Атырау, 6 мамыр 13:07
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"АҚШ пен Ресей бірікті, ал Түркия ше?", "Адвокат портфелінің дауы сотқа ұласты", "Рыжий Aлмаздың әкесімен сұхбат", "Кенесары ханның үзеңгілесі Есет батырдың суреті табылды", "Қытайдың қуаты кеміді ме?"

2 163 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Адвокат портфелінің дауы сотқа ұласты" - Бұл оқиға 2015 жылдың қарашасында болған, бірақ қазірге дейін созылған. Қаңтар айында Астананың Алматы аудандық соты Бауыржан Азановтың Астана мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (МКҚБ) қызметкерінің үстінен түсірген арызын қанағаттандырудан бас тартқан. Адвокат берген апелляциялық шағымның қашан қаралатыны белгісіз.

"Полиция ұстаған жігіт екі операциядан кейін қайтыс болған" - Полиция ұстап әкеткеннен кейін қайтыс болған алматылық тұрғын Ринат Малыбековтің қазасына қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Туыстары «ол соққыға жығылған кезде алған жарақатынан қайтыс болды» деп мәлімдейді.

QAMSHY.KZ. "Алматыда түн ішінде оқ атқан полицей кім болды?" - Ақпан айының соңғы күнінде Алматы облысы Қарасай ауданының аумағында облыстық ІІД жол-патрульдік полиция қызметкері мен жергілікті кәсіпкер арасында туындаған кикілжің полицейдің қару қолдануымен аяқталған. Ең қызығы полицей қызметтік киім үлгісінде мас күйінде заң бұзушылыққа барған. Аталған оқиға туралы ratel.kz сайты видеожазба жариялады.

ABAI.KZ. "Рыжий Aлмаздың әкесімен сұхбат" - «Мен де ұлтшылмын. Қазақтардың жақсы киінгені, жақсы өмір сүргені, жақсы машиналарды мінгені, жақсы үйде жасағаны маған ұнайды. Мен бұған рахаттанамын. ...Мен өзіме де, басқаларға да Қазақстанда жақсы өмір сүру мүмкін ғана емес, міндетті екенін дәлелдегім келеді».

"Ресей үш жылдық дағдарысқа дайындалуда" - Ресейдің 2019 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты ресми болжамда бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен жинақтаушы зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтауы мүмкін деп қарастырылған.

SERKE.ORG. "Украина Лениндерді Леннонға ауыстыруда" - Закарпат облысы мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Геннадий Москаль "Украинада коммунистік және ұлттық-социалистік (нацистік) тоталитарлық жүйені айыптап және оның белгілеріне толық тыйым салу" жөніндегі заңға сәйкес бірнеше көшелердің атын өзгерту жөніндегі бұйырыққа қол қойды.

ULT.KZ. "АҚШ пен Ресей бірікті, ал Түркия ше?" - Өткен аптада Ресей мен АҚШ Сириядағы қақтығысты 27 ақпаннан бастап тоқтату туралы бітімге келді. Бірақ екі ел бірлесіп жасаған бұл бітімнің күші экстремистік «Ислам мемлекеті» мен «Әл-Каидамен» байланысты «Нусра майданы» ұйымдарына және БҰҰ террористік ұйым деп таныған басқа да топтарға жүрмейді. БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун келісімді «көптен күткен үміт» деп атап, соғысушы барлық тараптарды бітімге қосылуға шақырса, Ресей президенті Владимир Путин: «Бұл келісім — Сириядағы қантөгісті тоқтатуға жасалған нақты қадам және ол терроризммен күрес үлгісі бола алады», — деген мәлімдеме жасады.

"Ресей қазақты ешуақытта жарылқаған емес" - Мұндай ащылау әрі күйінішті­леу тақырыпты мен оқырманды жалт қарату үшін, не болмаса мақаламды өткізбекке бола қойып отырған жоқпын. Архивте көп отырамын, архивпен көп жұмыс істей­мін, енді сондағы көзбен көріп, қолмен ұстағандарымды оқырман қауымға ұсынайын деп шештім.

DALANEWS.KZ. "Инулин диабеттен сақтайды" - Соңғы жылдары тамақ өнеркәсібі ғылыми-техникалық саламен қатарласып дамып келеді. Бүгінгі қым-қуыт заманда көпшілігіміз жол-жөнекей, асығыс тамақтанып, жұмысқа жүгіретініміз белгілі. Асханаларда дайындалған тамақтың сапасына мән беріп жатпаймыз. Ал дамыған елде адам организміне қажетті дәуірмендерді беретін профилактикалық азық-түлік өнімдерінің пайда болғанын біреуіміз білсек, енді біріміз білмеуіміз мүмкін. Адам денсаулығына пайдалы, құнарлы азық-түлік өнімдерін дайындауда қазақ ғалымдары да қарап қалып жатқан жоқ.

HALYKNEWS.KZ. "Кенесары ханның үзеңгілесі Есет батырдың суреті табылды" - Есет батырдың әскері жеңілмейтін әскер деп есептелген. 1847 жылы Кенесары хан қаза тапқаннан кейін ол Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты.

AIKYN.KZ. "Қытайдың қуаты кеміді ме?" - Ширек ғасырға созылған үздіксіз дамудан кейін, Қытай экономикасының қарқыны баяулады. Неге? Экономикалық әлеуеті әлемде екінші орынға (Бірінші орында АҚШ) көтерілген елге көз тиді ме, әлде..

"500 мың адам жұмыссыз қалған" - Дағдарыстың ауырлығын қатты сезінген көршіміздің бірі Ресей Федерациясы. Бұл елде былтыр 500 мыңға жуық адам жұмыссыз қалған.

BAQ.KZ. "Жемқорлыққа ІІМ органдарының бірінші басшылары дербес жауап береді" - Астана. 4 наурыз. Baq.kz – Бүгін Ішкі істер министрлігінде министрдің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізілді, онда ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселесі қаралды деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз баянына сілтеме жасап.






4 наурыз 2016, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.