыстары әлі басталмаған.

"«Қазақтың досы – қазақ!»" - Ережесіз жекпе-жек бойынша жақында Қытайда әлемдік сайыс өткен еді. Төрткүл дүние көз салған додада алаңға шыққан екі палуанның бір-біріне жұдырық жұмсамағаны жұртты таң қалдырды. Ең қызығы сол, жекпе-жекке шыққан жігіттер тек алысумен ғана болды.

DALANEWS.KZ. "Ленин өлген жоқ…" - Бұл идеологияның жұмсартып айтқанда қазаққа қандай кесірі тигенін қазбалап кетсек, ақылды ашуға жеңдіріп алуымыз мүмкін. Оның орнына бүгінгі өмірден көрініс беретін коммунизмнің кеселдерін көрсетіп кетелік.

"Азаматтығы жоқ оралмандар Астанаға алаңдайды" - Маңғыстаудың жергілікті билігі 150 оралманның әлі азаматтық алмағанын растады.

ABAI.KZ. "Тұманды Альбиондағы күмәнді сарай тұрғындары. Олар кімдер?" - Ұлыбритания астанасында қазақстандық миллиардерлердің зәулім-зәулім сарайларын аралап, жұртқа таныстыратын арнайы турлар ұйымдастырылуда. Лондондық қоғам белсенділерінің бұл бастамасы сарай иелерін әлеумет алдында әшкерелеу әм аталған қаланы қылмыстық жолмен Қазақстаннан жеткізілген қашқындардан тазалау болған.

"2021 жыл... Күн шығыстан қандай қауіп бар?" - Менімен бірге істейтін бір дос жігіт: «Сен білесің бе, 2021 жылы Қытай армиясы Орта Азия мен Қазақстанға қарсы соғыс бастап түгелге жуығын басып алады екен ғой» деп айтты. Оны естіген менің төбеме жай түскендей болды. «Ойбай, оны қайдан естідің?» деп сұрап едім ол маған: «Сен Павлодар обласында 100 жыл бұрын өмір сүрген әулие Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің жазғандарын оқыған жоқсың ба?! Ол жүз жыл бұрын революция болатынын, колективизацияны, аштықты, соғыс пен 70 жылдан кейін Совет үкіметінің құлайтынын ешқателеспей дұрыс болжаған. Енді оның «2021 жылы Қытай соғыс бастап, бүкіл Орта Азияны басып алады»деген болжамы бар» деді.

SERKE.ORG. "Ұлттық сезімнің жетегінде кеткен спортшы текті ме?" - Қазақты басқа ұлттармен салыстырғанда әлдеқайда текті, бауырмашыл, жүрегі үлкен, батыр, рухы биік және т.б.с.с. сипаттаумен ұлықтаушыларға тағы бір «дәлел» табылды.

"«Ашынған қазақ» жобасы авторының соты басталды" - Француз түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы, Ресейдегі «Русские» ұйымының жетекшісі Александр Поткинге қатысты Мәскеуде сот процесі басталды. Сотта Ресейдің тергеу комитеті оған Мұхтар Әбілязовтың БТА банктен ұрлаған 5 млрд доллар ақшасын жасыруға көмектесті, сол ақшаға экстремистік ұйым құрды деген айып тақты.

AIKYN.KZ. "Бәрекелді, Бәйменов мырза!" - Өзінің қазір мемлекеттік қызметкер емес екенін алға тартқан Бәйменов дүние - мүлкі туралы айтудан бас тартты.
















9 наурыз 2016, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.