Атырау, 6 мамыр 02:01
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Мұхтар Әблязов: Қытай тiлi не үшiн қажет болды?", "Өзбекстандық мигрант: Баланы өлтір деп «Аллах бұйырды", "Ұлттық банкті басқарғандар өз қателіктерін мойындады", "БҰҰ: Жәкiшевтiң құқығы бұзылған", "Трамп жеңе ме, Клинтон ба?"

2 430 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Өзбекстандық мигрант: Баланы өлтір деп «Аллах бұйырды" - Қарауындағы төрт жасар баланы өлтіріп, оның басын Мәскеу көшесінде ұстап жүрген бала күтуші өзбек әйел бұл қылмысты жасауға «Аллах бұйрық берді» деп мәлімдеді.

"Дәрігерлер өз білімін ақы төлеп бағалатады"

SN.KZ. "Жаңа жылға 1 ай бұрын дайындалатын билік Наурызға дайындығын әлі бастаған жоқ" - Жаңа жылға дайындықты Президент күнінен, яғни 1 желтоқсаннан бастайтын ел билігі бүкіл түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесіне дайындалуға әлі кіріскен жоқ. Айтулы мейрамға небәрі 20 күн қалса да Астана көшелерінде мерекелік көңіл-күй былай тұрсын, тіпті Наурыздың бірде-бір нышаны байқалмайды.

QAMSHY.KZ. "Расул Сәдуұлы, қытайдағы қазақ кәсіпкері: бизнесте шекара болмайды" - Нарық біреулер үшін аяушылық пен адамдықтан ада, біреуді біреу қанап жеп жатқан жабайы әлем болса, істің көзін тапқан енді біреулер үшін зор табыс пен таңдау еркін беретін, баршаға барынша мүмкіндіктер ұсынатын ауқымды жүйе саналады. Алғашқы ұстаным көбіне саусағының ұшын қимылдатуға мойны жар бермейтін жатып ішерлерге тән болса, кейінгі анықтаманы шаруаның көзін тапқан іскер жандарға телуге болатын шығар.

"Ұлттық банкті басқарғандар өз қателіктерін мойындады" - Алматыда «CFO Idea Exchange & Networking Event» саммиті өтті. Жиын барысында ҚР Ұлттық банкін әр кездері басқарған экс-төрағалар өздерінің басқарған жылдарындағы жіберген қателіктері туралы айтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы

KORRESPONDENT.KZ. "Трамп жеңе ме, Клинтон ба?" - “Суперсейсенбідегі" партиялар арасындағы іріктеуден Трамп алты штат бойынша, Клинтон — жеті штат бойынша жеңіске жетті.

ARHAR.KZ. "Пластикалық отаның көмегіне жүгінген дұрыс па, әлде?.." - «Өз-өзіңе көңілің толу үшін пластикалық отаның көмегіне жүгінген дұрыс па, әлде Алла берген мүсінді місе тұту керек пе?» деген тақырыпта ел пікірі екіге жарылады. Туабітті кемшілікті жойып, адамның бақытты өмір сүруіне пластикалық ота алғышарт болып жатса, нұр үстіне нұр-ақ. Бірақ «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» дегендей, кейде «қартаю қорқынышы» диагнозымен ауырып, қартаймаудың қамын пластикалық отамен жасайтындар да, отаны еріккеннің ермегіне айналдыратындар да баршылық.

DALANEWS.KZ. "Теріс ақпарат – лабиринт" - Соңғы уақытта интернет желілері діни ақпаратты жедел әрі түрлі форматта таратуға, алмасуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге, интернеттің дамуы білім алу, денсаулық сақтау, техника, қоғамдағы қарым-қатынас, адам баласының өмір сүру үрдісін күрт өзгертіп, чаттар, форумдар, түрлі сайттар адам өмірін тұтас қамтитын болды. Ал, виджет, гаджет, блог, Facebook, Twitter, YouTube сияқты құралдар мен желілер кез келген мәліметті жылдам алуға жол ашты. Бұл жақсы ма, жаман ба?

BAQ.KZ. "Өзің жаңылдың ба, өзгені жаңылдырдың ба, Гүлнәр қарындас!" - Өсекке көп ілінгенімен өзегінде жамандығы жоқ Талғат Мамашев бір жолы маған: «Меңдіқұлованың әкесі қазақтан шыққан көрнекті архитектор Малбағар Меңдіқұлов деген кісі болған. Өзі академик Манаш Қозыбаевтың алдын көрген талапты қыз. Енді міне диаспора тақырыбын көтеріп жүр» деп сені мақтағаны бар. Тіпті қауымдастық тарапынан алынған ғылыми тақырыптарды қорғап еңбек жазғаның үшін мемлекеттік бағдарламаға да бір кітабыңды кіргізгенбіз сол жылдары.

ZHASALASH.KZ. "БҰҰ: Жәкiшевтiң құқығы бұзылған" - Қазақстандағы саяси тұтқын Мұхтар Жәкiшевтiң iсiне БҰҰ-ның адам құқықтары жөнiндегi комитетi үн қосты. Ұйымның адам құқықтары жөнiндегi комитетi өзiнiң 15-сессиясында М.Жәкiшевтiң Қазақстанға қарсы шағымын қарап, оның құқы бiрқатар баптар бойынша бұзылды деп таныды.

"Мұхтар Әблязов: Қытай тiлi не үшiн қажет болды?" - Интернетте вице-премьер Дариға Назар­бае­ваның аяқ астынан қытай тiлiн үйренуге шақырған мәлiмдемесiне қатысты Франция түрмесiнде отырған, қуғындағы қаржыгер, саясаткер Мұхтар Әблязовтiң түсiнiктемесi пайда болды. Бiз Әблязовтiң жазғандарын түгелдей шындық деп айта алмаймыз. Алайда мық шегедей мығым цифрлары мен қисынды пiкiрлерi кiсiнi ерiксiз ойландырады. Сондықтан билiк тарапынан бұл жазбадан туатын сұрақтар­ға түсiнiктеме берiледi деп күтемiз







3 наурыз 2016, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.